102
ISSN 1999-5911. Әл-Фараби | 4 (76) 2021 www.alfarabijournal.org
Тіл. Халықаралық қатынастар. Саяси үрдіс
Түйін сөздер: тіл саясаты, әлеуметтік ономастика, жаһандану, урбаноним, эрго-
ним, нейминг,
жарнама тілі, сөз мәдениеті, тілдік құзіреттілік.
Кіріспе
Ұлттық ономастика мәселесі
мемлекетіміздің тіл саясатының, тілдік жос-
парлау саясатының маңызды компоненті. «Справедливо считать, что имена собс-
твенные являются
маркерами социально-бытовой, природно-географической,
экономико-политической, межкультурной и других
сфер жизнедеятельности
того или иного народа, и в целом они могут служить толчком к формированию
и дальнейшему развитию национально-культурного пространства государства»
[1, 10 б.].
Халықаралық, мемлекетаралық саяси-экономикалық, мәдени қатынастардың
артуы еліміздің, шаһарымыздың мыңдаған ономастикалық атауларын глобалды
әлемдік геоақпараттық кеңістіктегі айналымға түсіріп отыр. Тәуелсіздікке ие
болған сәттен бастап еліміздің экономикасында, Алматы қаласының нарығында
ірі, орта және шағын кәсіпкерлік секторы қарқындап дами бастады. Өз кезегінде
бұл жағдай көптеген отандық және халықаралық өнім, тауар, сауда маркалары
мен брендтер, қызмет көрсету түрлерінің,
оларға қатысты компания, фирма,
агенттіктердің т.б. күн өткен сайын күрт өсуіне әкеліп отыр.
Сондай ақ, заманауи технологиялардың арқасында әлемдік, Қазақстанның
ақпараттық кеңістігінде онлайн қызмет түрлері де көбейе түсті, жер жүзіндегі
індет (пандемия) салдарынан халықаралық, ел іші онлайн шаралар, алуан түрлі
интернет-платформалардың рөлі де анағұрлым арта түсті.
Жаһандану үдерісі әлеуеметтік ортамыздағы консьюмерлік үрдісті арт-
тырып, тұтынушылық психологиямызға өзгерістер әкелуде. Америкалық
әлеуемттанушы Дж.Ритцер бұл жайлы: «Экспансивный и креативный характер
консюмеризма радикально меняет как модусы современности, так и цивилиза-
ционный порядок общества. Примером таких изменений является макдональди-
зация общества», – деп ой қозғайды [2, 20 б.]. Джордж Ритцер
қазіргі заманауи
тұтынушылық құралдар мен оның жаңаша тетіктерінің көбейе түсуі жаһанадану
мен макдоналдтанудың өзара байланысты болуы біздің қоғамдық өміріміздегі
көптеген өзгерістерге себеп болып отыр. Оның жарқын дәлелі ретінде Алматы
мегаполисінің ономастикалық, тілдік-жарнамалық ортасын келтіруге болады.
Ономастикалық терминологияда қала іші ономастиконы жалпы
урбаноним
терминімен
белгіленеді, оған көше атаулары (годоним), мәдени маңызы зор
ғимараттар, коммерциялық нысан атаулары жатады. Мақалада негізінен сөз бо-
латын коммерциялық нысан атауларын
эргоним деп атайды, яғни ол адамдардың
іскери
бірлестіктерінің жалқы атауы, компания, фирма, ЖШС,
акционерлік
бірлестіктер, cауда орталықтары, ойын-сауық кешендері, сән салондары, бутик-
тер, жалпы барша коммерциялық құрылым атауларын белгілейтін термин. Өзге
ономастикалық атаулармен қатар эргонимдерді зерттеу қажеттігін қазақстандық
автор Ш. Жарқынбекова : «...из всех известных нам онимов именно эргонимы об-
ладают большим языковым потенциалом и являются генераторами инновацион-
но новых идей и подходов в условиях рыночной экономики и жесткой конкурен-