158
8. Жобаны жүзеге асыратын топтар не командаларға
қойылатын талаптар.
9. Жобалау негізіндегі ұйымдастыршылық ӛзгерістер
мәні.
10.
Глоссарийді жалғастыр.
4. Педагогикалық жобалаудың нәтижелері және
бағалау
Педагогикалық
жобалаудың
нәтижелері
педагогикалық жүйелерді дамыту мақсаты арқылы
анықталады, олар,
сонымен қатар, мақсатты орындауды
кӛздейтін сан түрлі әдістердің болуын қажет етеді.
Педагогикалық
жүйелерді
дамыту
сыртқы–қоғамның
әлеуметтік талап - сұраныстары және ішкі – әлеуметтік -
педагогикалық жағдайларына тікелей байланысты. Сонымен
қатар, білім беру ұйымдары басқа да педагогикалық
жүйелер сияқты қол жеткізген
нәтижелердің деңгейіне
қатысты сипатталады.
Кез келген деңгейдегі мақсат-мазмұндық толықтыққа ие
болуы тиіс, оның мәні–алынатын нәтиженің барлық
сапаларының
қажеттіктер
мен
талаптарға
сәйкес
белгіленуінде. Сонымен қатар, мақсатқа сай күтілетін
нәтижелерді анықтау барысында оларды диагностикалауға,
бақылауға келетін параметрлері белгіленуі тиіс. Яғни,
мақсатты
анықтау
дегеніміз–күтілетін
нәтижелердің
сипаттамасын
тексеруге, ӛлшеуге болатындай етіп кӛрсету.
Мақсат толықтай диагностикалауға келетін болуы тиіс,
сондықтан, оны осы талаптарға сай дәл қоя білу қазіргі
басқарушылардың құзыреттілігінің, басқарушылық ой–
әрекеттері деңгейінің басты кӛрсеткіштері болып табылады.
Жобалауға тән негізгі белгілерінің бірі –
олардың белгілі
бір мақсатқа жету үшін құрылатыны, саналы түрде
қойылған
мақсат бұдан кейін оны жүзеге асыру барысында
қалыптасатын
белгілі бір түпкілікті нәтижеге айналады.
Сӛйтіп, педагогикалық жобалардың
мақсатқа сәйкес іс-
әрекеттердің орындалуына байланысты оның мақсаттылық,
мақсатқа ұмтылушылық қасиеті белгіленеді.
159
Мысалы, педагогикалық жүйе ретіндегі дәстүрлі сабақ
үдерісін алатын болсақ, оның
білімдік, дамытушылық және
тәрбиелікке негізделген мақсаты сабақтың құрылымдық
бӛліктеріне (тапсырманы тексеру, қайталау, жаңа тақырыпты
меңгеру, бекіту, қорыту) қатысты таратылады, яғни сабақты
әр бӛлігінің мақсаты айқындалады.
Педагогикалық жүйе ретіндегі еліміздің жалпы білім
беру жүйесі алынатын болса,
оның мақсаты жоғары білім
беру жүйесі, техникалық-кәсіби білім беру жүйесі, жалпы
орта білім беру жүйесі, мектепке дейінгі білім беру жүйесі,
педагогтардың кәсіби біліктілігі арттыру жүйесі, т.б.
мақсаттарына қатысты декомпозицияланады.
Одан кейінгі кіші жүйелердің әрқайсысының ӛзіндік
мақсаттарына сай алынатын түпкілікті ӛнімді білдіретін
күтілетін нәтиже белгіленеді. Мақсаттар жүйесінің
деңгейлері жүйенің күрделілігіне қарай тағы да одан да кіші
элементтерді қамтып, одан әрі сатылануы мүмкін.
Сондықтан,
шартты
түрде
аяқталған
құрылымдық
мақсаттар жүйесінің таралымы (декомпозициясы) одан әрі -
Достарыңызбен бөлісу: