Психикалық дамуды жас кезеңдерге бөлу.
Психологиялық диагностикалық әдістерін жаңарту.
Жас ерекшелік психологиясының тармақтары.
Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы (туғаннан 6 - 7 жас)
Бастауыш сынып оқушылар психологиясы (10 - 11 - 14 - 15 жас)
Балғын жастық психологиясы(15 - 18)
Ересектер психологиясы(21 - 35, 35 - 60)
Қарттар психологиясы (60 - 75, 75 - 90)
Жас ерекшелік психологиясындағы эксперименталды әдістердің мынадай түрлері
бар: егіздер әдісі, сауалнама, іс-әрекет нәтижелерін сараптау, өмірбаяндық әдіс.
Егіздер әдісі - гомозиготтық және геторозиготтық егіздер арасындағы ұқсастықтар
мен айырмашылықтарды зерттеу, бұл адамның психикасы мен тұлғалық дамуының
қалыптасуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның рөлін түсіну үшін маңызды ғылыми
материал береді. Туылған соң бір-бірінен ажыратылған 48
жұп монозиготтық егіздерді
зерттеу нәтижесінде Т.Бушар қызықты мәліметтер алды. Ғалымдар бөлек-бөлек
тәрбиеленген гетерозиготтық егіздердің шағын тобымен, сондай-ақ бірге тәрбиеленген
моно және гетерозиготтық егіздердің үлкен тобымен салыстырды.
Нәтижесінде бөлек
тәрбиеленген монозиготтық егіздердің бойында тұлғалық белгілердің жеке басының
жағдайына қанағатгану сезімі, әлеументтік белсенділік, стресс,
агрессия, ұстамдылық
сияқты ерекшеліктер жағынан көптеген ұқсастықтары бар екендігі анықталды.
Гетерозиготтық егіздердің бойында олардың бірге немесе бөлек тәрбиеленгендеріне
қарамастан, мұндай ұқсастықтар аз болып шықты.
Лонгитюдтік бақылау - зерттеушіні ұзақ уақыт бойы бақылауға мүмкіндік береді.
Лонгитюдтік зерттеу - зерттелушінің дамуын ұзақ уақыт бойы зерттеу. Мысалы,
психология тарихында А.Гезеллдің 165 баланы 12 жыл көлемінде бақылаған ұзақ
лонгитюдтік зерттеуі бар екендігі белгілі. Осындай
құндылықтардың қатарына ата-
аналардың күнделіктерін, әрбір жас кезеңіндегі адамдардың психологиялық
ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін тарихи мемуарларды жатқызуға
болады.
Конституциялық және әлеуметтік факторлардың әсерін зерттеу үшін, егіздер
ыңғайлы модель болып табылады. Бұл мәселе
егіздер әдісі деп аталатын, лонгитюдтік
зерттеуді егіздерге қолдануды талап етті. Көлденең кескін әдісіне қарағанда, лонгитюдтік
әдістің ерекшеліктері көбірек;
- лонгитюдтік зерттеу жекелеген жас кезеңдері бойынша мәліметтерді көлденең
өңдеуге мүмкіндік береді;
-ол екі кезең арасындағы дамудың өзгеріс шамаларын айқынырақ көрсетуге жағдай
жасайды. Лонгитюдтік зерттеулер әрбір баланың дамуының жеке динамикасы мен
құрылымын анықтайды;
Лонгитюдтік зерттеу арқылы ғана дамушы
тұлғаның жеке компоненттері
арасындағы байланыстар мен қатынастарды талдауға, дамудың дағдарыс кезеңдерінің
мәселелерін шешуте болады. Лонгитюдтік зерттеудің басты кемшілігі: оларды
ұйымдастыруға және жасауға көп уақыт қажет.
Сауалнама - респонденттің
өмірбаяндық деректерін, құндылықтар жайлы бағыт-
бағдарларын ұстанымдарын және жеке қасиеттерін анықтау әдісі.
Өмірбаяндық әдіс - жеке тұлғаның өмір жолын зерттеудің, болжамдаудың, түзетудің
және жобалаудың әдісі. Бастапқы кезде өмірбаяндық әдіс адам өмірінің өткен кезеңдерін
суреттеу ретінде қолданылды, кейіннен оған адамның сол кезеңдегі өзекті жағдайларын,
алдағы уақытта болуы мүмкін
оқиғаларды, сондай-ақ субъективтінің қарым-катынастық
ортасын зерттеу қосылды.
Тестілеу — қысқа, стандартталған, әдетте уақыт жағынан шектелінген сынақ. Ол
салыстырылатын өлшемдер бойынша дербес айырмашылықтарды анықтау үшін
қолданылады. Жас кезеңдері психологиясындағы тестілеудің нақты дәуірі шамамен 1895
жылы А.Бине мен оның қызметтестерінің балалар интеллектісін зерттеу және оның
критерилерін айқындау жөніндегі жұмыстарынан бастау алған.
Достарыңызбен бөлісу: