тұтастық, синергетикалық, мақсаттық-бағдарлылық,
технологиялық, құзыреттілік, нәтижелілік, кері
байланыстық ұстанымдар жүйесі анықталды.
Жүйелік пен тұтастық ұстанымы. Педагогикалық
үдерістің жүйелік табиғатын басшылыққа алу оны тиімді
ұйымдастырудың алғышарттарын құрауға негіз болады. Бұл
педагогикалық үдерісті тұтас жүйе ретінде қарастырып,
оның негізгі қасиеттеріне сүйенуге мүмкіндік береді.
Жүйенің интегративті сапасы ескеріліп, бір компоненттегі
ӛзгерістер басқа компонент, не тұтас жүйенің ӛзіне ӛзгеріс
енгізе алады. Сӛйтіп, жүйенің басқарудағы біртұтастығы
жүйенің барлық компоненттерінің дамуына, тұрақтануына,
нығаюына ықпалы болады.
Синергетикалық ұстаным. Бұл тұрғыдан алғанда,
адамдар, әлеуметтік ұйымдар ашық және ӛзгеретін,
сыртқы ортамен қарым-қатынас арқылы ӛзін-ӛзі дамытуға
ӛзіндік мүмкіндігі бар жүйе. Осындай сапаларын атай
отырып, педагогикалық жүйенің барлық деңгейлерінің де
синергиялық қасиетін кӛруге болады. Жобалау әрекеті
ӛзінің мүмкіндіктері, ресурстары арқылы білім алушылар
мен педагогтардың ӛзіндік дамуы мен ӛзіндік білім алуын
ұйымдастыратын синергиялыққа негізделеді. Сӛйтіп,
жобалауда
синергетикалық
принциптің
сақталуы
педагогтардың,
білім
алушылардың,
шығармашылық
топтардың, сыныптың, білім беру ұйымының, т.б. ӛзін-ӛзі
басқару негізінде дамуын қамтамасыз етеді.
Мақсаттық-бағдарлылық ұстаным жобалаудың белгілі
бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталуын, сонымен қатар
жүйенің барлық компоненттеріндегі ӛзгерістер жалпы жүйе
мақсатына сәйкес ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді
қажет етеді. Бұл принцип сонымен қатар, мақсат қою
барысындағы ізденушілік пен зерттеушілік әрекеттер
негізінде жобалау талдау қызметін де қамтиды.
Технологиялық ұстаным жүйенің алдына қойылған
міндеттерді орындаудың технологиялық реті құрастырылып,
қажетті ресурстардың алдын ала анықталуын қамтамасыз
115
етеді. Технология талаптарына сай, қатысушылардың
қызметтерін бӛлісу және оларды үйлестіріп отыру,
ұйымның мақсатына қарай жылжуын қамтамасыз етеді. Бұл
принцип жобалауға қатысушы адамдардың мақсаты мен
жүйенің даму мақсатын сәйкестендіріп отыруға мүмкіндік
береді;
Құзыреттілік
ұстанымы
жобалауға
қатысушылардың мақсатты орындауға мүмкіндік беретін
құзыреттіліктері болуын қажет етеді. Жобалау – ақпараттық,
коммуникативтік, рефлексиялық әрекеттер арқылы жүзеге
асырылады ӛйткені, жобалау барысында қамтылатын
педагогикалық талдаулар мен шешімдер, болжау мен
жоспарлау қызметтері негізінен оған қатысушылардың
құзыреттіліктеріне байланысты. Бұл құзыреттіліктер
адамдарға ӛз тәжірибесінен байыптай, зерттей отырып,
мәселелерді талдау, бағалау, арқылы нәтижелі қызмет
жасауға мүмкіндік береді.
Кері байланыс ұстанымы. Жобалауды ұйымдастыруда
мақсат-міндеттермен қатар күтілетін нәтижелер белгіленеді.
Педагогикалық үдерісте нәтиженің орындалу барысы,
жолдары мен тәсілдері талданып, объективті баға беріледі.
Кез келген педагогикалық жүйе ашық әлеуметтік-
педагогикалық жүйе ретінде әлеуметтік ортамен, ата-
аналармен, түрлі қоғамдық ұйымдармен, сонымен қатар
ұйым ішіндегі адамдармен диалогтық қатынас
ұйымдастыра алады. Ӛзіндік түзету, коррекциялау, ӛз
әрекетіне ӛзгеріс енгізу арқылы нәтижелердің тиімділігін
қамтамасыз етеді.
Нәтижелілік ұстанымы жобалау нәтижесінде
орындалуы тиіс күтілетін нәтижелердің алдын ала нақты
сипатталуы
мен
оған
қол
жеткізуге
бағытталған
технологиялар мен тиімді әдіс - тәсілдердің, ресурстардың
таңдалуымен
қамтамасыз
етіледі,
сонымен
қатар,
нәтижелердің мақсатқа сәйкестілігі сараптамалар арқылы
анықталады.
Сонымен
қатар,
Педагогикалық
жүйелер
қызметтерінің нәтижелері жүйе ішіндегі ӛзара тығыз
байланыста болып келетін кӛптеген факторларға – ресурстар
мүмкіндігіне,
ұйымдастырушылық
ерекшеліктеріне,
116
педагогтар
құндылықтарына,
сыртқы
ортамен
байланысына т.б. тәуелді екені ескеріледі.
Педагогикалық жүйенің жалпы мақсаты мен барлық
құрылымдардың мақсаттарын сәйкестендіру және қызметтік
құрылым мен адам ресурстары құрылымын нәтижеге жетуде
тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін мақсаттық - бағдарлы
жобалар болып табылады.
Мақсаттық - бағдарлы жобалар тиімді дамыту құралы
болып табылады ӛйткені, оны қолдану жағдайлары (белгілі
бір құрылымдық жүйеге ӛзгерістер ендіру, туындаған
мәселені кешенді тұрғыдан шешу қажеттігі, әлеуметтік даму
тенденцияларына сәйкес ӛзгерістер, т.б.) ӛтпелі кезеңнің
ерекшелігіне толық жауап береді сонымен қатар, бұл
бағдарлама әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сай
мемлекеттік, аймақтық, аудандық қана емес, белгілі бір жүйе
немесе ірі мекеме, ұйым деңгейлерінде де сапалы
ӛзгерістерді жүзеге асырудың негізгі жолы ретінде
қарастыруға мүмкіндік береді.
Жобалау негізінде шығармашылық топтар, шағын
топтар, белсенді топтар құрылуы мен олардың ӛзара
байланыстарын кӛлденең, немесе желілік сипатта нығайту
қажеттігі, мәселелердің негізінен пәнаралық және
интегративтік сипатта болуы қалыптасқан құрылымға
ӛзгерістер қажеттігін тудырып, дәстүрлі қызметтер
матрицалық құрылым арқылы үйлестіріле қолданылады. Бұл
иерархиялық түрдегі жоғарыдан тӛмен қарай басқарудың
орнына, басқарылатын кіші жүйелердің немесе элеметтердің
әрқайсысының мақсатын орындауды кӛздейтін жүйеааралық
кӛлденең байланыстардың
болуына негізделеді.
Матрицалық құрылым ӛзара байланыстардың жаңа түрі
болып табылады. Оның басты ерекшелігі-басқарудағы
дәстүрлі қызметтік және жүйе элементтері мен басқарушы
органдар
арасындағы
міндеттер
мен
ӛкілеттіктері,
жауапкершіліктерді мақсатқа сай үйлестіруге сүйене
отырып, мақсаттық бағдарлы іс-әрекеттердің ерекше
қызметін ұйымдастыра алуында.
Осылайша, жобалау қызметі барысында жаңа
бӛлімшелер құру, ӛз тиімсіздігін кӛрсетіп отырған
117
құрылымдық бӛлімдерді жабу немесе қайта құру, ішкі
кадрлық ӛзгерістер, т.б. жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
Мақсаттық - бағдарлы жобалардың алдымен дәстүрлі
басқару циклдік айналымына–жоспарлау, ұйымдастыру,
бақылау, есептеу, реттеу, талдау негізделетінін ескеру қажет.
Мысалы бірінші кезеңде, жобалық бағдарлама құрастыру,
кіру және шығу мәліметтерін дайындау, нәтижелерді
бақылау, бағалау ӛлшемдерін даярлау, жобаны талдау және
оны түзету жолдарын жасау, талдау нәтижелерін ескеру және
жобаны ӛзгерту жолдарын белгілеу.
Екінші кезеңде, тиісті қызметтік сала басшылары мен
бӛлімшелердің, мамандардың арнайы міндеттері мен
қызметтерін бекітіп беру қажет, олар берілген мақсат
ауқымына сай әртүрлі болуы мүмкін.
Жүйені мақсаттық-бағдарлы жобалау қызметі
негізінде дамытудың үлгілік матрицалық құрылымы
мақсатты түрде күтілетін нәтижелерге бағытталауын
кӛздейді. Мақсаттық - бағдарлы жобалар тұрақты сипатта
да, уақытша сипатта да бола алады. Әрбір жобалық
бағдарламаны
басқарушы
тағайындалып,
салалық
орынбасарлардың немесе кіші жүйе басшыларының
қызметтері
белгіленген
мақсаттарға
сай
арнайы
ұйымдастырылады.
Тӛмендегі 6-суретте мақсаттық-бағдарлы жобалaу
қызметін ұйымдастырудың матрицалық құрылым үлгісі
ұсынылып отыр.
118
Сурет 6 − Мақсаттық –бағдарлы жобалаудың үлгілік
матрицалық құрылымы
Матрицалық
құрылымның
басты
элементтері–
мақсаттық - бағдарлы жобалар (суретте шеңберлер ретінде
берілген), олар салалық басшылар мен ондағы
қызметкерлердің
мақсатты
бағдарламаны
орындау
барысындағы қайталанып отыратын қызметтерін кӛрсетеді.
Суреттегі тік сызықтар–басқару қызметтерімен және
кӛлденең
сызықтар–мақсаттық-бағдарлы
жобалармен
байланыста
болатынын
бейнелейді.
Педагогикалық
жүйелердің бүгінгі таңда бір уақытта бірнеше мақсаттарын
орындау қажеттігі туындап отырады, ол үшін жүйені
басқарушылардың тікелей ұйымдастыруын талап ететін
бірнеше бағыттар қамтылуы қажет.
Оларды жүзеге асыру, бір жағынан, жүйенің тұрақты
жұмысын қалыпты жағдайда басқару, екінші жағынан,
жаңадан туындап отырған мақсаттарды нәтижелі орындауға
байланысты күрделенетіні белгілі. Мысалы, соңғы жылдары
Жүйені басқарушы (ректор, директор,
жетекші ... )
Достарыңызбен бөлісу: |