Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет27/142
Дата24.01.2024
өлшемі2.09 Mb.
#489708
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   142
bahisheva-ped-jobalau

− әлеуметтік-педагогикалық жобалау, олар әлеуметтік 
ортаны ӛзгертуге немесе педагогикалық құралдар мен 
әдістер 
арқылы 
әлеуметтік 
проблемаларды 
шешуді 
бағытталады;
− психологиялық-педагогикалық жобалау, оның мақсаты 
адамдар мен олардың қарым –қатынастарын білім беру 
үдерісі барысында жаңарту; 
білім беруді жобалау, ол білім сапасы мен 
нәтижелерін, білім беру жүйесі мен оның институттарын 
инновациялық ӛзгертуді жобалау. 
1. Әлеуметтік–педагогикалық жобалау:
– Әлеуметтік ортаны педагогикалық тәсілдермен 
ӛзгерту;


80 
– Әлеуметтік 
проблемаларды 
педагогикалық 
құралдармен шешу. 
2. Психологиялық–педагогикалық жобалау 
– Оқыту мен тәрбие мақсатын жаңарту;
– Оқыту мен тәрбиенің әдістерін ӛзгерту; 
– Педагогикалық әрекеттерді ұйымдастыру түрлерін 
жасау; 
– Педагогикалық қатынас жүйесін жаңарту. 
3. Білім берудегі жобалау:
– Білім беруге мемлекет пен қоғамның талаптарын 
қалыптастыру; 
– Білім беру нәтижелерін жобалау; 
– Білім беру мекемелерін институттарын құру;
– Білім стандарттарын жасау. 
Педагогикадағы инновациялық бағыттарды зерттеген 
В. Я. Ляудис те білім берудегі жобалау туралы, біріншіден
бұл–мақсатқа бағытталған, жобаланған, саналы түрде 
ұйымдастырылған оқыту процесі, оны басқару ғылыми және 
мәдениеттанымдық білімдерді пайдалану негізінде іске 
асырылады. 
Екіншіден
бұл–мақсатқа 
бағытты 
ұйымдастырылған болашақтағы міндеттерді орындауға 
қабілетті тұлғаны әлеуметтік дамыту ситуациясы, сонымен 
қатар, осы жерде мақсат ретіндегі болашақтың нәтижелік 
мәні де, оны орындауға дайындық деңгейіне жеткізетін 
үдеріс те жобаланады» дейді.
Осылайша, 
қазіргі 
заманғы 
әдіснамалық, 
мәдениеттанымдық, ғылымтанымдық және психологиялық–
педагогикалық–әлеуметтік ғылымдар қағидаларына сүйене 
отырып, жобалау – педагогикалық феномен дей аламыз 
және оның негізгі сипаттамаларын тӛмендегідей кӛрсетуге 
болады: 
1) жобалаудың мақсаты мен соған сай педагогикалық 
іс -әрекеттер қайта жаңартуларды кӛздейді; 
2) жобалау педагогикалық рефлексия арқылы 
қамтамасыз етілетін болашақтың нақты бейнесін 
жүзеге асырады; 
3) педагогикалық жобалау жобалау нысанын ғана 
емес, оған қатысушы жобалау субъектілерін 
дамытуға бағытталады. 


81 
Жобалаудың мүмкіндіктері педагогикадағы ақпараттық 
- коммуникативтік технологияның дамуымен де кеңейеді, 
сӛйтіп, білім беру үдерісіне қатысушылардың жобалау 
кеңістігі одан әрі дами түседі деп айта аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет