65
Әдетте, көрсеткіштер нұсқар түрінде болады. Айналдыру кезінің
негізіне салынған физикалық құбылыстарға байланысты, магнитті-
электрлі, элестростатикалық,
электродинамикалық, индукциялық
жəне
электростатикалық
өлшеу
механизмдері
немесе
түрлендіргіштер бөлінеді.
Құралдың əрекет ету қағидасы, оның қандай да бір
жағдайларда жұмыс істеу қабілеті, мүмкін шекті дəлсіздіктері
аспаптың циферблатына салынған
шартты белгілер бойынша
белгілене алады.
Соңғы жылдары цифрлық электрлі өлшеу құралдары кеңінен
таралып келеді. Олар үздіксіз өзгеретін шама мəндерін жеке
(дискретті) уақыт кездерінде өлшеп, алынған нəтижені цифрлық
үлгіде ұсынады.
Цифрлық аспаптардың негізгі артықшылығы – өлшеу
нəтижесінің дəлсіздіктің артуынсыз, кейінгі физикалық жəне
математикалық түрлендірулерге жатқызыла алуында.
Дискреттік есептеуі бар цифрлық
құралдарды пайдалану
күрделі
технологиялық
үдерістерді
сипаттайтын
көптеген
параметрлерді орталықтандырылған бақылауға арналған көп арналы
автоматты құрылғыларды жасауға мүмкіндік берді.
Цифрлық электрлі өлшеу аспаптары өлшеудің жоғары
дəлділігіне (дəлсіздік 0,1 бастап 1% дейін), тезəрекеттікке, өлшеудің
кең шектеріне ие; нəтижелерді шектелмеген қашықтықтарға
бұрмалаусыз жіберуге мүмкіндік береді.
Бұл құралдардың кемшіліктеріне олардың салыстырмалы
күрделілігі мен жоғары бағасын жатқызуға болады.
Тəжірибе жүзінде электрлі емес шамаларды өлшеу қажеттілігі
жиі туындайды. Бұл мақсатта
электрлі аспаптар кеңінен
пайдаланылады, бұл ретте осы электрлі емес шамаларды анықтауға
арналған электрлі аспаптардың түрлері электрлі шамаларды өлшеуге
арналғандардан айтарлықтай көп.
Осы мақсаттарда қолданылатын электрлі өлшеу аспаптарының
электрлі емес аспаптар алдында бір қатар артықшылықтары бар. Ең
алдымен, олардың төмен инерциялылығын, яғни, өлшенетін
шаманың өзгеруіне жылдам жауап қайтару қабілетінің төмендігін,
өлшеулердің кең диапазонын,
электрлі тізбектерге енгізу
66
мүмкіндігін,
демек,
оларды
технологиялық
үдерістерді
қашықтықтан жəне автоматты басқару кезінде пайдалану
мүмкіндігін жəне т.б. атап кеткен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: