«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова



Pdf көрінісі
бет87/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

Әдебиеттер тізім 
1. Агамова, Н. С., Слепцова, И.С., Морозов, И. А. Балаларға арналған Халық 
ойындары: ұйымдастыру, әдістеме, репертуар: дәстүрлі халық мәдениеті бойынша 
С. ойындар мен ойын-сауық / Мем. респ. орыс фольклорының орталығы. - М., 1995.- 
174 б. 
2. Алонцев, В. В. Ашық ойындардың жіктелуі [Мәтін] / В. В. Алонцев // 
Жоғары оқу орындарының қызметіндегі сауықтыру технологиялары: SB. St. - 
Магнитогорск, 2006. - Б. 48 - 52. 
3. Алонцев, В.В. Бұқаралық спорт ойындары баланың жеке басын 
қалыптастыру құралы ретінде [Мәтін] / В. В. Алонцев // Жоғары оқу орындарының 
қызметіндегі сауықтыру технологиялары: с. ст. — Магнитогорск, 2006. -Б.31-36. 
4. Алонцев В. В., Қозғалмалы ойындардағы инновациялық тәсілдер 
(теориялық аспект) [Мәтін] / В. В. Алонцев, О. В. Андреева // Жаратылыстану-
техникалық және гуманитарлық ғылымдардың философиялық мәселелері: с. ст. 
междун. ғылыми. конф. - Магнитогорск, 2006. - Б.317-327. 
5. Анаркулов, X. Ф. Қырғыз халықтық қозғалыс ойындары, дене 
жаттығулары және қазіргі заман [Мәтін]: реферат. дис. ... докт. пед. ғылымдар. / X. 
Ф.Анаркулов. - М., 1993. - 39 б. 
ӘОЖ 37.371 
ДАМУ АЙМАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРА ОТЫРЫП,
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ 
Кумаржанова Ж.М. 
«Степное негізгі мектеп-балабақша кешені» КММ 
Степное ауылы, Глубокое ауданы, ШҚО, Қазақстан 
e-mail: zhanar_mushelbaevna@mail.ru 
Педагогика жаңалықтарының бірі оқытудың іс-тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілді 
енгізу болып келеді. Бастысы ол өзгерістер бірінші кезекте мұғалімге, оқушыға да 
оң нәтиже беруі тиіс. Қазіргі мұғалім барлық балаға білім беру ғана емес, әр 
баланың бойындағы қабілетін анықтап, ашып соған лайықты білім беруге тиіс. 
«Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Балаларымыздың жалпы барлық жеткіншек 


255 
ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз 
қазіргі заманға бейімделген болу үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсеткендей 
алдымен функционалдық сауаттылық деген ұғымға тоқталсақ. Қазақ тілінің 
түсіндерме сөздігінде: «фукционалды ұғымы бір нәрсенің құрылысы, құрамынан 
емес, қызметінен болатын, соның әрекетіне байланысты болады» – деп сипаттама 
беріледі. Бұдан «функция» категориясы белгілі бір заттың атқаратын қызметіне 
немесе іс-әрекетіне қатысты айтылатыны танылады. Мысалы: ақпарат 
құралдарының функциясы – халыққа ақпарат тарату. Ал «функция» ұғымы адамға 
қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне байланысты қарастырылады. Жоғарыда 
сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым екені нақтыланды. Яғни, 
«функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің алған білімі мен 
білігі. Жалпы функциональдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, 
адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық 
қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық 
факторы. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. 
Бұл жаңа ғана өмірге бейімделіп келе жатқан жас бүлдіршіндердің қалыптасуы, 
өмірге, мектеп өміріне бейімделіп кетуі. Мұндағы басшылыққа алынатын 
функционалдық сапалар: оқушының белсенділігі, шығармашылығы, ойлауы, 
шешім қабылдай алуы, қабілеттілігі т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде 
Қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған 
азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік 
бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру 
болып табылады.
Әрине баланың бастауыш сыныптан бастап функционалды сауатттылығын 
қалыптастыру үшін, мұғалімнің шеберлігі аса маңызды. Оқыту үдерістерінде 
баланың функционалдық сауаттылығы арттыру мақсатында алдымен оқушының 
даму аймағын орнату қажет. Лев Выготскийдің ілімін ескеретін болсақ , оның 
ЖАДА яғни жақын арадағы даму аймағын ұйымдастыру қажет. Оқушыға жан-
жақты даму үшін, оның сөздік қорын дамыту аса маңызды. Сондықтан оқушыға 
оның көзқарасы дұрыс қалыптасуда балаға даму аймағын ұйымдастыру өте 
маңызды. Сонымен қатар баланың сөйлеу арқылы оның танымдық қабілетінің өте 
жоғары дәрежеде дамитынын байқауға болады. Түрлі топтық, жұптық жұмыстарға 
байланысты әдістер мен тәсілдерді өздерінің оқыту үдерістерінде пайдаланса, 
алдымен баланың диалог арқылы, яғни басқалармен қарым-қатынас жасай отырып, 
сөздік қоры қалыптасады. 
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен 
тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық 
технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай 
алатын, икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет 
етеді. Осындай білікті мұғалімдер оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын 
арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады. 
Әсіресе «Ойын арқылы оқыту технологиясы», «Модульдік оқыту 
технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлау» т.с.с технологиялар тиімді болады.
Ал қазіргі заман талабымен үндес қабылданған Мектеп оқушыларының 
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған 


256 
Ұлттық іс- қимыл жоспары қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғам 
жағдайында өмір сүруге икемді, өздігінен білім алуға, алған білімін өмірлік 
жағдаяттарға сәйкес қолдана білуге, өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын, 
шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру 
міндетін алға тартады. 
Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған 
байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру 
және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Білім беру 
бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, 
критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі 
құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңартылған білім 
беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бағалау жүйесі де 
түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды 
бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің 
нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен 
бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. 
Президентіміз: «Болашақта өркениетті, дамыған елдердің қатарына ену үшін 
заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына 
жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» екенін айта келіп, «Ұлттың бәсекеге 
қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады», – деп білім беру 
жүйесіне үлкен міндет артқан болатын. Оқушыны білім, білік, дағдылармен 
қаруландырып қана қоймай, оны тұлға етіп қалыптастыратын алғашқы баспалдақ –
мектеп. Олай болса, интеллектуалдық, біліктілік, коммуникативтік жағынан баланы 
әлеуметтік ортамен (табиғатпен, басқа адамдармен, өзімен-өзі, т.б.) белсенді қарым- 
қатынасқа түсуге, сол ортаға барынша тез бейімделе алуға дайындау осы мектепте 
оқыту кезеңінің негізгі қызметі болып табылады. Яғни, мектепте оқушы кез келген 
адамның өмірінде басты орын алатын оқу, ойын, еңбек, т.б. сияқты әрекет түрлерін 
қажетті деңгейде меңгеруі тиіс. Бұл әрекеттердің барлығы да сөйлеу әрекеті арқылы 
ғана жүзеге асады. Сол себепті жеке тұлғаның ақыл-ойы, санасының жетіліп-
толуының, мәдениеттілік, зиялылық сияқты қасиеттерінің қалыптасуының басты 
көрсеткіші бала тілінің жеткілікті деңгейде дамуына, коммуникативтік 
дағдыларының (тыңдалым, айтылым, оқылым,) дұрыс қалыптасуына тікелей 
байланысты болады.
Мектебімізде желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік
күні мерекесіне арналған мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен 
«Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы 
өтті. Сайыстың мақсаты: балалардың тәуелсіздік туралы танымдық деңгейін 
көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйретіп, ой- өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. 
Міне осы мәнерлеп оқу сайысында сыныбымнан қатысқан 3 оқушымның 1-уі 1-
орын, 2-уі 2- орынды иеленді. Осындай іс-шаралар осы мерекемен ғана шектеліп 
қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймын.
Оқушылар қарым – қатынас модельдерін, мәдениеттік стереотиптерді, 
мәдениет образдары мен символдарын білулері керек. Бұл оқушылардың қазақ 
тілінде сауатты сөйлесуін қамтамасыз ете алады.


257 
Өз 
іс-тәжірибемде 
оқушылардың 
коммуникативтік 
дағдыларын 
қалыптастыру мен дамыту жолдарын, диалог арқылы оқушылардың 
функционалдық 
сауаттылығын 
арттыруды 
қарастырамын. 
Күнделікті 
сабақтарымда жазбаша қатынас, мәтіннің желісі бойынша өз пікіріңді білдір, 
диалог құру, өнімді топтық қатынас, мәтіндердің мазмұнын өз өмірімен 
байланыстырып айту сияқты құзыреттілік тапсырмаларды қолданып отырамын. 
«Баяндамашы», «Жазбаша қатынас» тапсырмаларын беріп отырамын. Бұл 
тапсырмалар мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастырады, өмірлік 
жағдайларда қазақ тілінде қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туғызады, оқушы 
бойынан табиғатынан берілген шығармашылық әлеуітін іске асыруына ықпал етеді. 
Осы әдіс-тәсілдерді қолдану барысында, өз сабақтарымда сөйлесімнің барлық 
компоненттеріне тән дағдылары меңгеріліп, оқушылардың жеке тұлға ретінде 
өздеріне деген сенімділігі артып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары 
қалыптасады.
«Жазбаша 
қатынас» әдісі «Менің отбасым»,«Менің досым» т.б. 
тақырыптарын өткен кезде тиімді. «Жазбаша қатынас» үлгісін қолдану арқылы, 
оқушылар ата-анасына, достарына хат жазуды үйренеді.
«Баяндамашы» әдісі мектеп оқушыларына тиімді. Сабақтың бір кезеңінде 
белгілі бір тақырыпта баяндама жаза отырып, мәдениетті сөйлеуге, ойлауға 
дағдыланады. Мектеп сабақтарында оқушылардың бойында коммуникативті 
дағдыларды қалыптастырып, дамыту үшін тақырыпқа байланысты диалог, 
койылымдар әзірлеу, рөлдік ойындар ойнау т.с.с. тапсырмаларды орындатуға 
болады. Күнделікті сабақта жаңа материалдарды оқытқанда және бекіту кезінде, 
жаттығуларды ұйымдастыруда, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін диалогтік 
әдісті қолданамын. Осының бәрін әңгіме түрінде іске асырып отырамын. 
Әңгімелесе білу диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтижеге жететін біліктілік болып 
табылады.
Диалогтік әдісті қолдана отырып оқушылардың сұрақтарды, өтінішті, 
таңдануды, бұйыруды қолданып, бір-бірімен әңгімелесе білуге, мәліметтерді 
нақтылауды, сұрауға, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара 
пікір алыса білуге дағдыландырамын. Әртүрлі типтегі кішігірім диалогтар 
құрастыруды тапсырамын. Тілдік міндет пен жағдаятқа сәйкес бастауыш сынып 
оқушыларының еркін түрде тілдік қарым-қатынастарын дамытуда рөлдік ойынның 
алатын орны зор. Рөлдік ойын кезіндегі оқушылардың коммуникативтік 
дағдыларын дамытуда сөздік қорларының да орны ерекше.
Баланы жақсылыққа жетелеп жанастырар да, жамандықпен адастырар да 
мұғалім. Ағаштан ағаш рең алса, адамнан адам тәлім алады.
Сонымен, қорыта айтқанда, біз мектепте өз шәкірттеріміздің бойында 
жоғарғы дәрежелі білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз 
етеміз. Оқушыларымыздың өмірлік жағдаяттарда өздерінің алған білім, біліктілік, 
дағдыларды дұрыс қолдана алуына жағдай жасау- біздің ұстаздық міндетіміз.
Демек, ұстаздардың оқыту барысында өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, 
кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, іскер 
азамат тәрбиелеп шығару арқылы коммуникативтік дағдыларын арттырудың тиімді 
жолында атқарар еңбектері әлі де алда деп есептеймін.


258 
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас 
ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты 
талабы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет