Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
сирек кездеседі. Семинар және практикалық сабақтар да лекция барысында жүзеге асыру
мүмкін емес бірнеше маңызды қызмет атқарады: Студенттердің өздік жұмысына, дерек
көздерімен жұмыс жасауына, конспект жазуына бақылау орнату. Студенттерді өз ойын еркін
жеткізе білуге дағдыландыру: ауызша баяндама жасау, ойларын негіздеу және өз көзқарасын
қорғай алу. Студенттерді дискуссия жүргізуге және әріптесін тыңдай білуге баулу.
Студентердің оқу барысындағы жеке қиындықтарын анықтау: олардың ойлау жүйесінің
немесе ойлау операциясының (анализ, синтез, жалпылау, абстрактілеу және т.б.) деңгейін
ескеру. Студенттердің оқу үрдісіне жақсы және кері әсер ететін ерекше қасиеттерін анықтау.
Оларды сабақ барысында ескеру, қажет болса түзету. Арнаулы семинарлар мен арнаулы
практикумдар негізінен жоғары курстарда кәсіби пәндерді игерту барысында өткізіледі де,
алатын кәсіптің негізгі әдіс-тәсілдерін үйренуге мүмкіндік береді.
Лабораториялық жұмыстарда студенттердің оқитын мамандықтарына сай теориялық
және әдіснамалық білімі практикалық біліммен, дағдылармен интеграцияланады. Мұнда
маңызды орынды топтық жұмыстар алады. Өндірістік практикада нақты бір қызметті атқара
жүріп білімдерін толықтыру студенттерге болашақ кәсіптеріне жақындай түсуге мүмкіндік
береді. Мұндай практикаларды өткізуде ғылыми-өндірістік кешендердің маңызы ерекше.
Лабораториялық сабақтарда тақырып бойынша жаңа оқу материалын ұғыну үшін мынадай
тәсілдер ескеріледі: Лабораториялық сабақ тақырыбы мен сабақтың міндетін анықтау.
Сабақты өткізу тәртібін түсіндіру. Сабақтың нәтижесін жинақтап қорытындылау. Сабақтың
нәтижесін талдау. Лабораториялық жұмыстардың түрлері: бақылау, тәжірибелер,
эксперименттік есептер шығару, өлшеу жұмыстары т.б. Дұрыс ұйымдастырылған
лабораториялық жұмыс оқушылардың таным қабілетін, ой-өрісін дамытады, олар түрлі
приборлар және жабдықтармен жұмыс істей білуге үйренеді, ғылыми экспенрименттердің
элементтерімен танысады. Лабораториялық жұмыс оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа,
еңбек мәдениетіне тәрбиелейді.
Өзіндік жұмыс – тек жекелеген пәндерді меңгеруге ғана емес, сонымен бірге, оқу,
ғылыми, кәсіби іскерлік, өзіндегі жауапкершілікті сезіне білу, дербес жұмыс істеуге үйрену.
Сондықтан да, өзіндік жұмыс білікті маман даярлаудың негізгі бір тиімді жолы болып
табылады. Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға дағды
мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуға, танымдық қабілетінің дамуына,
адамның дербес жұмыс істеу мәдениетін көтеруге, шығармашылықпен жұмыс істеуге және
ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік жасайды.
Жоғары оқу орындарындағы оқу-танымдық жұмыстарды педагогикалық шарттары мен
ерекшеліктеріне қарай бес топқа жіктеуге болады: жаңа теориялық білімді игеруге арналған
өзіндік жұмыстар; жаңа эмпирикалық және практикалық білім алуға арналған өзіндік
жұмыстар; білік пен дағдыны қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстар; шығармашылық
бағыттағы өзіндік жұмыстар; алған білімдерін бекітуге және жүйелеуге арналған өзіндік
жұмыстар. Өзіндік жұмыс оқу үрдісімен тығыз байланысты болғандықтан оны екіге бөліп
қарастырады: дәрісханалық өзіндік жұмыс; дәрісханадан тыс орындалатын өзіндік жұмыс.
Дәрісханада орындалатын өзіндік жұмыстарға дәрістік, тәжірибелік және зертханалық
жұмыстар кіреді.Ал, дәрісханадан тыс орындалатын өзіндік жұмыстарға дәріс материалдарын
толықтыру, семинар сабақтарын дайындау, реферат жазу, курс, диплом жұмыстарын жазу,
т.б. жатады.Өзіндік жұмысты былай білу тиімді. Өйткені, өзіндік жұмыстардың өзі дәрісті
тыңдау және оны жазу, мәтінмен жұмыс істеу, тезис, конспект жазу, семинар сабақтарына
дайындалу, үйірмелерге қатысу, ғылыми жұмыстармен айналысу сияқты бөліктерден тұрады.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының ішінде курстық және дипломдық жұмыстардың
орны ерекше. Студент алғаш рет зерттеу жұмыстарына, экспериментке жүгініп, жиналған
материалдарды жүйелеу, қорытынды жасауға ұмтылыс жасайды. Ғылыми терминдер
қолданып, ғылыми бақылау негізінде ой тұжырымын жасауға үйренеді. Сондай-ақ пән
|