А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2020. №3



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата24.01.2024
өлшемі336.16 Kb.
#489614
1   2   3   4   5   6   7   8   9
223-563-1-SM

асыру жоспарланған-мақшы + етістік: - асырылмақшы екен немесе асырмақшы 
екен. Яғни ойды жеткізуде баяндауыштардың күрделенген формасының белсенді 
екенін байқалатын сынды.
«Қазақ» газетінде таңбаны пайдаланудағы, жазудағы қиындықтардың бары 
анық байқалады. Бір төте жазу деп аталғанмен, қазіргі мен ескі төте арасында біраз 


17 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2020. №3
айырма бар. Ол, айырма емлеге байланысты туындаған және уақыт, заман талабынан 
туындағаны анық. Сол қазіргі кездегі төтенің иесі саналатын Қытайдағы диаспора 
(кейде диаспора орнына иррагента) студенттерінің «Қазақ» газетін мүдіріссіз оқуы 
қиынға түсетіні тәжірибеден байқалды. Себептері көп. Біріншіден, «Қазақ» газетін 
шығарушылар квазиәліпбилік жолдан толық алшақтап кете алмаған. Яғни дауысты 
дыбыстарға түгелімен таңба арналғанмен, жазуда олар мүлдеге жуық таңбаланбаған, 
шындығында толыққанды емле түзілмеген. Толық таңбаланған дыбыстар тек дауыс-
сыз дыбыстар болған. 
Ал сөздің абсолют басында тік сызықша және дауысты дыбыстың тұруы да 
оқуды ауырлатады, оқушыны қателестіреді. Дауысты дыбыстардың алдынан бар-
лық уақытта тік сызықша жазылды деген қағида барлық уақытта, барлық дауысты 
дыбыстарды таңбалауда сақтала бермеген. Ол жағдай үнемі шеттілдік сөздерді 
жазғанда сақталған: Еуропа. Ал қазақ сөздерін жазуда бұл жағдай үнемі сақталмайды. 
Қазіргі төте жазуды пайдаланушылар үшін екінші қиындық дауысты дыбыстар-
дың жоқтығы екенін айту керек. Мысалы мұғалім сөзі МҒЛМ түрінде ғана жазыла-
ды, ал оны «мұғалым» немесе «мұғалім» деп оқу адамның өз еркінде. Ескіше сауат-
ты адамдар мен ауызекі тілде бұл сөздің айтылуы екі бөлек, яғни екі бөлек айтылу 
үлгісі қалыптасқан. 
Мғлм орн іздейді
Мол тғлымнан хбардар, 6-7 жл бала оқытқан тжрибелі мғлм қсқа қарсы тәур 
орн іздейді. Оқыған жері Қазандағы мдрсе хмдие. Жақсы оқытқандығына екі 
жерден алған куәлік қағазы бар. Адресі: ст. Ильинская, Оренб.губ. Тереклинскому 
управителю мғлм Кенже Ғали Ғбдалле Ауғлин. («Қазақ» газеті, №141)
Тағы бір ерекшелігі ретінде бұл мәтінде (жарнамада) а, ы, ұ жуан (мыс.: қсқа – 
қысқа сөзінде ы-ның, хбардар-хабардар, тғлым-тағлым сөзіндегі а-ның, жл-жыл 
сөзінде ы-ның жазылмауы) дыбыстарынан бөлек медресе (мдрсе) сөзіндегі жіңішке 
е-нің, тәур-тәуір сөзіндегі і-нің түсірілуі емлелік норманың әлі де болса әрі-сәрі 
күйде екенін байқатады. Жарнамадағы сөйлемдердің, арада бір ғасыр өтсе де, қазіргі 
күннің нормаланған сөйлемдерінен айырмасы жоқ деуге болады. Құрылымы жазба 
тілдің заңдылықтарына сай. 
Келесі жарнама былай жазылған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет