Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже


Зерттеудің маңызы мен ерекшеліктері қандай?



Pdf көрінісі
бет2/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

Зерттеудің маңызы мен ерекшеліктері қандай?
• Зерттеу – мұғалімнің стилі.


• Зерттеуде бәсеке жоқ, серіктес бар.
• Әр мұғалім «сыншы дос» болуы керек.
• Оқу мен оқытуға байланысты кез-келген сұрақ маңызды.
• Зерттеу жүргізуші мұғалім оқиды, салыстырады, талдайды.
• Нысана – оқушыға бағытталған әрекет.
• Зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Асықпаңыз.
• Коллаборативті ортада бірнеше көзқарас болады.
• Шынайы ақпарат, нақты деректер басшылыққа алынады.
• Зерттеуді Сіз күткен нәтиже емес, мүлдем басқа нәтиже болуы да мүмкін.
• Зерттеу барысында өзіңнің әрекетіңе деген күмәнді ойлар да жиі болып
тұрады.
• Зерттеуші мұғалімдердің өзара кәсіби әңгімесі де оқу мен оқыту мәселесіне
бағытталады.
Әлемдік тәжірибеде озық деп танылған жаңа идеяларды мұғалімдердің
қалай қарастырып, өз тәжірибелеріне бейімдеу (келтіру) үдерісі дейді, дегенмен
барлық үдеріс сәтті бола бермейді. Мысалға, жапондық Сабақты зерттеу (Lesson
Study) тәжірибесі мен қазақстандық моделдің өзіндік ерекшеліктері бар екенін
тәжірибе көрсетіп отыр. 
Бұл зерттеу кезеңнің нәтижелі болуы әр елде әртүрлі бағытта жүзеге
асырылады, мәселен, жапондық педагогтер үшін бұл үдеріс - Lesson Study тәсілі
ұлттық стиль ынтымақтастық мәдениеті мен сыйластық мықтап қалыптасуына
ықпал еткенін атауға болады. 
Зерттеудің сипаттамасы: 
Зерттеу барысында ең маңыздысы зерттеу сұрағын анықтау болуы керек.
Зерттеу сұрағы оқу жетістігін жақсартуға бағытталғандықтан таңдалған
сыныптағы AR негізгі құралы LS болды.
AR тиімді ұйымдастыру үшін коллаборативті жұмыс жүргізілді. LS жүргізген
мұғалімдердің рефлексивті пікірлері, зерттеу деректері талданып, ортақ
талқылаулар жүргізілді.
Сынып оқушыларының осы кезеңге дейінгі оқу үлгерімдерінің
көрсеткіштері, сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы коммуникация, оқу
тапсырмалары, оқыту әдістері қарастырылды.
Оқушыға және оқытуға деген көзқарасты өзгертуге бағытталған әрекеттер
іске асты. Бір циклдегі зерттеу барысында сәтті нәтижелермен қатар кедергілер де
болды.
Жапондық сабақты зерттеудің үш сценарийі бойынша: «Мұғалімдердің
бақылау дағдыларын дамыту», «Оқыту мен оқуды жақсарту» кезеңдерінен өтіп,
қазіргі таңда «Мектеп мәдениетін дамыту», яғни барлық мұғалімдер бірге жұмыс
жасап, бірыңғай зерттеу тақырыбымен зерттеу жүргізілуде. «Тапсырма орындау
барысында оқу сауаттылығының маңызы». 
«Оқушының білім-білік дағдысының дамуына оқу сауатылығының ықпалы
қандай?» зерттеу сұрағы бойынша мектептің бірыңғай өзекті мәселесімен ұжым
сабақты зерттеумен толыққанды айналысу үстінде. Зерттеудегі мұғалімдер әр
сабағын зерттеу лабораториясына айналдырып, туындаған кедергілерді шешуге
бірлесе ұмтылып, өз тәжірибесін жақсарту мақсатында жұмыс атқаруда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет