85
нұсқаулар ретінде қабылдауды, тәжірибеге енгізуді қажет
етеді.
Педагогикалық әрекеттер теориясында білім беру
әрекеттен
тыс бола алмайды,
тұлға бойына ӛзгерістер
ендіру оны белгілі бір мотивтер негізінде әрекеттерге
тарту арқылы жүзеге асырылады. Аталған пікірлер
педагогикалық жүйе ретіндегі білім берудің басты
қайшылығы білім алушы мен педагогтардың
мақсаттары
арасындағы қайшылықты кӛрсетеді.
Педагогикалық мақсат қою – бұл мақсатты құрастыру
үдерісі, ӛте жауапты логикалық–құрастырушылық жұмыс.
Ол келесі алгоритм бойынша орындалады: қалыптасқан
жағдайды талдау – қажетті нормативтік құжаттарды ескеру –
олардың негізінде қанағаттандырылуы тиіс мүдделер мен
қажеттіктерді белгілеу–осы мүдделер мен қажеттіктерді
қанағаттандыруға мүмкіндік беретін күштер, ресурстар мен
мүмкіндіктерді анықтау–берілген ресурстар мен күштерді
жұмсау арқылы қанағаттандырылатын ең тиімді мүдделер
мен қажеттіктерді анықтау – мақсат құрастыру, яғни, мақсат
қою.
ҚР Білім туралы Заңының 11-бабында «білім беру
жүйесінің
мақсаты: ұлттық
және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіптік
шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау» деп кӛрсетілген.
Білімділік – тұлғаның игерілген әлеуметтік тәжірибесін
пайдалана отырып, мәселелер класын, түрлерін ӛз
бетімен
шешуге қабілеттілігін кӛрсететін жалпы білім нәтижесі.
Білімділік деңгейі тұлғаның ӛзі шешуге қабілеті жететін
мәселелер класы, түрлері арқылы белгілінеді. Олар:
– сауаттылық–оқу
әрекетіндегі
проблемаларды
шеше алу қабілеттілігімен сипатталатын
білімділік деңгейі. Сонымен қатар, бұл деңгей ӛз
әрекетін ұйымдастыра алу, ӛзге де білім үдерісіне
қатысушылармен
қарым–қатынас
жасау
проблемаларын шеше алуды да қамтиды;
– функционалдық сауаттылық– қоғамдық ортадағы
әлеуметтік
рӛлдерді
(оқушы,
тұтынушы,
86
қызметкер,
клиент,
азамат,
отбасындағы,
жолдастар арасындағы, қызмет бабындағы рӛлдер,
т.б.)
жүзеге
асыру
мәселелерін
шешуге
қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі.
– құзыреттілік–ӛмірлік
және
кәсиби
жолын
таңдаудағы мәселелерді шеше алу қабілеттілігімен
сипатталатын білімділік деңгейі.
Оның негізгі
компоненттері:
Білім беру сапасындағы ӛзгерістердің бағыттары:
1. Білім берудің жаңа нәтижелеріне жету–ол білім
нәтижелерінің жаңа компоненттері тұлғалық,
метапәндік және пәндік нәтижелерді меңгеру
негізінде жүзеге асырылады;
2. Мектеп
бітірушілердің білімділік деңгейінің
ӛзгеруі–қарапайым
сауаттылық, функционалдық
сауаттылық, құзіреттіліктер;
3. Білім
беру
әрекеттеріндегі
табысты
болу
масштабының ӛзгеруі, табысты болу аумағының
ұлғаюы, табысты білім әрекеттерін игерген
оқушылардың санының кӛбеюі, оқушылардың
дербес жетістіктерінің кӛбеюі;
4. Қоғам дамуына сай оқушыларды жаңа мәселелерді
шешуге
дайындау
5. Қорыта айтқанда, білім беру нәтижесін ӛзгеруі
оның деңгейіне ғана емес мазмұнына да
байланысты.
Білім беру мақсатының ӛзгеру жағдайлары мен
мүмкіндіктерін қарастырып кӛрейік. Біздің кеңестік
тарихымызда мектепте білім беру мақсаты тұлғаның жан
жақты және үйлесімді
дамуы болып келді, бірақ ол
декларативті түрдегі ұран күйінде қалып, шын мәнінде,
негізгі мақсат пәндік білім нәтижелері болып әлі күнге дейін
қалып отыр. Ал пәндік білім нәтижелерінің кӛрсеткіші
ретінде әр пәннен алған білімдерінің жиынтығы, есептер
шығара білуі, тарихи даталарды есте сақтауы алынады.
Білім
жүйесін жаңғырту жағдайында негізгі
мақсаттар ретінде
метапәндік, пәннен жоғары жетістіктер –
оқушылардың оқу тапсырмаларын
орындаудағы және
танымдық түріндегі ғана емес, ӛмірлік жағдаяттардағы сан-
87
алуан
мәселелерді
шеше
білуге
қабілеттіліктерін
қалыптастыруға бағытталған ұмтылыстар жасалуда. Оларды
талдап кӛрейік:
Достарыңызбен бөлісу: