136
Аралық шегендеуші құбырлар – ұңғыманы бұрғылаудың шарттары
бойынша сəйкес келмейтін аумақта белгіленген тереңдікке дейін
байланыстыруға арналған.
Пайдалану құбыры – қалған барлық
тау жыныстарын өнімді
қабатпен байланыстыру үшін жəне өнімді қабатты жер бетімен
гидравликалық байланыстыру үшін арналған.
Пайдалану ұңғымасы- деп, мұнай немесе
газды өндіруге арналған
ұңғымаларды атайды.
Айдау ұңғымалары – деп, қабатқа су, газ, бу
айдауға арналған
ұңғымаларды атайды.
Арнайы ұңғымалар - кен орындарды игеру барысын бақылау үшін,
қабаттың құрылымын, коллектор қасиетін дəлірек анықтау үшін арналған
ұңғымаларды атайды.
Ұңғыманы меңгеру - деп, қабаттан сұйықты шақыру мүмкіндігіне
байланысты өнімді қабатты сұйықпен қамтамасыз етудің технологиялық
операцияларының жиынтығын айтамыз.
Химиялық əдіспен əсер ету - ұңғыма түп
аумағында өткізгіштік
нашарлап кеткен жағдайда, қабат жынысын немесе элементтерді еріту
кезінде қолданылады.
Механикалық əдіспен əсер ету - қатты тау жыныстарға тиімді, яғни
ұңғыманың түп аумағына қосымша жарықтар салуға арналған.
Жылулық əдіспен əсер ету - тек қана ұңғыманың түп
аумағында
қатты жəне тұтқыр көмірсутегілер, яғни парафиндер,
шайырлар,
асфальтендер қатып, тұрып қалған жағдайда, сонымен қатар тұтқыр
мұнайдың сүзілуін жақсарту үшін қолданылады.
Газ факторы – деп, 1 м
3
тауарлы мұнайға келетін жəне стандартты
жағдайға келтірілген жалпы газ көлемі аталады.
Тізбек басы-ол құбыр аралық кеңістікті саңылаусыздандыру
мақсатында, ұңғыма сағасын шегендеуші құбырға жалғау үшін,
сонымен
қатар фонтанды арматураны бекіту үшін арналған.
Достарыңызбен бөлісу: