73
идеялары негізінде пайда болды.
Жаңашыл педагогтардың
тәжірибесін қарастыру олардың педагогикалық әрекеттерді
жобалауға жаңа кӛзқарастарын кӛрсетеді. Ондағы мақсат
мұғалімнің жобалық әрекеттері оқушыны дамытуға
бағытталғандығын байқатады. И. П. Волков ӛз еңбегінде
болашақ педагогтың үш кәсіби сапасы – пәндік,
педагогтық
және жобалау кәсіптерін болуын құптайды. Жобалау білім
саласындағы кәсіби әрекеттердің жетекші компоненті болып
табылады, сонымен қатар ол білім беруді басқаруға да
бағытталады. М. А. Данилов педагогикалық үдерістегі
жобалаудың негізгі бағыттарын жасай отырып, П. Ф.
Каптеревтің идеяларын қайта жаңғыртты. Оның мазмұны
педагогикалық үдерістің ішкі жақын – педагогикалық үдеріс
логикасын,
педагогикалық
зерттеу
логикасын,
педагогикалық перспектикалық
ойлау логикасын болашаққа
қатысты құрастыру болатын. Автордың ойынша болашаққа
бағытталған педагогиканың басты шарты жаңа жаңарған
педагогикалық сана болып табылады.
Жобалау
ӛзгермелі
кезеңдердегі
даму
тенденцияларының
жан–жақтылығы
жағдайында
педагогикалық жүйенің стратегиялық бағдарларын үнемі
қамтамасыз етіп отырады. Олар:
- жүйені белгілі бір қызметтері, қарым –қатынастары
және қасиеттері деңгейінде жетілдіріп отырады;
- жүйенің жаңа қарым –
қатынастарын, қасиеттерін
және икемділігін қалыптастыратын компенсаторлық
қызметтер дамытып отырады;
- тұтас құрылым құрамында пайда болатын жаңа
жүйелердің қызметі мен орнын қарастырады;
-
белгілі бір қызметтердің, қарым –қатынастардың
және қасиеттерінің ӛзгерістерге түсуіне сәйкес
жүйенің түрленіп отыруын қамтамасыз етеді;
Кӛрсетілген бірінші және екінші қызметтер арқылы
жүйенің типтік ұқсастығы қамтамасыз етіледі, жобалау
нәтижелерінің алдын ала белгіленетіндігі де, бірегейленетіні
да осыдан. Бүгінгі таңда жобалау әрекеті педагогикалық
жүйелерді жаңартатын, ондағы оқыту мен тәрбие үдерісін
үшін жаңа жағдайлар жасай алатын кӛп функционалдық
педагогикалық әрекет деп қарастырылуда.
74
Жобалаудың білім
берудегі қызметін анықтауда
В.П.Беспальконың пікірлеріне сүйене отырып, зерттеушілік,
талдаушылық,
жобалаушылық,
жаңартушылық,
нормалаушылық, құрастырушылық, т.б. кӛптеген сипаттағы
мәндерін белгілей аламыз. Ӛзінің кӛпфункционалдық
сипатына сай педагогикалық жобалауды тӛмендегі сапаларда
қолдануға болады:
Достарыңызбен бөлісу: