Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет33/142
Дата24.01.2024
өлшемі2.09 Mb.
#489708
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   142
bahisheva-ped-jobalau

Ұйымдарды 
басқарудың 
жалпы 
теорияларына 
тоқталсақ, басқарудың ғылыми теориясын 1916 жылы 
жасаған А. Файоль ӛзінің алдында кез келген ұйымды 
табысқа жеткізетін басқарудың әмбебаптық принциптерін 
құрастыру мақсаты тұрды. Оның принциптері классикалық 
болып есептеліп, осы күнге басқару тәжірибесінде 
қолданылып, кӛптеген теориялардың негізіне алынуда. Бұлар 
басқарудың ӛзара тығыз байланыстағы маңызды әмбебаптық
қызметтері: жоспарлау, ұйымдастыру, міндет бӛлісу, 
үйлестіру, қадағалау, бақылау. 
А. Файоль ұсынған құрылым бүгінгі күнге дейін 
басқарудың негізгі қызметтері болып келсе де, сынаушылар 
оны, біріншіден, қатаң орындаушылыққа негізделген
құрылымы ӛзгертуге келмейтін сипаттағы механизм деп 
есептейді. Екіншіден, бұл сипаттары оның қоғамдағы 
ӛзгерістер болмайтын, ішкі және сыртқы тұрақты


93 
жағдайларда басқаруға қолайлылығын кӛрсетеді. Үшіншіден,
оның ең басты кемшілігі адамның ұйымда ӛзін ұстауының 
психологиялық 
механизмдерін, 
ерекшеліктерін 
терең 
ескермейтін, оны қалыптастыратын түрлі қалыптан тыс 
факторларды елемейтін сипаттары. 
Аталған 
классикалық 
кӛзқарасқа 
қарама-қарсы, 
ұйымдағы 
қарым-қатынастарға 
негіз 
болатын 
адам 
факторларын қолдайтын мүлдем жаңа кӛзқарас дами 
бастады, оның ең алғашқысы 1924 жылы Чикаго маңындағы 
Хоторн ӛнеркәсібіне қатысты Элтон Мэйо жасаған адамдық 
қатынастар теориясы болатын. Ол классикалық теорияны да, 
оның ықпалынан қалыптасқан адамның әлеуметтік жағдайын 
қарастырмайтын кӛзқарастарды да қатаң сынға алып,
қызметтік құрылымына ӛздерінің адамдық қатынастар 
теориясын ұсынды. Оны қолдаушылардың айтуынша,
құрылымы айқын білінбегенімен, адамдар кӛзқарасы топтық 
құндылықтық қатынастар қалыптасуына ықпал етеді, 
сондықтан, басқарушылар ұйымдағы адамдардың түрлі 
мотивтерін дамытуға, материалдық жағдайлар туғызуға, т.б. 
ынталандыруға назар аударуы тиіс. 
Бұл 
зерттеулер 
жаңа 
қарым-қатынас 
түрлерін, 
адамдарды ұйым жағдайында мақсаттық тренингтер мен 
семинарлар арқылы мотивациялау, басқару стилінде 
қалыптасқан қатынастарды ӛзгерту,т.б. жаңа бағыт болып 
басқару теориясына қосылды.
Сонымен қатар, аталған кӛзқарас адам факторларын 
дамытуда маңызды болғанымен, классикалық құрылымның 
негізіне алынған кӛп мәселелерді назарынан тыс қалдырды. 
Бұл теориялардың әуел бастан кемшіліктері,-делінген М. 
Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури зерттеулерінде, олар: бір 
ғана басты элементін негізге ала отырып, басқару 
тиімділігінің бұдан басқа да кӛптеген факторлардан тұратын
нәтижеге бағытталатынын қарастырмайды дейді. Аталған 
рационалдық және адам қатынастары туралы теориялардың 
мықты 
жақтарын 
зерделеу-басқарудың 
жүйелілік, 
ситуациялық 
және 
ұйымдастырушылық 
сипаттарын 
қамтитын синтездік түрін қарастыруға әкеледі. 
Ӛткен ғасырдың аяғында жобалау негізінде басқару 
тұжырымдамасы пайда болды. Ұйымдардың нәтижелі 


94 
қызметін 
арттыру 
мақсатында 
менеджерлер 
жүйелі 
диагностика, 
жоспарлау, 
орындау 
мен 
ӛзгерістерді 
қолдаудың әдістері мен процедураларын басқарудың 
эволюциясы 
негізінде 
жасады. 
Жобалау 
негізінде 
басқарудың мәні ондағы адам әлеуетін тиімді пайдалануға 
жағдай туғызу, тұлғалық және тұлғааралық қатынастарды 
дамыту, олардың құндылықтық бағдарларына ықпал ету 
арқылы ұйымдардың нәтижелі қызмет етуіне мүмкіндік беру. 
В. С. Лазарев қазіргі педагогикалық ұйымдарды басқару 
түрлерін оның сипаттарына қарай бірнеше түрге бӛледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет