Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет67/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
модуль түріндегі жеке оқу бағдарламасымен студенттердің өзіндік жұмысы. Бұл оқытудың 
педагогикалық негізінде американдық философ Дж.Дьюидің тұлғалық идеясы жатыр
студент – педагогикалық жүйенің орталығы, ал өзіндік білім беру және өзіндік басқару 
алғашқы маңыздылыққа ие болады. Бұл технологияның жақсы жағы оқу процесіндегі әр 
студент талап етілетін материалдарды зерделеу үшін уақытын алатындығында. 
Контексті оқыту технологиясының мәні оқытудың белсенді әдістерін пайдаланып
келешек және кәсіби әрекеттерінің әлеуметтік және пәндік мазмұнының моделі. Бұл 
технология сұраным әрекеттерінің және проблемалық оқыту теориясының негізгі 
заңдылықтарын есепке алумен құралған. Бұл технологияның жүйелі түсінігі «контекст» 
болып табылады. Яғни мәтіннен үзінділер немесе сөйлемдер, сөздер құрамына кіретін 
маңыздылығын және ойын анықтауға мүмкіндік беретін жазбаша және ауызша ойлардың 
қорытындысы. Контексті оқытуда бұл термин әртүрлі деңгейдегі болатын технологиялық 
үрдістер көмегімен түсіндірілетін психикалық категория ретінде қарастырылады. 
А.А.Вербицкий бойынша контекст адамның таным әрекетінің және ойлау, түсіну механизмі, 
рефлексия және антипация үрдісін біріктіруге болады деген. Контексті технологияда 
адамдық тәртібін ұйымдастырудың формаларын көрсететін оқу әдістері пайдаланады. 
Дискуссия – талқыланып жатқан сұрақ бойынша студент өз ойын, көзқарасын тыңдай 
отырып, ол өз көзқарасын айтуы міндетті. Ол көзқарас өзінің құрбылары мен студент 
көзқарасынан да күшті болуы мүмкін. Проблемалық семинар – дискуссияға қарағанда 
жұмысы белсендірек және ол семинардың мазмұнды қозғалысын анықтайтын фактор болып 
табылады, яғни, семинарға қатысушылар өз жұмыстарын біліммен көрсете алу керек. 
Проблемалық семинардың міндеті дәстүрліге қарағанда дайын білімнің мәселесін 
талқыламайды, ол әзірше білмейтін жаңалықты талдау мен анықтаудан тұрады. Тренинг – 
негізінен біліктердің қалыптасуына бағытталған.Тренингтің негізгі міндеті қатысушылар 
қатынастарға байланысты бағытын өзгерте алады,белгілі-бір бірліктер жиынтығын меңгеру 
үрдісіндегі, өзіндік жұмыстың ұйымдастырылуы. Ойын арқылы оқыту технологиясы. Бұл 
технология оқу үрдісінде көп пайдаланады және белсенділік жағынан көп орын алады. 
Кәсіби оқудың белсенді имитациялық әдістерінің кең тараған түрі – ойындар.
Жоғары оқу орындарының ақпараттандырылу қажеттілігі туралы жоғары оқу орнын 
басқарудағы және ғылыми әрекеттегі, оқу үрдісіндегі есептеу техникасы құралының бар 
болып, оны пайдаланудағы болатын жоғарғы оқу орнының беделін анықтайтын мемлекеттік 
аккредитациясының көрсеткішінің бірі – «жоғары оқу орындарының ақпараттандырылуы». 
Ақпараттық білім беру технологияларының анықтамларын талдау педагогикалық 
технологияларды қарастырудағы сұраным терминнің түсінуіндегі 2 тәсілін анықтады: Бұл 
жағдайда ақпаратты білім беру технологиясы бар қазіргі құралдар жиынтығы пайдаланумен 
ұйымдастырылған дидактикалық үрдіс ретінде; Бұл жағдайда ақпараттық тенологияларға 
негізделген оқудың анық ортасын құру туралы сөзді құрайды. 
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы (Ж.А.Қараев). Деңгейлеп саралап оқыту 
технологиясы В.П.Беспалько ұсынған педагогикалық технология ұғымына, оған негіз 
болатын концептуалдық көзқарасқа сәйкес және Б.Блумның «толық меңгерту»
технологиясының басты идеяларына сүйеніп жасалынған. Бұл технология да басқа 
технологиялар тәрізді оқу процесінің құрылымына, дидактикалық құралдарға қойылатын
жалпы технологиялық талаптардың орындалуын қажет етеді. Білімді толық меңгерту 
технологияларының авторлары американдық ғалымдар Б.Блум мен Дж.Кэрролл. Аталмыш 
технологияның дәстүрі класс-сабақ жүйесінен басты айырмашылығы – оның міндетті түрде 
көзделген нәтижеге жеткізуінде. Толық меңгерту технологиясында барлық оқушылардың 
бірдей деңгейдегі білім, білік, дағды қалыптастыру көзделсе де, әр оқушыға жұмсалатын 
уақыттың, оқыту әдістері мен формаларының олардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес 
болуы қарастырылған. Бұл технологияны ерекшелейтін басты анықтауыш – толық 
меңгертудің эталоны (критерийі) саналатын барлық оқушылар меңгеруге тиісті оқытудың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет