ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
, №3 (121), 2021
141
●
Фильмде көрсетілген мазмұнды, мәдени ақпаратты,
әлеуметтік немесе басқа да
мәселелерді меңгеруге және талқылауға арналған тапсырмалар. Талқылау
тақырыптары: «Фильмде көрсетілген ұлттық-мәдени ерекшеліктер», «Фильмде
көрсетілген әлеуметтік мәселелер/проблемалар және
олардың қазіргі қоғамдағы
көрінісі», «Ым-ишара тілінің, мимиканың,
интонацияның, тембрдің, түстің және
басқа вербальды емес байланыс құралдарының мағынасы мен сипаттамасы», т.б.
● Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған сұрақтар: «Неге ... (фильмдегі
кейіпкер) бұлай жасады?», «Сіз қалай әрекет етесіз/ … орнында қалай жауап берер
едіңіз ... (кейіпкердің аты)?», «Неге. .. бұлай болды?», « Ал егер ....? », « ... қандай
фактілер әсер етті?», «Не көмектесті ...?», «… бұл мәселені
шешудің тағы қандай
жолдары болды? », және т.б.
● Рөлдік ойындар: а) танымал журналға немесе телебағдарламаға фильмнің режиссері
немесе актері ретінде сұхбат беру; б) журналист ретінде
газетке фильм туралы
мақала жазу;
● Екі фильм бойынша салыстырмалы видео-анализ эссе жасау. Ол үшін көрсетілген
фильмге мазмұны мен жанры ұқсас бір шетелдік немес
отандық фильмді таңдауға
болады.
● Фильмде көрсетілген елдің мәдениетін өз еліңіздің не жергілікті мәдениетпен
салыстыру;
● Фильмде көрсетілген мәдениет шеңберіндегі әртүрлілікті сипаттау;
● Басты кейіпкердің атынан басқа адамға немесе студенттерге хат жазу;
● Фильмнің мазмұны бойынша эссе жазу;
● Фильмнің жалғасы жайлы сценарий жазу.
Достарыңызбен бөлісу: