А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2020. №3



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата24.01.2024
өлшемі336.16 Kb.
#489614
1   2   3   4   5   6   7   8   9
223-563-1-SM

Киим тігуушілерге
Өз жұмысын ілгері басқызып, кеңейту үшін кирек блімді тігіншіден 3 тиынды 
айамаңыз. Өзіңіздің һәм таныстарыңыздың адрестерін жазыңыз: Рига. «посредник 
для портных» 355.
Біріншіден, біздің ойымызша, жарнама тілін толық газет шығарушылар тарапы-
нан жазылды деу дұрыс болмас еді. Себебі кейбірі болмаса, жарнамалардың тілі 
мақалалар тіліне қарағанда шұбарлау, қоспасы көп. Жарнамаларда да алдыңғы 
мысалдардағыдай тігүү сөзінің екі бірдей үү-мен жазылуы, сол сияқты газеттегі 
ел тартұұ сөзінің екі ұұ-мен жазылуы (ел тартұұ) газет тіліндегі сол кездегі жазу 
нормасының үлгісін көрсетеді. Сол сияқты һәм шылауы үнемі һм түрінде жазылып, 
газеттегі ескі үлгіден әлі де толық іргені ажыратудың жүзеге аса қоймағанын 
көрсетеді. Әрине, ескіден үзілді-кесілді бірден бас тарту, әсіресе жазу үлгісінің бірден 
қолданыстан шығып кетуі қиын, жазудың санаға сіңіп қалатыны, сөздің жазылуы 
образ тудыратыны туралы тұжырымдардың босқа айтылмағаны байқалады, өйткені 
халық арасында бұрыннан қалыптасқан жазу дағдысы сол кездің өлшемімен 


18
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2020. №3
алғанда кең таралған еді және мысалдарға қарағанда, медресе, һәм сөздері мен адам 
аттарының, мысалы, Ғбдалле сияқтынегізі араб сөздері, діни лексика элементтері 
болуы әсер еткен сынды. Мұндай ерекшеліктер бір-екі мысалмен бітпейді. Сонымен, 
ескі (шартты атау) төте жазудағы дыбыстардың таңбалануындағы ерекшеліктер: 1. 
Бірінші буында және екінші буында да а дыбысы жазылмайды: хбр – хабар, 2. Сөз 
басында ы, і анық естілетін сөздерде бұл дыбыстар түсіріліп жазылады: нтымақ – 
ынтымақ, с - іс т.б., 3. Бір буынды сөздердегі ы анық естілсе де, жазылмаған: жл, 
4. Сөздің бірінші буынында анық естілетін ы,і түсіріліп жазылған: қлады – қылады, 
жлқы – жылқымрза – мырза; 5. Сөз ортасындағы і, ы дыбыстары анық естілетін 
болса да, аталған дыбыстар түсіріліп жазылған: бөлм – бөлім, қатн – қатын, алғс – 
алғыс, Беркқара, орсча – орысча, жгтдер – жігітдер т.б.; 6. Сөздің соңғы буынында 
анық естілсе де, ы, і дыбыстары таңбаланбаған: ұрлқ-зорлқ – ұрлық-зорлық, болс-
болыс т.б.; 7. Сөздің соңындағы ы,і дыбыстары таңбаланған: түрлі, мамдары – 
имамдары т.б.; 8. Қосымшалар құрамында ы,і дыбыстары болса, түсіріліп жазылған: 
жәрдемнң – жәрдемнің, көрсетб – көрсетіб, жатр – жатыр, иеснде – иесінде т.б.; 
9. Сөз басында и естілетін жерде де и түсіріліп жазылған: мамдары – имамдары; 
10Сөз басында ө естілетін сөздерде ө жазылмайды, егер сөз жіңішке айтылатын 
сөз болса, сөз басына дәйекше қойылады: зі - өзі; 11. Қазіргі кезде уағда түрінде 
дыбысталып, айтылатын сөздер оғда түрінде жазылған. О дыбысы сөздің бірінші 
буынында отр сынды сөздерде де жазылады. 
Міне, «Қазақ» газетіндегі емлелік, грамматикалық ерекшеліктердің бір парасы 
осындай болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет