352
2. Орта
сынып: проблемалық оқыту, қорытындығы алып келетін
технологиялар, дискуссиялық тәсіл, зерттеу әдістері, іздену әдістері. топпен оқыту
әдісі, ұжымдық оқыту, өз бетімен жұмыс
істеу әдістері, бағдарлы оқыту, оқытудың
коммуникативті тәсілі, насихатты қойындар.
3. Жоғары буын: білім алушының іс-қимылы арқылы ұйымдастырылған
ойындар,іздену әдістері, өзіндік жұмыстың әдістемесі, зерттеу тәсілдері, нәтижелі
технология, жобалау тәсілі, даралап оқыту," өнер іздегіш жаттығуларды талдау
теориясы" адістемесі, бағдарламалы оқыту, кәсіптік, модульдік технология, сондай-
ақ негізгі бағыт-бағдар бере отырып білім беруді конспектісін пайдалану, байланыс,
сөйлесу,
араласу әдістеме, талқылау негізінде оқыту, семинар- сынақ типтері, өз
бетімен оқу.
Еліміздің дамып, көркейіп өркениетті, бәсекеге қабілетті мемлекеттер
санатына қосылуы қазіргі заманғы буын бейнесінен байқалады. Осы таңдағы білім
беру шеңберіндегі мәселе-ұйымдастыру және
әлеуметтік педагогикалық
тұрғысынан, білім беру мәніне жаңа серпіліс кіргузідің жаңа, оңтайлы тәсілдерін
іздестіру, оларды іске асыра алатын оқытушыларды әзірлеу. Оқытушыларды
дайындау қай кезде де актуалды проблемалар санатына жататынын ап-айқын. Бұл,
қоғамның
экономикалық-әлеуметтік
мақсат-міндеттері
заманына
сай
ерекшеліктерге ұшырап, жаңа буынды соған сәйкес өмірге үйретудің жаңа
талаптары пайда болып отыр. Осы таңда ұстанымдар кәсіби
педагог мамандарын
дайындау жүйесіндегі көзқарастардан белгілілігі сөзсіз. Осы мектеп жағдайындағы
оқытудың ұлттық моделіне өту тәрбиелеудің және оқытудың ақырғы тәсіл-
әдістерін, инновациялық педагогикалық технологияны меңгерген, педагогикалық
және психологиялық тексеруді қабылдауға мүмкіндігі бар, білім беру жұмысында
пайда болған ескі сүрлеуден жылдам құтылуға нақты және қабілетті тәжірибелік іс-
қимыл үстінде өзіндік бір ерекшелігі
бар бағыт салуға икемді, ойшыл мұғалім,
шығармашыл зерттеуші-педагог болуын талап етеді. Елдің білім жүйесі сатысында
білім беру үрдісін ұйымдастыру жаңаша, өзгеше оқыту технологияны кіргізуді
бағыт-бағдарға алады.
Еліміздің «Білім жөнінде» Заңнамасында білім беру нысанын,
типтерін,
ақпараттық технологияларын таңдаған кезде біршама нұсқалық принципі тіркелген
болатын, аталған білім беру орындарының оқытушыларына өзіне оңтайлы форматы
пайдалануға, оқыту процессін кез келген нұсқамен, сонымен қатар авторлық
нұсқамен құруға мүмкіндік береді.
Алуан түрлі тәжірибелер көрсеткендей, осы технологияны пайдалану кезінде
білім беру сапасын әжептәуір арттыруға, сонымен қатар білім беру стандарты
негіздеген оқу материалын түгел балалардың 100 пайыз игеруін қамтамасыз етуге
болады. Осы технологияның айта кетерлік бір өзгешелігі аса білімді оқушылармен
жүйелі, сондай-ақ тұрақты жұмыс істеу мүмкіндігі болып саналады.
Әр мемлекеттің ұлтының тіршілік
ету құрылымының жоғарылығы,
экономикалық қуаты, әлемдік қауымдастықтағы салмағы және орны сол
мемлекеттің технологиялық даму деңгейімен белгіленбек. Негізінен жаңа
технологияны енгізу мен қоғам дамуы сапалылығы аталған мемлекеттегі оқыту
желісінің алға қойылғандығы, сонымен қатар осы
саланы информацияландыру
деңгейіне әкеледі.
353
Экономикалық аса дамыған мемлекеттердің тәжірибесі білім жүйесін
информацияландыру ғылым, экономика және мәдениеттің интенсивті дамуының
басты көзі екендігін анықтап отыр. Демек осы заманның ақпараттық технологиясын
меңгеру міндетіміз.
Достарыңызбен бөлісу: