Тілдік және мәдениетаралық Қатынас қҰзыреттерін


-  кезең. Фильм көру барысындағы жұмыстар



Pdf көрінісі
бет13/21
Дата09.01.2024
өлшемі0.51 Mb.
#488768
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Methods of Effective Use of Films in the Formation of Linguistic and Intercultural Communication Competencies[#1168553]-2622651 (1)

2- 
кезең. Фильм көру барысындағы жұмыстар
 
Бұл кезеңнің мақсаттары: 
Ақпаратты есту, көру және аутентті қабылдау қабілетін дамыту; 
● Лингвистикалық / тілдік түсінікті дамыту; 
● Фильмнің мазмұнын түсіну деңгейін бақылау; 
● Тілдік дағдылары мен сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыру; 
● Тілдік белсенділікті арттыру; 
● Мәдени, әлеуметтік-мәдени, мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікті 
дамыту; 
● Студенттердің ойлау, елестету, қиялдау секілді қабілеттерін дамыту; 
Студенттердің бақылау, байқау мен интерпретациялау дағдыларын дамыту; 
● Студенттерді сыни тұрғыдан ойлауға және әр түрлі сыни көзқарастарды қабылдай 
білуге дағдыландыру. 
2- 
кезеңдегі тапсырмалар:
 
● Фильмнен қысқаша үзіндіні дыбыссыз көрсетіп, берілген сөздер бойынша диалог 
құрастыру; 


ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№3 (121), 2021 
140 
● Көрсетілген үзіндіге қарай оқиғаның ары қарайғы барысын болжау немесе мәселенің 
себебі не шешімін табуды ұсыну; 
● Мәтінді немесе диалогты қалпына келтіру: Фрагментті көру кезінде мәтіндегі немесе 
диалогтағы бос орындарды толтырыңыз. 
● Кестені толтыр: фильмді көре отырып, фразеологиялық бірліктерді, афоризмдерді, 
терминдерді, фондық лексиканы, жаңа түсініксіз сөздерді, сын есімдерді, т.б. кестеге 
жазу; 
● Фразеологиялық бірліктердің мазмұнын пысықтауға бағытталған тапсырмалар, 
афоризмдер, кәсіби терминология, эквивалентсіз лексика, жаңа сөздер және т.б.; 
● Қысқа викториналық тест; 
● Кейіпкерлерді сипаттау: Фильмдегі кейіпкерлерге сипаттама беріңіз. 
● Рөлдік ойын: Рөлдерді бөліп алып, фильмнен көрініс қою немесе өзін фильмдегі 
кейіпкерлердің бірі ретінде елестетіп, диалог немесе жағдаятқа қатысты өз жауабын 
беру; 
● Дыбыссыз не үнсіз көру. Бұл әдіс ым-ишара, мимика және белгілі бір әлеуметтік- 
мәдени контекстке тән қимылдарға баса назар аудартуда аса пайдалы. Мақсат – 
фильмдегі кейіпкердің эмоциясына, мимикасына, дене тіліне және ым-ишаратына 
назар аудару. Студенттер шағын топтарда бұл вербальды емес формалардың 
берілген контексте қандай мағынаны білдіретінін талқылайды. 
● Кейіпкердің кейбір қимылдарын тоқтатып/қатырып қойып, әр кейіпкердің ішкі 
монологын елестетіп көріңіз. Бір студент кейіпкердің позициясын алады, ал екіншісі 
кейіпкер не ойлайтыны жайлы оның ішкі монологын айтады. 
● Фильм сюжетіне негізделген ситуациялық тапсырмалар. Студенттер фильмнен 
алынған жағдаятта туындаған мәселелерге жеке өз шешімдерін ұсынуға арналған 
тапсырмалар. 
● Эпизодты түсінуге арналған тапсырмалар, «шын/жалған» сұрақтар немесе жауаптар; 
● Студенттерді екі топқа бөлу. Бірінші топтағы студенттер фильмнің үзіндісін көреді, 
содан кейін екінші топтағы студенттерге фильм үзіндісінің мазмұнын әңгімелеп 
беруі тиіс. 
● Фильмнің мазмұнына байланысты келесі салалардың біріне немесе бірнешеуіне 
қатысты мәдениетаралық айырмашылықтарды көрсететін бірнеше эпизодты 
таңдаңыз: ым-имшара, мимика, дене тілі, қимылдар; мәдени ерекшеліктер; көше 
мәдениеті; мерекелер, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар; отбасы мәдениеті; гендерлік 
мәселелер; әке мен бала мәселесі; стереотиптер, ұлтшылдық, нәсілшілдік, т.б. 
Фильмде көрсетілген мәдениет пен сіздің елдегі жағдайлар арасындағы 
айырмашылық немесе ұқсастық жайлы топпен немесе жұппен талқылау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет