А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2020. №3



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата24.01.2024
өлшемі336.16 Kb.
#489614
1   2   3   4   5   6   7   8   9
223-563-1-SM

Григори Николаиш Патаниннң (Императорски геграфишески обшстванң сибр 
болімі 21нші сентабр 1915нші жлы Григори Николаиш Патаниннң 80ге толған 
күннде стеген қзметдерн хрметтеб той қлмақшы. - №141). 
3. Кірме сөздердің, әсіресе орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген сөздердің, 
жазылуы да ауызекі сөйлеуге ыңғайластырылған: (Императорски геграфишески 
обшстванң сибр болімі 21нші сентабр 1915нші жлы Григори Николаиш Пата-
ниннң 80ге толған күннде стеген қзметдерн хрметтеб той қлмақшы.-№141): геогра-
фишески – геграфишески; обшества – общество (щ -жазылмайды); 
4. Хабарлар – хбрлар, халық – хлқ, тұрмыс – трмс, құрмет – хрмет, ғұр-
ып – ғрп сөздерін «Қазақ» газетінде тек сөйлем ішінде ғана оқып, тану мүмкіндігі 
болған (Бұл хрмет тойға крісемн дегендер һм әлгі шғатн ктабқа сибр жайынан, 
хлқнынң трмсы, ғрп...). А.Байтұрсынұлы немесе «Қазақ» газеті үлгісінде ы, і 
қысаңданып, анық емес, күмілжіңкі естілетін, сондай-ақ анық естілетін жерлерде 
де түсіріліп жазылғанын тағы да нақты айтуға болады. Бұл айтылғандар емлеге 
қатысты. Енді газет мәтіндеріндегі кейбір грамматикалық ерекшеліктерге тоқталып 
көрелік. Мақалада сөйлем баяндауыштарының ерекшелеу тұлғамен келетіні байқа-
лады: қлмақшы, оқлмақшы, бағстамақшы.
Сөйлемдердің осы -мақ-шы күрделі формасындағы баяндауышпен келуі сол 


16
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2020. №3
кездегі сөйлем құраудың бір ерекшелігі екені байқалады. Әрине, бұл жұрнақпен 
келетін баяндауыштардың есебі де, жиілігі де, газет жанрларында кездесуі де жеке 
қарап, танысуды керек етеді. Не үшін? Әрине, бірінші кезекте сөйлемдердің құрылы-
сын, публицистикалық стильдің ерекшелігін, қалыптасуын толығырақ білу үшін, 
қажет. Екіншіден, аталмыш жұрнақтың қызметімен кеңірек танысу үшін керек. Осы 
сөйлемдерден байқалатыны – болашақта, алдағы уақытта болатын әрекет, қимылдың 
орындалатыны нақты айтылмайды, әйтеуір бір уақыттарда, мезгілде орындалуы 
мүмкіндігі білінеді. Сенімділік аз, өйткені орындалады, бағысталады формасында 
болса, нақтылық сезілер еді. Әрі-сәрілік болмағанмен, сенімділік те нақты емес. 
Ал қылынады деген етістүрінде кыл көмекші етістігі өте сирек қолданылады және 
норма ретінде көзге көп түсе бермейді.-шы формасы қосылып айтылып тұрғанмен 
де нақтылық, сенімділік күшейді деу артық. Осы -мақ жұрнағы туралы ғылыми 
еңбектерде, оның ішінде, А.Ысқақовтың оқулығында: «-мақ, -мек... жұрнағы 
арқылы жасалатын есімше амал-әрекеттің алдағы уақытта жүзеге асуы анық, айқын 
(сенімді) екенін білдіреді. Бұл есімшеге -шы (-ші) формасы қосылып та жұмсала 
береді. Ондайда есімше амал-әрекетті білдірмегенімен, жүзеге асу үмітін нығайта, 
күшейте түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет