Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет16/142
Дата24.01.2024
өлшемі2.09 Mb.
#489708
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   142
bahisheva-ped-jobalau

біліктілік, денсаулық, т.б. сияқты туа біткен және жүре 
пайда болған, белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір ӛнім 
жасауға қажет болатын қасиеттердің кешені – деп 
анықтайды. Адам капиталы теориясында шығын-адамға, 
ұйымға, қоғамға жоғары нәтиже алуға мүмкіндік беретін 
капитал есебіндегі салым шығындары, бұл шығындар адам 
капиталын дамытуға арналған инвестиция – деп аталады. 
Жалпы, адам капиталы туралы теориялардың ортақ мәні


50 
адам факторын дамытуға жасалған инвестиция мен сол
арқылы алынған табыстың арасалмағын, байланысын зерттеу
деп түсіндіріледі. 
Зерттеушілер бұл мәселенің ӛзектілігін қазіргі 
экономиканың түрінің ӛзгеруіне байланысты туған заңдылық 
деп 
түсіндіреді. 
Атап 
айтқанда, 
ғасырлар 
бойы 
экономикалық даму жер байлығына, ӛндірістік факторлар 
ретіндегі еңбек пен капиталдың ӛсуіне байланысты болып 
келсе, ӛткен ғасырдың аяғына қарай экономикалық 
факторлар қатарында адам ресурстарының жоғары деңгейін 
талап ететін – инновациялық экономика ұғымы қалыптасуда.
Аталған мәселе бүгінде біздің елімізде де ӛзекті болып 
отыр. Білім мен ақпаратқа бет алған қоғамда білім беру 
жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бӛлігі болып 
табылады. Бүгінгі күні қазақстандық білім жүйесі ӛзінің 
фундаменталдық және сапалылық қасиеттерін сақтай 
отырып, нарық заңдылықтары негізінде пайда болып 
отырған ӛзгерістерге тиісті дәрежеде жауап бере алу 
қажеттігі туындап отыр. Соған орай, еліміздің білім беру 
жүйесін стратегиялық дамыту жоспарында тӛмендегі
бағыттар белгіленіп отыр: 
Қандай да бір ел ӛзінің адами ресурстарының 
әлеуетінен артық бола алмайды. Сондықтан Қазақстанның 
адами 
ресурстарының 
дамуы 
ұзақ 
мерзімді 
даму 
стратегиясының 
аса 
жоғары 
басымдығы 
болып 
айқындалады. 
Сауатты адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды 
дамыту, тиімді мемлекеттік аппаратты құру, қолайлы бизнес 
ортаны қамтамасыз ету мүмкін емес. 
Білім беру жүйесін жетілдіру, ең алдымен оның 
сапасын арттыру – мемлекеттің таяу онжылдықтағы басты 
басымдықтарының бірі болып табылады. 
Осы бағыттардағы нақты жұмыстар жүзеге асырылуда, 
атап айтқанда, орта мектептер интеллектуалды ұлтты 
қалыптастыруға арналған база деп анықталып, елімізде 
бірнеше интеллектуалдық мектептер ашылды. Болашақта 
оларда қалыптасқан инновациялық модель жалпы білім 
беретін мектептері желісіне тарайды деп күтілуде. Сонымен 
қатар, Астанадағы Назарбаев университеті - жоғары білім 


51 
берудегі негізгі серпінді жоба болып табылады, оның 
негізіне алынатын әлемдегі алдыңғы қатарлы елдер
тәжірибелері 
зерделенуде. 
«Интеллектуалды 
ұлт» 
жобасының тағы бір бағыты ретінде ғылымды дамыту мен 
еліміздің ғылыми әлеуетін кӛтеру жұмыстары жүзеге 
асырылуда. Сонымен қатар, білім беру жүйесінің ұсынысы 
мен оны бітірушілердің біліктілігіне деген жұмыс 
берушілердің сұранысы арасындағы тепе-теңдікке қол 
жеткізу үшін адами капиталды дамыту жӛніндегі ұлттық 
кеңес құру қажеттігі мәселесі қойылуда. 
Аталған интеллектуалды ұлт пен білімдар экономиканы 
қалыптастыру бірқатар міндеттердің шешілуін қажет етеді
олар: педагогтардың мәртебесін кӛтеру; білім беру 
жүйесінің экономикалық тетіктерін жаңғырту; білім беруді 
басқаруды жетілдіру.
Н.Назарбаевтың: білім реформасының басты кӛрсеткіші
- біздің еліміздің белгілі бір бағытта білім алған және 
біліктілікті меңгерген әрбір азаматының әлемнің кез келген 
елінде қажет маман ретінде танылатын деңгейге жетуі – 
деген талаптарын білім берудің нәтижелерін анықтауға 
тікелей қатысты деп айтуға болады. Сонымен қатар, аталған 
жолдауда еліміздің дамуын «парасатты экономика» 
негізінде жүзеге асыру идеясы ұсынылып, отандық білім 
беру жүйесінің алдына «ол үшін, ең алдымен ӛзіміздің адами 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет