Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже



Pdf көрінісі
бет22/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

(MOZAWEB)
https://www.mozaweb.com
 
  сайты.
Бұл сайттың мүмкіндіктері өте
көп. Оқушылар mozaWeb-те цифрлық оқулықтарға және барлық интерактивті
мазмұндарға қол жеткізе алады. 3D анимацияларының, видеолардың, интерактивті
тапсырмалардың және цифрлық дәрістердің көмегімен оқушылар оқу
материалдарын оңай меңгере алады және тәжірибелік қосымшалар арқылы алған
білімдерін ойын түрінде жетілдіре алады. Сайтты кез-келген пән саласында
қолдануға өте ыңғайлы. 
 География – жер бедерін, атмосфералық құбылыстарды, жанартаулардың
атқылауын, цунамилерді және т.б. 3D модельдеу және визуализация үшін;
 Астрономия – аспан денелері мен ғарыштық құбылыстарды модельдеуге
арналған;
 Химия – химиялық тәжірибелерді модельдеу, молекулалар мен атомдардың
модельдерін көру үшін;
 Физика – физикалық эксперименттер мен құбылыстарды шынайы көруге
арналған;


 Геометрия – геометриялық объектілерді визуализациялау және түзулер мен
жазықтықтардың қиылысуы сияқты есептерді шешу үшін;
 Тарих – тарихи кезеңдерге дәл қазіргі уақытта сол жерде жүргендей
мүмкіндікке ие болуға, кезеңдерде қолданылған заттарды бұрыш-бұрышынан
айқын көруге мүмкіндік береді. Басқада пәндердің барлығы сайтта қамтылған.
MozaWeb өте ыңғайлы және жеңіл сервис. Әлемнің бірнеше тілінде
жасақталған. Оқушылар MozaWeb-ті пайдалану арқылы сол әлемде жүргендей
күй кешеді. Мысалы, көне Мысыр құдайларының пантионына кіріп, сол
құдайлардың бет-бейнесін шынайы түрде көре алады. Анимация бөліміне өтіп
MozaWeb жүйесі ұсынған арнайы бейнероликтерді көріп, сұрақтарға ойын түрінде
жауап беруге де болады.
Келесі ұсынатын бағдарламам - MERGE CUBE (MERGE EDU)
https://dashboard.mergeedu.com/signup
.  Merge Cube – AR және VR қолданбасы
қосылған смарт текше, оны оқыту үшін де, оқу үшін де пайдалануға болады,
себебі ол оқушыларға виртуалды 3D нысандарын қолдарында ұстауға мүмкіндік
береді. Бұл арқылы оқушылар қазбалар мен ежелгі артефактілерді ұстап, ДНҚ
молекуласын, алақандағы галактиканы, жер ядросын зерттеп, виртуалды бақаны
бөлшектей алады, өздерінің 3D туындыларын сақтай және бөлісе алады. Енді сіз
бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін сұрайтын шығарсыз. Бұл AR және VR
мүмкіндігі бар Smart Cube смартфонға да, планшетке де жүктеп алуға болатын,
оңай іске қосылатын бағдарлама. Қолданбаны қосқаннан кейін, Ar және VR
аралас шындық технологиясының арқасында оның виртуалды 3D нысанына
айналуын көру үшін телефонның камерасын Merge Cube-ке бағыттау ғана қалады.
Осылайша, текше сіз оқып жатқан және көбірек білуге тырысатын объектінің
сандық "голограммасын" жасайды, оны оңай ұстауға болады.
3D пайдалану кезіндегі негізгі нәтижелерді атап көрcетейін.
Мұғалімдер үшін:
 оқу материалын түсіндіруге кететін уақытты қысқарту;
 АКТ көмегімен мұғалім жұмысын ұтымды ету;
 оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Оқушылар үшін:
 ақпаратты қабылдау қабілеті;
 кеңістіктік қиялды дамыту;
 оқуға деген ынтасын арттырады;
 талдау жасай білу;
 білімді жүйелеуге жағдай жасайды;
 тесттер мен емтихандардың нәтижелеріне оң әсер ететін ақпаратты көбірек
игеруге ықпал етеді.
Мектеп үшін (жалпы білім беретін мекемелер үшін):
 оқу материалын меңгеру;
 материалдық-техникалық жабдықты жаңарту;
 оқу үрдісінде инновациялық тәсілдерді қолдану;
 оқытуды жаңа әдістермен байыту;
 нақты жағдайда жүзеге асыру қиын құбылыстар мен тәжірибелерді көрсету;
 абстрактілі ұғымдар мен объектілерді түсіну мен қабылдауды жеңілдету.


Сонымен қатар, дәстүрлі емес ақпарат көздері мен жұмыстың жаңа түрлері
оқушылардың жаңа білім алуға деген жеке қызығушылығын қалыптастыруға
ықпал етеді.
Қорытындылай келе, бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні
ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген
педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатын, коммуникативті және ақпараттық
мәдениеті дамыған, электронды құрылғылармен жұмыс жасау әдістерін меңгеруі
керек деп есептеймін.
Ақтау қаласы, №30 ЖББМ физика пәні мұғалімі,
арнайы бағдарлама бойынша
Маңғыстау облысына келген үздік мұғалім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет