Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет71/142
Дата24.01.2024
өлшемі2.09 Mb.
#489708
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   142
bahisheva-ped-jobalau

 
 
Сҧрақтар мен тапсырмалар 
1. Жобалау–оқушылардың 
ӛз 
бетіндік 
оқу
белсенділігін арттыру технологиясы ретінде. 
2. Оқушылардың 
жобалау 
әрекетін 
ұйымдастырудағы педагогтың рӛлі. 
3. Оқушылар–жобалау әрекетінің субьектісі ретінде. 
4. Жобалау барысындағы педагогтың іс – әрекеттері. 
5. Оқушылардың жобалау әрекетінің түрлері. 


200 
6. Оқушылардың жобалау әрекетінің құрылымы. 
7. Жобалау және ғылыми зерттеу. 
8. Жобалау және жобалауға қабілеттілік. 
9. Оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыру 
тақырыбы ұсынып, негізгі кезеңдерін анықтаңыз.
10. 
Глоссарийді толықтырыңыз. 
2. Жобалау – оқу әрекетінің ерекше тҥрі ретінде
Бүгінгі таңда білім беру нәтижелері бүгінде жаңаша 
қарастырылуда, олар: ӛз бетімен білу алуға, әлеуметтік 
ортада ӛмір сүруге қабілеттілігі, шешім қабылдауға, мәселені 
шешуге 
қабілеттілігі, 
ақпараттық, 
қарым–қатынастық 
(коммуникативтік) 
құзіреттілігі, 
жауапкершілігі 
мен 
белсенділігі, т.б. 
Бұл нәтижелер оқушылардың жобалау әрекеті негізінде 
қалыптасатын нәтижелер, соған орай, жобалау мектептің 
барлық сатыларындағы оқыту барысын түгел қамтитын 
әрекет деп айтуға әбден болады. 
Жобалау әрекетінің жасӛспірімдер үшін маңыздылығы 
зор. Бұл жобалаудың басқа жастағы балалар үшін қажеттігі 
болмайды дегенді білдірмейді. Жасӛспірім шақтағы жобалау 
осы кезеңдегі бала дамуының психологиялық және 
әлеуметтік міндеттеріне сай келеді. Ал, білім беру 
міндеттеріне келетін болсақ, жобалау әрекетін білім беру 
нәтижелеріне қол жеткізу құралы ретінде қарастыру қажет. 
Бастауыш мектепте оқушыларға қысқаша ғана 
тапсырмалар немесе шығармашылық тапсырмаға ұқсайтын 
микро – жобалар беріледі. Шығармашылық деп аталу себебі 
– жоба барысында оқушы қалыптасқан әдіспен орындауын 
қажет етпейтін, дәстүрден тыс, ой–қиялын қозғайтын жағдай 
туғызады. Бұл тапсырмалар жеке оқушыға, не шағын 
топтарға да берілуі мүмкін. Әрине микрожобалар оқу 
әрекетінде түгелдей ӛз бетіндік жұмысты әзірше қамтамасыз 
етпейді, бірақ оның пайда болуына, дамуына ықпал ете 
бастайтыны сӛзсіз. Солай бола тұрса да, бұл жағдайда 
дәстүрлі оқытудағыдай оқушының жекелік ерекшелігі, ой – 
қиялы шектелмейді, бірін–бірі тыңдауға, бірлесіп оқуға, 
шешім қабылдауға мүмкіндік жасалады. Бастауыш мектепте 


201 
қалыптасқан ӛзара қарым–қатынас, бірін–бірі тыңдау, 
бірлесіп оқу, үйрену мәдениеті қалыптасуы, кейін негізгі 
мектепте жобалау әрекетін жүргізудің басты құралдары бола 
алады. 
Микрожобаларды 
ұйымдастыру 
оқыту 
ситуациясындағы 
жекелік 
тұрғыны 
жүзеге 
асыруға 
мүмкіндік 
береді. 
Педагогикалық 
әдебиеттерде 
жиі 
кездесетін тапсырманы таңдау, жұмыс түрін, топ мүшелерін 
таңдау аз қолданылатыны белгілі. Ал, кішкене ғана, қысқаша 
және аз уақытта орындалатын тапсырмалар балалардың 
ӛзіндік ерекшеліктерін, ӛз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін 
ашуға мүмкіндік береді. 
Бастауыш мектепте жобалау әрекеттерін пайдалану 
бала бойында жаңа сапаларды дамытып қана қоймай, осы 
жаста ойын үстінде дамитын еркін ойлау, ой белсенділігі, 
елестету – қиялдау қабілеттерінің сақталуына оң әсер етеді. 
Сондай–ақ, микрожоба барысында олардың мінез–құлқында 
пайда болатын ӛз әрекетін ұйымдастыру, ӛзін - ӛзі басқара 
білу, 
ӛзгелермен 
санасу 
сияқты 
дағдылары 
да 
қалыптасатыны сӛзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет