Семинар Жас ерекшелік психологиясының негізгі міндеттері


Жас ерекшелігіне қарай қандай топқа бөледі?



Pdf көрінісі
бет6/31
Дата24.12.2023
өлшемі0.82 Mb.
#487818
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
жасерекшелик сем

Жас ерекшелігіне қарай қандай топқа бөледі? 
Прогрессивті топқа балалар мен жасөспірімдерді жатқызады. Өйткені олар күн 
санап дамып, жетіледі. 
Станционарлы топқа өсу мөлшері шектелген, бірақ ақыл-ойы толысқан орта буын 
жатады. 
Регрессивті топқа қарт адамдар жатады. Диаграммада прогрессивті өсу пирамида 
түрінде, стационарлы қоңырау сиякты белгімен көрсетілсе, регрессивті топты доғалмен 
белгілейді. 
 
Адам өмірі қанша кезеңнен тұрады? 
Адамзат баласының тіршілік өмірін ұлы математик Пифагор (біздің жыл санау 
мезгілімізден IV ғасырда өмір сүрген) 4 кезеңге бөлген. Ол үшін жыл маусымын 
пайдаланған. 20 жасқа дейінгі өмірді көктемге, 20-40 жас аралығын жазға, 40-60 жасты 
күзге, 60-80 жасты қысқа теңеген. 
4 семинар 
1. К.Бюллер, Х.Вернер, А.Геззел, В.Штерннің даму теориялары 
2. Бихевиоризмдегі Б.Скиннер, С.Бижу, Д.Баер және Р.Сирс теориялары
3.З.Фрейд бойынша тұлға құрылымы мен баланың даму фазалары 
 
Х.Вернер ақыл-ой дамуының жалпы бағыттарына сипаттама бере келе, ол осы 
процестің функционалдық және құрылымдық өзгерістерінің келесі көрсеткіштерін бөліп 
көрсетті. Бұл синкретикалықтан дискретикалыққа, диффузиялықтан есеп беруге, 
ригидалықтан икемділікке, тұрақсыздықтан тұрақтылыққа өту. Синкретикалық, мысалы, 
Х.Вернер ақыл-ой өмірінің бастапқы қарапайым жүйесінен көреді және сәби кезеңінде 
эмоционалдық процес аумағында, қабылдау облысында және қиял процесінде
фунционалды дифференцияланбаған субьект-обьект қарым-қатынасында көреді. Х.Вернер 
бойынша даму немесе ортогенез икемділік және тұрақтылықтың, функционалды 
дискреттіктің, есеп берудің ішкі жүйедегі сенімді жүйелер арасында өсумен құралады. 
Х.Вернердің отрогенетикалық концепкия. Онтогенезді талдау көптеген жаңа 
сұрақтар туындатты. Неге дамудың бір сатысында жақсы бейімделген организм келесі 
сатыға өтеді? Қалайша организм өзіндік қасиетерін сақтай отырып, сапалық тұрғыдан 
өзгеріске ұшырайды? Даму бұл үздіксіз үрдіспе пе әлде ауыспалы ма? Х.Вернер 
ортогенетикалық принципті қалыптастырады. Ортогенез – тірі табиғаттың даму 
теориясы (термин мен теория авторы биолог Т.Эймер) бұл теорияға сәйкес тірі 
табиғаттың дамуы қатаң айқындалған бағыт бойынша жүреді. Даму кезінде: 
1)дифференция; 2)спецификация; 3)орталықтандыру; 4)иерархиялық интеграция үрдістері 
жүреді. 
Жас кезеңдері психологиясындағы биогенетикалық концепция. Америкалық 
психолог С.Холл педагогиканы, психологияны физиологияны т.с.с.қамтитын, балалар
туралы кешенді ғылым – педагогиканы қалыптастыру идеясын ұсынды. Сонымен қатар 
С.Холл – балалардың жас кезеңдерін психологиялық сараптауды рекапитуляция 
теориясына сүйене отырып жасау идеясының авторы. Бұл теория бойынша бала өзінің 


жеке-дара дамуында бүкіл адамзат тегі жүріп өткен, даму тарихының негізгі кезеңдерін 
қысқаша қайталайды. Бұл қағида Э.Геккель ұсынған биогенетикалық заң үлгісі бойыгша 
қалыптасқан. Ол заңның негізінде жеке организм даму тарихы бұған дейінгі барлық 
формалар дамуының негізгі сатыларын қысқаша қайталап отыралы деген ой жатыр. 
ХХ ғасырдың басында биогенетикалық заң балалар психологиясындағы негізгі 
концепциялардың бірі болды. Оны В.Штерн, Э.Клаперд және т.б.бірқатар ғалымдар 
түсіндіруші принцип ретінде қолданған болатын. 
Рекапитуляция концепциясының шектеулілігі және тайыздығына карамастан, 
психологияға қандай да бір түбегейлі заңды нақтау қажеттілігі бағытындағы
ізденістермен мағызды болды. С.Холл түрдің тарихи дамуы мен индивидуалды даму 
арасында байланыс бар екенін көрсетуге тырысты. Холл зерттеулерін А.Гезелл мен 
Л.Мермен жалғастырды. 
А.Гезеллдің жетілу теориясы. 165 балаға жүргізілген бақылауларының нәтижелерін 
жалпылай отырып, А.Гезелл бала бастап белгілі бір уақыт аралықтарында балалар бір-
біріне ретімен алмастырып отыратын ерекше мінез-құлық формалары байқалады. 
Бірақ әлеуметтік фактор маңызын ескере отырып, А.Гезелл бала дамуының түрлі 
кесінділерін (3,6,9,12,18,24,36 айдан т.с.с 18 жасқа дейін) тке сандық тұрғыдан 
салыстырды. Бала дамуының жалпы заңдылықтарын қалыптастыру тырысып, А.Гезелл 
жас өскен сайын даму жылдамдығының бәсеңдейтінін байқады. 
Нәтижесінде А.Гезелл дамудың биологиялық моделіне бағдарланды, бірақ бұл 
бағыт шеңберңнде демудың бәсеңдеуін түсіндіре алмайды. Дегенмен, балалар 
психологиясына Гезеллдің қосқан үлесі зор. Ол баланың туғаннан жасөспңрңм жасқа 
дейінгі психикалық дамуының диагностикалау жүйесін қалыптастырды. Зерттеу 
объективтңлңгңн арттыру үшін жартылай көріндейтін шыныны қолданды (әйгілі «Гезелл 
айнасы»). Психологияға лонгитюдті зерттеуді енгізді; жетілу мен үйрену арақыатынасын 
талдау үшін алғашқылардың бірі болып егіздер әдісін қолданды. 
Л.Терменнің нормативтік бағыты. Термен психологиядағы ең ұзаққа созылған 
лонгитюдтік зерттеудің (50 жыл) бірін жүргізді. 1921 жылы 1500 дарынды баланы іріктеп 
алып, олардың дамуын егжей-тегжейлі бақылады. Зерттеу 70-жылдардың ортасына дейін 
созылып, Терменнің өлімінен кейін аяқталды. Өкінішке орай, бұл жұмыс күрделі 
әтижелерге әкелмеді: Л.Терминнің пікірінше, «гений» басқалармен салыстырғанда 
денсаулық, жоғары ақыл-ой дарындылығы, білім алудағы жетістіктермен ерекшеленеді. 
А.Гезелл және Л.Терменнің концепциялары тұқым құлаушылық факторының рөліне 
негізделгенмен балалар психологясымен нормативтік пән ретінде қалыптасуына бастама 
болды. 
Бала дамуы зерттеуге нормативтік бағытқа классикалық американдық зерттеуді 
жатқызуға болады. Бұл бағытта «рөлді қабылдау», «тұлғалық өсу», баланың жынысы, туу 
ретіне байланысты зерттеулер жүргізілді. ХХ ғасырдың 40-50 жылдары балалардың 
эмоциялық реакцияларын нормативтік зерттеулер басталды. 70 жылдары әр жыныстағы
балалар салыстыра зерттелді. Ж.Пиаже, Дж.Флейвелл және т.б.зетрреулерін жартылай 
нормативтік деп айқындауға болады. 
ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап нормативтік зерттеулер сапалық өзгеріске 
ұшырады. Осыған дейін психология балалардың мінез-құлқын сипаттауға мән берсе, енді 
мінез-құлық себептерір мен салдарын зерттеуге бағдарланды. 
В.Штерн теориясы. Даму – тұқымқуалаушылық па, әлде орта ма деген пікір-талас 
екі фактор конвергенуиясы идеясының туындауына әкелді. Оның авторы В.Штерннің 
пікірінше, псхикалық даму – туа берілетін факторлардың жетілуі ғана емес, сыртқы 
әсерлерді қабылдау да емес, туа берілетін нышандардың сыртқы орта шарттарымен
конвенциясының нәтижесі. В.Штерн орта фактор ерекше мән берді, себебі туа берілетін 
қатар, Штерн баланың тұқым құалаушылығының жүзеге асуында белсенді болған сейын, 
қоршаған ортаны белсенді меңшерген сайын оның тұқымқуалаушылық факторының 
жүзеге асу мүмкіндігі де молырақ. 


Даму үрдісі ортаға бейімделу ретінде сипатталды. Рекапитуляция концепциясының 
жақтаушысы бола отырып, Штерн баланың психикалық даму кезеңдерін жануарлар әлемі 
мен адамзаттық мәдениеттің даму кезеңдерін ұқсастырып қарастырды. Нәресте сүтқоректі 
деігейінде, бірінші жылының екінші жартысында заттарды ұстау және еліктеу қабілетіне 
байланысты маймыл деңгейде; тік жүру және сөйлеуді меңгергеннен кейін бала адамнық 
қалыптың алғашқы сатыларына жетеді; алғашқы бес жыл ойын және ертегі жасында 
алғашқы дәуір халықтарының деңгейінде; мектепке бару жоғары әлеуметтік міндеттерді 
меңгерумен байланысты және ол Штерн бойынша мәдениетке енуіне сей келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет