Тәжірибе және нәтижелер
Тәжірибеге қатысушылардың жалпы саны 19 мен 23 жас аралығындағы 45 студент (28
әйел және 17 ер адам). Фильмдерді іріктеу критерийлері мен студенттер арасында
жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша отандық «Қыз Жібек» фильмі, ал салыстырмалы
талдау үшін – «Ромео мен Джульетта» фильмі таңдалды. «Қыз-Жібек» фильмі XVI
ғасырдағы қазақтың поэтикалық халық аңызына негізделген, ол батыл жауынгер Төлеген
мен сұлу Жібектің махаббаты туралы баяндайды. Алайда бұл махаббат оқиғасы қайғылы
аяқталды. Төлегенді бұрын Жібектің сезімі үшін күрескен Бекежан (қарсылас әулеттен
шыққан батыр) айуандықпен өлтіреді. Жібек Төлегеннің өлгенін біліп, өзіне қол салады.
Ал, салыстырмалы талдау үшін таңдаған «Ромео мен Джульетта» фильмі – Уильям
Шекспир жазған трагедияға негізделіп түсірілген. Өлімі өзара соғысушы отбасыларын
татуластыратын екі жас ғашықтың махабаты жайлы фильм. Екі фильмнің мазмұны мен
сюжеті мағынасы жағынан ұқсас. Екі фильм де өз кезеңіндегі қиын жағдайларды бейнелейді
және мәдени-әлеуметтік әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің бай жиынтығын, классикалық тілді
қолдану тәсілдерін, сөйлеу мәнері мен әдеби лексиканың кең спектрін ұсынады.
Салыстырмалы анализ жасауға бағытталған тапсырмалар, мысалы, бейне-анализ эссе,
сценарий жазу, сюжетке болжам жасау, мақала не интервью жазу немесе сыни
көзқарастарын дамытуға арналған талқылау сұрақтары, және т.б. тапсырмалар студенттердің
интеллектуалдық қабілеттерін дамыту мен мәдениетаралық қатынас құзыреттерін
қалыптастыруға көптеген мүмкіндіктер береді.
Тәжірибе жұмысы «Фильмдерді сабақта қолданудың мақсаты мен әдіс-тәсілдері»
бөлімінде көрсетілген 3 кезең бойынша сөйлеу әрекетінің: тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу
дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асырылды.
Курс соңында студенттерге сабақта фильмдерді қолданудың артықшылықтары мен
кемшіліктерін бағалауға арналған қысқа сауалнама берілді. Сауалнамада Лайкерт бес балдық
|