Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


Тексеру және калибрлеу әдістері, тексеру сұлбасы



Pdf көрінісі
бет11/133
Дата28.01.2024
өлшемі6.25 Mb.
#490121
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   133
Шишмарёв Өлшеуіш техникасы. Оқулық

1.8. Тексеру және калибрлеу әдістері, тексеру сұлбасы 
Өлшеу құралдарын тексерудің және калибрлеудің төрт әдістерін 
қолдануға рұқсат етіледі: 
1) эталонмен тікелей салыстыру; 
2) компаратор көмегімен салыстыру; 
3) шаманы тікелей өлшеу; 
4) шаманы жанама өлшеу. 
Тексерілетін өлшеу құралының тиісті разрядын эталонмен тікелей 
салыстыру әдісін әртүрлі өлшеу құралдары үшін электрлік және 
магниттік өлшеу, электр кернеуін, электр тогының жиілігін және күшін 
анықтау сияқты салаларда кең қолданады.
Әдіс негізіне тексерілетін және эталондық аспаптардың бір және 
сол физикалық шамасын бір уақытта өлшеуді жүргізу жатады. Бұл 
ретте, өлшеу құралының тексерілетін және эталондық көрсеткіштерінің
айырмасы ретінде, эталон көрсеткішін шаманың нақты мәні үшін 
қабылдай отырып, қателігін айқындайды. Осы әдістің құндылығы оның 
қарапайымдылығымен, көрнекілігімен, автоматты тексеруді қолдану
20 


мүмкіндігімен, күрделі құрал-жабдықтарға қажеттілігінің болмауымен 
тұжырымдалады. Компаратордың көмегімен салыстыру әдісі 
тексерілетін және эталондық өлшеу құралын салыстыру көмегімен
салыстыру аспабын қолдануға негізделген. Компаратор, егер де бір 
және сол шаманы өлшейтін аспаптар көрсеткішін салыстыру мүмкін 
болмаған 
жағдайда 
пайдаланады, 
мысалы: 
екі 
вольтметрді 
пайдаланғанда, оның біреуі тұрақты, ал екіншісі ауыспалы тоқты 
өлшеу үшін жарамды болғанда. Осындай жағдайларда тексеру 
сұлбасына аралықтық тармақ-компаратор енгізіледі. Келтірілген мысал
үшін потенциометр талап етіледі және де сол компаратор болады. 
Тәжірибеде компаратор, егер ол тексерілетін, сондай-ақ эталондық ИП 
сигналына бірдей жауап қайтаратын болса, кез келген өлшеу әдісіне 
қызмет ете алады. Осы әдістің құндылығын мамандар екі шаманың 
уақыт бойынша салыстыру дәйектілігінде деп есептейді.
Шаманы тікелей өлшеу әдісін белгіленген өлшеу шегінде 
сыналатын аспапты эталондықпен салыстыру мүмкін болғанда 
қоланады. Бүтіндей осы әдістің жұмыс қағидаты тікелей салыстыру 
әдісінің жұмыс қағидатына ұқсас, бірақ тікелей өлшеу әдісімен әр 
диапазонның (және қосымша диапазонның, егер бұл аспапта бар болса) 
барлық сандық белгісіне арналған салыстыру жүргізіледі. Шаманы 
тікелей өлшеу әдісін, мысалы: тұрақты электр тоғының вольтметрін 
тексеру немесе калибрлеу үшін қолданады.
Шаманы жанама өлшеу әдісін өлшенетін шаманың нақты мәндерін 
тікелей өлшеулермен анықтау мүмкін болмағанда немесе егер де 
жанама өлшеулер тікелейге қарағанда, неғұрлым дәл көрсеткенде 
пайдаланады. Басында осы әдіспен ізделіп отырғанның сипаттамасын 
емес, ізделіп отырған нақты тәуелдікке қатысты басқа сипаттамаларды
табады. Ізделіп отырған сипаттама есептік жолмен айқындалады. 
Мысалы: эталондық амперметрмен тұрақты тоқтың вольтметрін 
тексеру және калибрлеу кезінде, бір мезгілде кедергісін өлшей отырып, 
тоқтың күшін белгілейді. Одан кейін кернеудің есептік мәнін 
калибрленетін немесе тексерілетін вольтметрдің көрсеткішімен 
салыстырады. Жанама өлшеу әдісін әдетте автоматтандырылған 
тексеру және калибрлеу қондырғыларында қолданады.
Эталоннан жұмыстық өлшеу құралдарына өлшеу бірліктері 
мөлшерлерінің дұрыс берілуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік 
эталонның, 
разрядтық 
эталонның 
және 
жұмыстық 
өлшеу 
құралдарының 
метрологиялық 
бірлесуін 
белгілейтін 
тексеру 
сызбалары құрастырылады.
Тексеру сызбалары мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді.
Мемлекеттік тексеру сызбалары елде қолданылатын барлық өлшеу 
құралдарының осы түріне қатысты. Жергілікті тексеру сызбалары 
21 


 министрліктің 
метрологиялық 
органдарына 
арналған. 
Бұған 
бағынысты кәсіпорындардың өлшеу құралдары қатыстырылады. 
Барлық жергілікті тексеру сызбалары мемлекеттік тексеру 
сызбасымен айқындалатын, қатар бағынатын талапқа сәйкес болуы 
қажет (1.3-сурет). Мемлекеттік тексеру сызбаларын Техникалық реттеу 
және метрология жөніндегі федералдық агенттіктің ғылыми-зерттеу 
институттары, мемлекеттік эталон иесі әзірлейді.
1.3-сурет. Мемлекеттік тексеру қызметін ұйымдастыру құрылымы 
22


Мемлекеттік тексеру сызбасының жалпы түрлерін қарастырайық. 
Эталондар мен жұмыстық өлшеу құралдарының атауы әдетте, тік 
бұрыштарға (мемлекеттік эталон үшін тікбұрыш қатысты екі 
контурлық болып табылады) қатысты. Мұнда сызбаның осы сатысына 
арналған метрологиялық сипаттамалар көрсетілген. Сызбаның төменгі 
бөлігінде жұмыстық өлшеу құралдары орналасқан, оларды дәлдік 
дәрежесіне байланысты (яғни, өлшеу қателігі) бес санатқа бөледі: ең 
жоғарғы дәлдік, жоғарғы дәлдік, орташа дәлдік, төменгі дәлдік. Ең 
жоғарғы дәлдік әдетте мемлекеттік эталондық өлшеу құралының 
қателігі дәрежесіне шамалас келеді. 1-4 разряд эталондары жоғарғы, 
орташа және төменгі дәлдіктерді беру әдістеріне сәйкес келеді. 
Тексеру сызбасының әр сатысында бірлік мөлшерін берудің тәртібі 
(әдісі) реттеледі. Тексеру және калибрлеу әдістерінің атауы 
сопақшаларда орналасқан, сондай-ақ онда тексеру және калибрлеу 
әдісінің рұқсат етілген қателіктері көрсетілген. Шама бірлігінің 
мөлшерін беру дұрыстығының негізгі көрсеткіші тексеру сызбасының 
жоғары тұрған және төмен тұрған сатылары арасындағы өлшеу 
құралдары қателігінің ара қатынасы болып табылады. Бұл қатынастың 
кемшіліксізі 1:10 болуы қажет, алайда тәжірибеде бұған жету мүмкін 
емес және минималды рұқсат етілген ара қатынасқа 1:3 есептеу 
қабылданған. Осы ара қатынастың шамасы неғұрлым көп болса, ИП 
көрсеткішінің дұрыстығына сенімділік соғұрлым аз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет