192
– құралдары, белгіленген (білім мазмұны, түрлері,
әдістері, ұйымдастыру ресурстары)
– нәтижелік ӛнімнің болуы (мектеп бітірушінің
белгілі бір сапалары)
Білім берудің осы
сипатына қатысты алатын болсақ,
педагог – жоба ретінде жүзеге асырылатын білім берудің
мақсатын жүзеге асыратын агент. Ӛйткені, ол педагогикалық
әрекеттерді ұйымдастыру арқылы күтілетін нәтижелерге
сәйкес оқушының дамуын бағыттап отырады. Оның басты
құралдары оқыту мен тәрбиелеу.
Педагогты жай орындаушы деп қарай алмаймыз, себебі
орындаушы белгіленген операцияларды рет–ретімен, бір
тәртіппен орындайтын адам. Оқыту үдерісінде балалардың
барлығы білім беру әрекеттеріне бірдей деңгейде араласа
алмайды,
сондықтан, педагог әрбір нақты оқушының
ерекшеліктеріне қарай ӛз әрекеттерін ұйымдастырушы, яғни
субъект рӛлін атқарады. Осыған байланысты
педагог – білім
беру үдерісінің субъектісі деп айта аламыз. Ӛйткені, педагог
субьект ретінде мақсат қояды, оған сай құралдарды
анықтайды, нәтижені алуға күш жұмсайды, түрлі
жағдайларды ескере отырып, ӛзінің ұйымдастыруының
амалдарын орындайды, ӛзгертеді, түзетеді, бағалайды.
Енді,
осы жағдайда оқушы – білім беру үдерісінің
субъектісі бола ала ма? Соңғы кездері бұл ӛте кеңінен
қолданылып жүрген мәселе. Оқушыларға жекелеген білім
беру, тұлғалық–бағдарлы оқыту, субъект–субъектілік тұрғы
деген түсініктердің ендірілуіне байланысты бұл мәселе
кеңінен талқылануда, оқушының субъектілігі кеңінен
қарастырылуда.
Білім берудің әлеуметтік
мақсатын қарастырсақ,
оқушыға мақсат сырттан беріледі, бұл – оқушының мақсаты
емес, әлеуметті құндылық. Ал оқушы оны ӛзі үшін құндылық
деп қарастырмауы мүмкін. Бірақ оқушы ӛзін-ӛзі дамытуды
ӛз міндетіне алса, онда білім алу оның мақсатына айналады.
Айта кету керек, оқушыларды дәстүрлі оқытуды жүзеге
асыруды педагогтың жобасы деуге де болады. Педагог оқыту
барысындағы әрбір педагогикалық әрекеттің неліктен қажет
екендігін, жаңа тақырыпты түсіндірудің мақсатын, бақылау
жұмысын жаздырудың неліктен қажет екенін нақты біледі.
193
Дәстүрлі оқыту жүйесінде педагогтың әрбір қадамы берілген
әдістемеден ауытқымайды, ӛзінің не айтатыны, оқушының
қалай жауап беру тиістігі алдын ала белгіленеді және дәл
солай орындалуы талап етіледі.
Жобалау
әрекетін
ұйымдастыруда
да
педагог
оқушылардың жұмысын жоба түрінде құрады. Педагог білім
беру мақсатын анықтайды, оған жетудің белгілі бір
жолдарын ұсынады және қорытынды нәтиженің қалай болуы
тиістігін алдын ала белгілейді. Осылайша, педагог әрекетінің
ӛзі жобалық әрекет. Дәстүрлі оқытумен салыстырғанда,
жобалау әрекеті барысында педагогтың ӛз жауапкершілігі
мен ӛзіндік іс-әрекеттері кӛбейеді, ӛйткені, ол оқушылардың
жұмыстарын жоба жасауға бағыттайды, жоба жасау арқылы
олардың түрлі қабілеттерін анықтайды, одан әрі дамытады.
Ол ӛзінің оқыту
жобасының нәтижесіне ғана емес,
оқушылардың жобасы арқылы ӛнімінің нәтижесіне де жауап
береді.
Педагогтың білім беру жобасы оқушылардың жобалары
арқылы жүзеге асырылады, егер педагог оқушылардың
жобаларын тиімді ұйымдастырып, олар ӛнімді және нәтижелі
болған жағдайда педагогтың білім беру (оқыту) жобасы ӛз
мақсатын орындайды.
Бұл жерде оқушылар жобасының ӛнімі - шартты ұғым,
ол оқушының белгілі бір
білімдік, дағдылық, құзіреттілік,
Достарыңызбен бөлісу: