www.alfarabijournal.org 4 (76) 2021 | Аль-Фараби. ISSN 1999-5911
109
К. Рысберген, Д. Садық, Н. Рсалиева. Алматы қаласы ономастикалық кеңістігінің...
ко),
РиК (Рим және Компания). Басқа жағдайларда, бұл қарапайым квази-сөздер,
санада екі түрлі ассоциация тудыратын эргонимдер:
Жан плов Лагман, яғни
Жан-Клод Ван Дамм,
Saebiz – Сәбіз,
Сильвестр в столовой – Сильвестр Сталло-
не,
Брюс Рис – Брюс Ли және т.б. немесе номинатор мағынасын түсіндіруден бас
тартатын түсініксіз атаулар, мәселен:
775, Валдэм, Стуз, BHB және т.б. Семанти-
касы күңгірт атаулардың саны аз болғанымен, соңғы жылдардағы көрсеткіштер
бойынша, жаңадан ашылған эргонимдік объектілердің қойылу уәжділігінің арту-
ына жастардың слэнг сөздерінің интернет желісіндегі таралымы мен қоғамның
еуропоцентристік көзқарасындағы қақтығыстар себеп болып отыр.
Сондай-ақ жоғарыдағы 1-кестеде эргонимдердің семантикалық тәсіл арқылы
жасалуының негізгі үш түрі көрсетілген. Мысалға келтірілген эргонимдік атау-
лар тікелей Алматы қаласының лингвистикалық ландшафтысымен байланысты.
Кестеде көрсетілген сөз тіркесі категориясындағы билингвалды графикалық
атаулардың саны күннен күнге артып келеді. Бұл жаһанияттағы тілдік ахуал мен
ағылшын тілінің кең таралымдылығы, интернет желісіндегі батыстық бағыттар
мен Алматы қаласының мегаполистік деңгейін көрсетеді. Бұның айқын көрсеткіші
ретіндегі қаладағы фитнес орталықтарының атауларын мысалға келтіре аламыз.
Зерттеуімізге негіз болған 108 фитнес орталықтың 101-і ағылшын тілінде, латын
графикасында таңбаланған, оның ішінде 30-дан аса атау
fit не
fitness,
gym және
sport тіркесімен берілген, Мысалы:
Fitnessblitz, Technofit, Urban Gym, Workout
Fitness & Gym, Cordial Crossfit, т.б. Қаланың эргонимдік жүйесінен
қаһарман,
батыр, ержүрек, Алпамыс, Қажымұқан сынды ұлттық мазмұндағы менталды
ассоциативтік онимдермен келетін спорттық қешен атауларын таба алмадық.
Сонымен, Алматы қаласы бойынша 1424 жинақталған эргонимдік бірліктің
222-сі қазақ тілінде, 250-і орыс тілінде, ал 436 атау біріңғай латын графикасын-
да (ағылшын, испан, итальян, француз және т.б. тілдерде)
рәсімделген болып
шықты.
Достарыңызбен бөлісу: