Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын



Pdf көрінісі
бет10/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

2.5. Концентрация кларкы 
Егер элементтің мөлшері геохимиялық жүйеде өнеркəсіптікке 
жақын болатын болса, онда оны концентрацияланған күйде деп 
санайды.
Элементтің концентрациясын көрсету үшін «концентрация 
кларкы» деген түсінік қолданылады. Бұл кенорындағы немесе 
кез келген минералды денедегі элементтің орташа мөлшерінің 

орт
), жер қыртысындағы сол элементтің кларкына (С) 
қатынасын көрсетеді. Концентрация кларкы келесі формула 
арқылы анықталады:
К = С
орт
/ С (1) 
Элементтердің 
жинақталған 
күйінің 
мысалына 
концентрация кларкы жоғары мəндерге ие болатын пайдалы 
қазбалар кенорындары жатады.


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
21 
2.3-кесте
Кейбір рудалы кенорындардағы элементтердің 
концентрация кларктарының мəндері 
Химиялық 
элемент 
Кларк С, % 
Элементтің 
рудадағы 
өнеркəсіптік 
мөлшері С
р
, % 
Концентрация 
кларкы К
к
Fe 
4,65 
45,0 
≈ 10 
Pb 
1,6х10
-3
1,5 
1000 
Cu 
4,7х10
-3
1,0 
200 
Hg 
8,3х10
-6
0,2 
24000 
Егер, мысалы литосферадағы таужыныстарда 1 км тереңдікке 
дейін мыстың қорын есептейтін болсақ жəне жер шарының 
барлық кенорындарындағы, оның ішінде өндірілген, пайдаланып 
жатқан, сонымен қатар болашақта анықталатын кенорындардағы 
қорын есептесек те мыстың кенорындары 0,04% құрайды, ал 
оның 99,96% оның қоры литосферада шоғырланған. Қорғасын 
үшін бұл арақатынас 0,85% (кенорындарда шоғырланған қорлары) 
жəне 99,15% (литосферадағы қоры) көрсетеді. 
Кейбір басқа металдар үшін кенорындардағы қорлары мен 
литосферадағы қорларының арақатынасы Н. И. Сафронофпен 
есептеліп қойылған. Оны келесі кестеден көруге болады
(2.4-кесте). 
2.4-кесте
Литосферадағы қорына қарағанда кенорындарда 
шоғырланған металл қорларының үлесі 
Жер қыртысындағы металдардың 
ресурстары, т 
(ауданы 149 млн.км
2
, тереңдігі 1 км) 
Металл 
таужыныстарда 
шашыраңқы 
күйінде 
кенорындарда 
жинақталған 
Кенорындарда 
шоғырланған 
қорлардың үлесі, 

Fe 
2,1х10
16
4,3х10
12
2,1х10
-2
Zn 
2,1х10
13
11,6х10
9
5,5х10
-2
Ni 
3,3х10
13
0,6х10
9
1,8х10
-3


Я. К. Аршамов 
 
22 
2.4-кестенің жалғасы 
Жер қыртысындағы металдардың 
ресурстары, т 
(ауданы 149 млн.км
2
, тереңдігі 1 км) 
Металл 
таужыныстарда 
шашыраңқы 
күйінде 
кенорындарда 
жинақталған 
Кенорындарда 
шоғырланған 
қорлардың үлесі, 

Co 
1,2х10
13
52,5х10
6
4,4х10
-1
Sn 
1,7х10
13
0,5х10
9
3,0х10
-3

4,2х10
11
0,1х10
9
2,4х10
-2
Mo 
1,2х10
12
0,1х10
9
8,0х10
-3
Hg 
2,9х10
10
37,0х10
6
1,3х10
-5
Au 
2,1х10
9
3,15х10
6
1,5х10
-3
Геосферадағы элементтердің шашыраңқы күйі табиғи, 
басқа сөзбен айтқанда, қалыпты жағдайда болады. Ал 
элементтердің жинақталған күйінде кездесуі, аномалды болып 
саналады, сондықтан элементтердің концентрациясы көптеген 
жағдайда геологиялық процестердің нəтижесінде пайда болатын 
қосымша энергия шығынын қажет етеді. Бұл көзқарас бойынша 
кез келген пайдалы қазба кенорны геохимиялық аномалияны 
көрсетеді. Бірақ, кез келген геохимиялық аномалия кенорны 
болады деп айтуға болмайды. «Пайдалы қазба кенорны» түсінігі 
геохимиялық түсінік емес, ол өзіне бірқатар экономикалық 
факторларды кіріктіретін (оның ішінде, тау-кен өндіру 
техникасының қазіргі даму деңгейінде минерал шикізатты 
өндірудің тиімділігі, хабардар ету жолдарының жақындығы, 
энергия көздерінің болуы жəне т.б.) геологиялық-экономикалық 
түсінік.
 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
23 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет