ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
, №3 (121), 2021
144
енуге мүмкіндік беретін шынайы сөйлеу контексті ұсынады. Мәдениетаралық
коммуникативтік құзыреттілік деп біз студенттердің ұлтаралық
мәдени ерекшеліктер мен
ұқсастықтарды салыстыру мен ажырата білу дағдыларын дамытуға бағытталған, сондай-ақ
адамдардың вербальды және вербальды емес қарым-қатынастың түрлі жағдайындағы іс-
әрекеті мен мінез-құлқын тануды үйретуге бағытталған құзыреттілікті айтамыз.
Шығармашылық және зерттеу жұмыстары негізінде студенттер
тілдік дағдылармен қатар
өзара қарым-қатынас жасау әдебін, толеранттылықты, дербестікті,
жауапкершілікті, сыни
тұрғыдан ойлау мен бағалау дағдыларын да дамытады. Сонымен қатар, көпшілік алдында
сөйлеу, шешендік өнер,
өз бетінше шешім қабылдау, ынтымақтастық, топпен жұмыс істеу,
пікірталас жүргізу, ақпаратты табу және өңдеу қабілетерін меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: