Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын


 ГЕОХИМИЯЛЫҚ ІЗДЕУ ƏДІСТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ



Pdf көрінісі
бет11/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

3. ГЕОХИМИЯЛЫҚ ІЗДЕУ ƏДІСТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ 
ПРИНЦИПТЕРІ 
3.1. Негізгі аймақтық-геохимиялық түсініктер 
 
Салыстырмалы түрде ірі геологиялық аймақтармен 
сипатталатын жеке облыстар, бір-бірінен таужыныстарының 
геохимиялық ерекшеліктері бойынша жəне литосфераның 
орташа химиялық құрамынан біршама ерекшеленеді. Осындай 
аймақтардың геохимиясын жəне геохимиялық тарихын 
зерттеуді алғаш рет А. Е. Ферсман бастаған. 
Геохимиялы
провинциялар – жоғары концентрацияларда 
болатын нақты бір химиялық элементтер ассоциацияларымен 
сипатталатын геохимиялық біртекті облыстар. Осындай 
провинциялардың жаралуы Жер қыртысының нақты бір 
бөлікшесінің тарихи дамуының нəтижесі болып келеді. 
Кейбір провинциялардың пайда болуы Жердің планетарлық 
дифференциациясымен байланысты, ал басқалары жиі шөгінді 
таужыныстардың кейінгі қайта балқуымен бірге шөгінді 
жинақталу процесі нəтижесінде, химиялық элементтердің 
дифференциациясы кезінде пайда болуы мүмкін. Əрине, 
осындай аймақтарда нақты элементтер ассоциацияларының 
құрылуына магмалық жəне тектоникалық процестер əсер етеді. 
Металлогениялы
 провинциялар - бұл жаралуы бойынша 
бір-біріне жақын жəне рудалы кенорындардың саны біршама 
көп болып келетін облыстар. Жеке ғылым ретінде 
металлогенияның негізі жəне дамуы Қ. И. Сəтбаев, В. А. 
Обручев, А. Е. Ферсман, С. С. Смирнов, Ю. А. Билибин, В. А. 
Кузнецов, Н. П. Лаверов, И. Г. Магакьян, Е. А. Радкевич, В. И. 
Смирнов, Г. А. Твалчрелидзе, Е. Т. Шаталов, А. Д. Щеглов жəне 
т.б. еңбектерімен байланысты. 
Металлогениялық провинциялардың мысалы ретінде 
полиметалдық провинцияларға жататын Оңтүстік Қазақстандағы 
Қаратау жоталарының жəне Оңтүстік-Жоңғар антиклинорийінің 
аудандарын келтіруге болады. Перу жəне Чилидің мысты 
металлогениялық провинциялары, уранды – Канада қалқаны 
ауқымында кеңінен танымал. Солтүстік Балқаш маңындағы 
мысты провинцияны да мысал ретінде көрсетуге болады. 


Я. К. Аршамов 
 
24 
Металлогениялық провинция көбінесе металлогениялық 
провинциялар кендерінің негізгі компоненттері болатын, 
химиялық элементтердің жоғарғы мөлшері тəн геохимиялық 
провинция ауқымында болады. Осылай, Оңтүстік-Шығыс 
Азиядағы жəне Анд тауларындағы қалайы кенорындарының 
жоғары мөлшердегі геохимиялық провинцияларға айқын 
туралануы байқалады. 
Дəл осындай жағдай Қаратау жəне Жоңғар полиметалдық 
провинцияларда, сонымен қатар уранды металлогениялық 
провинциялардың кейбіреулерінде байқалады.
Металлогениялық 
провинциялардың 
геохимиялық 
провинцияларға жиі туралануына байланысты соңғылары нашар 
зерттелген, жетуге жолы қиын аудандарда іздеу жұмыстарын 
жүргізу кезінде маңызды іздеу белгілері болуы мүмкін. 
Қалқандардың, 
белдеулердің, 
түйіндердің 
аймақтық 
геохимиялық жүйелер ретінде бөлінуі А. Е. Ферсманның 
еңбектерімен байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет