106
олардың мүмкіндіктерін анықтай білу және пайдалану,
ӛзгелермен қарым – қатынас жасау, мәселелерді талдау мен
шеше білу жолдарын меңгеруде жобалау әрекеттерін
ұйымдастыру тиімді болады.
Педагогикалық ұжымда жүзеге
асырылатын жобалау
әрекеті ең алдымен, педагогтардың құзыреттілігін дамытуға
бағытталса, олар оқыту барысында білім алушылармен жаңа
субъектаралық қарым-қатынастар орнату арқылы білім
берудің жаңа сапасын қамтамасыз етеді деп күтіледі.
Білім беру ұйымдарын дамытуда
жобалауды жүзеге
асыру тәжірибеде әлі де аз кездеседі, бүгінде бұл жұмыс
педагогтарды дамыту қызметі негізінен әдістемелік
семинарлар арқылы жүргізіліп отыр.
Соған байланысты,
педагогтарды жобалау қызметіне тарту олардың нақты іс -
әрекетін жобалау арқылы ӛз тәжірибелері негізінде
жүргізілуі тиіс.
Осылайша,
педагогикалық
ұжымдарда
жаңа
құзыреттілік
нәтижелеріне
сай
мақсаттық-бағдарлы
ӛзгерістерді жүзеге асыру үшін педагогтармен
жобалау
қызметін ұйымдастыру қажеттілігі және осы мақсатта
ұжым мүшелерінің арнайы құзыреттіліктерін қалыптастыру
міндеттері отыр.
Педагогикалық ұжымды жобалау әрекетіне тікелей
қатыстыру арқылы оқытудың негіздемелері:
– жобалау
барысында
негізгі
міндеттер
қатысушылардың ойлау және іс - әрекеттерінің
нәтижесі
ретіндегі жобалар арқылы жүзеге
асырылады;
– жобалауға қатысушылардың ойлау әрекеттері мен
тәсілдерін ӛзгертуге мүмкіндік беріп, ӛзара тиімді
қарым–қатынастар қалыптастыруға ықпал етеді, ал
ӛзара түсіністік жағдайында ұжымды
жаңарту
жұмыстары нәтижелі болады;
– жобалау
ұжымның
әрбір
мүшесі
үшін
құндылықтары мен
қабілеттерінің, дағдылары
мен ішкі сенімдерінің ӛзгеруіне ықпал етеді;
– жобалау педагогтарға жаңа іс - әрекет түрлеріне
қатысуға,
оларды игеруге мүмкіндік береді, сонда -
107
ғана олардың бойында ӛзгерістер жасауға
қабілеттілік пайда болады;
Сӛйтіп, қазіргі заман талаптарына сай болу үшін білім
беру жүйелеріне қажет іс-әрекеттер:
оқытудың жаңа
идеялары, әдістері мен технологиялары, білім беру
инфраструктурасының жаңартылуы, т.б. жобалауды игеру
нәтижесінде мүмкін болатын ӛзгерістер.
Педагогикалық ұжымдағы адам ресурстарының жаңа
сапасын қалыптастыру мақсатындағы ӛзгерістер ең әуелі,
педагогтардың инновациялық мүмкіндіктерін дамытуға
бағытталса, оның нәтижесі
білім берушілермен қарым -
қатынастың ӛзгеруіне әкеледі.
Осылайша, педагогикалық ұжымды арнайы дайындау
арқылы олардың педагогикалық қызметін жаңаша
ұйымдастыруына
қажетті
құзыреттілік
сапалары
қалыптасады деуге болады.
Жобалау әрекетін жүзеге асыру оны ұйымдастыратын
адамдардың құзыреттілігінің жоғары болуын талап етеді,
ӛйткені, ұйымдағы педагогтардың жобалауды ӛз
тәжірибелеріне ендіруі үшін қолайлы жағдай қалыптастыру
қажет.
Педагогтардың құзыреттілігін дамыту олардың
оқытудағы жобалаудың мазмұны мен әдістерін, оның
тиімділігін, бағалау кӛрсеткіштері мен ӛлшемдерін
жасай
білуді меңгеруімен тығыз байланысты.
Ол үшін, алдымен, педагогтардың жоба жетекшілері
ретіндегі арнайы құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған
бағдарламасының мазмұнын, соған орай, күтілетін нәтижесін
құрастыру керек. Олар тӛмендегі құзыреттіліктер болып
анықталады:
– жаңа нәтижелерге бағытталған оқыту үдерісін
жобалай білу және оны жүзеге асыру жолдарын
жасай білуі;
– оқушылардың жобалау қызметін ұйымдастыра
білу;
– жобалардың тиімділігін бағалай білуі;
Одан кейін, бағдарлама бойынша жоспарланған оқыту
мен тәжірибені ұштастыру барысында жобалау әдістерін
игерген
педагогтардың
аталған
құзыреттіліктерінің
108
қалыптасу деңгейі олардың жұмыс ӛнімдері немесе,
күтілетін
нәтижелері - жасалған жобаларға сараптама
беріледі. Сараптама бірнеше деңгейлерде ұйымдастырыла
алады: берілген ӛлшемдерге сәйкес ӛзіндік сараптама,
жобалау қызметін ұйымдастырушы сараптамасы немесе,
басқа ұйымнан шақырылған тәуелсіз сараптамашы маман
бағасы.
Жобаларды бағалаудың бүгінгі күні бірнеше ӛлшемдері
мен кӛрсеткіштері қалыптасып отыр, олардың ең кӛп
пайдаланылатыны тӛмендегі бағалау картасы:
Достарыңызбен бөлісу: