Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын


 Геохимиялық аномалияларды бөлудің критерийлері



Pdf көрінісі
бет35/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

6.2. Геохимиялық аномалияларды бөлудің критерийлері 
Жер бетінің кез келген нүктесінде химиялық элементтердің 
концентрациясы кеңістік жəне уақыттың оң функциясы болып 
келеді: 
Сх = f (x, y, z, t) > 0 < 100 % 
Бұл дегеніміз, В. И. Вернадскийдің заңына сəйкес, бақылауға 
қолжетімді кеңістіктің кез келген нүктесінде, аз ғана мөлшерде 
барлық химиялық элементтер кездеседі, бірақ элементтің мөлшері 
100% аз болады жəне уақыт аралығында, нүктеден нүктеге 
ауысқанда химиялық элементтің мөлшері өзгеріп отырады. 
Алайда, іс жүзінде кез келген бөлікшенің таужыныстардағы 
бізге қажет элементтің графигі формулада көрсетілгендей төрт 
өлшемді кеңістікте емес, келесі жорамалдарға сəйкес бір 
өлшемді кеңістікте көрсетіледі:
- қажетті элементті анықтауға арналған сынама бірдей 
тереңдіктен алынады (Z = const); 

анықталатын элементтің мөлшері сол нүктеде 
салыстырмалы қысқа уақыт аралығында тұрақты болады деп 
есептеледі (Т = const); 
- сынамаларды алу геологиялық дененің созылымын қиып 
өту бағытында жүзеге асады, яғни бұл жағдайда сынамаланатын 
нысанның созылуы бойынша бағытталатын Y өсі де нөлге тең 
болады (Y = 0). 
Соңында формула келесідей түрде болады: 
Сх = f (x) 
Осындай жағдайда сынамаларды талдау нəтижелері 
негізінде сынамалау профилі бойынша элемент мөлшерінің 
графигі екі түрлі болуы мүмкін: 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
83 
 
6.1-сурет. Суретте химиялық элементтің қалыпты (а) жəне 
ауытқымалы (б) мөлшерінің мысалы көрсетілген. 
С – кларкқа сəйкес келетін мөлшер деңгейі. 
 
99,9 – 99,99% жағдайда сынамалау профилі бойынша элементтің 
мөлшері кларкқа жақын болады (6.1 а-сурет) жəне тек қана 0,1 – 
0,01% жағдайда оның мөлшері едəуір жоғары (6.1 б-сурет) 
болады. Бұл элементтің аномалды мөлшері болып табылады.
Сонымен, В. И. Вернадскийдің геосферадағы элементтердің 
жалпы заңына сəйкес Сх = f (x) > 0 жəне 99,99% жағдайда 
кларкқа тең болады. Мысалы қорғасынның кларкі литосферада 
1,6х10
-3
% құрайды, ал ол гидросфера үшін 1000 есе аз болады. 
Металға бай бөлікше бойынша өтетін сынамалау 
профиліндегі металл мөлшерінің графигі (6.1 б-сурет) 
суреттегідей түрде болады деп алдын ала айтуға болады. Осы 
графикті қарастыру кезінде зерттеуші геологтың алдында 
келесідей геохимиялық іздеу əдісінің принциптік сұрағы 
туындайды: осы мөлшер біздің назарымызды қажет етпейтін 
атардағы м0лшерге жата ма, əлде ол аномалды м0лшер ме?
Осы мəселені шешу, яғни геохимиялық аномалияларды 
табу жəне бөлу үшін екі критерий болады. Профиль бойынша 
элемент мөлшерінің графигінде айқын аномалияны бөлуге 
болады, яғни сол геологиялық ортаға алдын ала тəн емес 
элементтердің концентрациялары. Мысалы граниттердегі 0,5% 
тең мыстың мөлшері жер қыртысындағы таужыныстардағы 
кларк мөлшерінен 100 есе көп болғандықтан өзгеше əдеттегіден 
тыс болып келеді. Осы жағдайда геолог граниттердегі 
кенденудің бөлікшесін тапқаны туралы толық дəлелмен айта 
алады. 
Макроскопиялық 
таужыныстарда 
халькопириттің 
сеппелері, ал егер таужыныстар моруға ұшыраған болса, онда 
оларда сонымен қатар туынды минералдар (малахит, хризоколла 


Я. К. Аршамов 
 
84 
жəне т.б.) кездеседі. Ешқандай даусыз сынамалау профилінің 
осы интервалын, арнайы математикалық немесе басқа да 
дəлелдемені қажет етпейтін геохимиялық аномалия деп 
санаймыз (6.2-сурет). 
 
6.2-сурет. Айқын (1) жəне жасырын (ə) аномалия. 
С – кларкқа сəйкес келетін мөлшер деңгейі 
Сынамалау профилінің 2 нүктесін аномалия деп атау үшін, 
геохимиялық 
фон 
түсінігін 
қолдану 
арқылы 
біраз 
дəлелдемелерді қажет етеді. Геохимиялық фон – бұл анық 
геохимиялық аномалиядан қашықтау орналасқан таужыныстардағы 
қажет элементтің орташа мөлшері. Сөйтіп, геохимиялық 
фонның шамасын немесе таужыныстардағы элементтің фондық 
мөлшерін анықтау үшін, ең алдымен, айқын аномалиялар 
шоғырланған бөлікшелерді қарастырудан алып тастау керек. 
Егер бір-бірінен қашықта орналасқан екі бөлікшедегі 
бірдей 
элементтер 
мөлшерлерінің 
графиктерін 
өзара 
салыстыратын болсақ, онда келесідей мəселелерді анықтауға 
болады. Қарастырылып жатқан бөлікшелерде элементтің 
мөлшері 0зіні. де.гейі бойынша, басқаша айтқанда олардың 
мəндерінің абсолюттік шамасы бойынша жəне де олардың 
т%ра тылы дəрежесі, яғни орташа мөлшеріне қарағанда 
фондық мөлшерінің ауытқу сипаты бойынша өзгешеленеді
(6.3-сурет).


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
85 
 
6.3-сурет. Геохимиялық аномалияның төменгі шекарасын
анықтауға қолданылатын, элементтердің таужыныстардағы 
таралуының (S, Сф) негізгі параметрлері 
 
Бұл жағдайда (6.3-сурет) элемент мөлшерінің деңгейі 
бойынша Сф2 > Сф1 , ал қиылу дəрежесі бойынша S
1
> S
2

мұнда S – қисықтың тұрақтылық дəрежесін (немесе басқаша 
айтқанда қиылу дəрежесін) сипаттайтын шама. Ол орташа 
мəндерінен мөлшерлердің кездейсоқ мəндерінің орташа 
квадраттық ауытқуы немесе стандартты ауытқуы деген атқа ие 
болып, келесі формуламен анықталады:
 
1
)

(
1


=

=
n
C
Ci
S
n
i


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет