88
атайды) қалыптастыру кӛптеген елдерде жүзеге асырылуда,
оларда бұл дағдылар жиынтығы жұмыс берушілердің білім
беру жүйесіне әлеуметтік сұранысын кӛрсетеді. Бұл
дағдылар немесе құзыреттіліктер біздің түсінігіміздегі білім
беру жүйесіне қойылатын
талаптар ретінде емес, еңбек
нарығындағы жағдайларды зерттеу және алдын ала болжау
нәтижесінде жасалады және олар жастардың қай деңгейдегі
білімі еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз ете алатынын кӛрсетеді.
Алтыншыдан, білім берудің тағы бір мақсаты-
оқушыларды кәсіби білім алуға даярлау. Оның мәні, әрине,
бізге үйреншікті түсініктен мүлдем бӛлек, ол
тек қана
Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындау әрекеттері ғана емес.
Кәсіби білім алуға даярлау бүгінгі еңбек нарығында да, білім
беру қызметтерін кӛрсету нарығында да ӛз бағдарын нақты
айқындап алу, ӛзінің білім алу траекториясын құрастыра
білу, шешім қабылдауға бел байлай білу. Бұл мақсат бӛлек
пәндерді игеру аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін емес,
оған пәнаралық тұрғыдан келу қажет болады.
Білім беру нәтижелеріне тікелей ықпал ететін
факторларды былайша белгілеуге болады:
– білім беру мақсаты, бұл жерде білім беру мақсаты
ретінде
білім
беру
үдерісінің
мақсатқа
бағытталғандығы,
білім
беру
үдерісіне
қатысушылардың құндылықтық бағдары алынады;
– білім беру мазмұны немесе білім беру жүйесіндегі
бекітілген стандарттар;
– білім беру үдерісінің ұйымдастырылуы, білім беру
технологияларының қолданылуы.
Осыған қоса, біздің ойымызша,
жоғарыда аталған
барлық факторлардың басын біріктіретін - нақты білім беру
жүйесінің ұйымдық мәдениеті, бұл фактор білім беру
үдерісіне
қатысушылардың
қарым-қатынасымен,
қалыптасқан құндылықтарымен анықталады.
Ӛзіндік білім алуға мүмкіндік беретін субъектілік
компоненттері іс жүзінде толығымен пайдалану үшін, оның
әр компонентінің мақсаттары жалпы жүйенің мақсатына
сәйкес келтірілуі қажет.
89
Сурет 4 − Білім берудегі мақсаттар жүйесінің үлгілік
құрылымы
Осыған сай, білім беру ұйымдарындағы білім беру
үдерісін, оқыту жүйесін, барлық
деңгейлердегі басқару
жүйесінің мақсаттары бір арнаға тоғысып, субъектінің
ӛзіндік дамуын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Оны
жоғарыдағы 4 -суретте берілген мақсаттар жүйесі ретінде
кӛрсетуге болады.
Қоғам
дамуының
қазіргі
ақпараттық
кезеңдегі
жағдайлар,
адам
проблемасын
тарихи,
әлеуметтік,
шығармашылық субъектісі ретінде алдыңғы орынға
шығарып, осы ӛзгерістерге сай білім берудің рӛлін тиісінше
бағалау қажеттігі педагогиканы басты ғылымдар қатарына
қойып отыр. Бүгінгі таңда педагогиканың нысанасы ретінде
әртүрлі
оқу-
тәрбие жүйелері алынып, ал
оның пәніне
әлеуметтік белсенді, шығармашылық тұлғаның ӛздігінен
ӛмір бойы білім алуы белгіленіп жүргені белгілі. Адамның
ӛзіндік дамуын қамтамасыз ететін тұтас жүйе жасауға деген
қажеттіктің бүгінгі таңда ерекше кӛкейтестілігі қоғамның
әлеуметтік-экономикалық даму талаптарынан туындап отыр.
Сондықтан, педагогикалық жобалау жүйенің жалпы
мақсатына бағытталып, ондағы мақсат иелері ӛздігінен
білім алушы субъектілер болуы қажет.
Білім беру
мазмұны,
әдістемелері
Білім беру
ұйымдарын
басқару жүйесі
Барлық
деңгейлердегі
білім
беру жүйесі
Сабақ беру -
оқыту жүйесі
Ортақ мақсат
-субъектіні
ӛзіндік
дамыту