Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын



Pdf көрінісі
бет42/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

 
 
8.1-сурет. Кен денесінің жəне оның алғашқы ореолының 
денудациялық қимасының дейгейлері: 
1 – алғаш ы жер беті; 2 – кен денесі; 3 – негізгі кенді элементті. 
алғаш ы ореолы; 4 – кенсыйыстырушы таужыныстар 
 
А деңгейі – соқыр алғашқы ореолмен бірге кездесетін 
соқыр кен денесінің орналасу жағдайына сай келеді; 
Б деңгейі – соқыр кен денесімен қоса кездесетін кенүсті 
алғашқы ореолды ашады; 
В деңгейі – кен денесін жəне оған жалғасатын алғашқы 
ореолды ашады; 
Г деңгейі – кен денесі денудациямен жойылған, бірақ 
алғашқы ореолдың кенасты интервалы сақталған жағдайға сай 
келеді; 
Д деңгейі – түбірлік кенорындардың жəне олардың 
алғашқы ореолдарының гипергенді процестермен толығымен 
жойылу сатысына сай келеді. 
Кен денемен бір уақытта жаралмаған, басқа процестердің 
нəтижесінде 
жаралған 
кенді 
элементтердің 
аномалды 
мөлшерлері оның алғашқы ореолы деп аталмайды.
Литогеохимиялық аномалиялар анықталғаннан кейін 
бағалауды қажет етеді. Бұл тапсырма егер бай жəне қалың кенді 
денесін ұңғымамен, канавамен немесе шурфпен ашқан жағдайда 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
105 
барлау əдістемесінің облысына араласады, бірақ бұл жағдайда 
да геохимиялық зерттеулер жетекші рөлді атқарады.
Маңызды 
геологиялық-іздеу 
міндеттеріне 
шешудегі 
геохимиялық əдістерге жататын негізгі рөлді олардың жасырын 
кен денелердің алғашқы ореолдарының қатарына жататынын 
болжауға рұқсат беретін кенді минералданудың өнеркəсіптік 
емес білінімдерін бағалау жатады (8.2-сурет). 
 
8.2-сурет. Алғашқы геохимиялық ореолды ашудың əртүрлі варианттары. 
Қазіргі беттегі кендену: а – алғаш ы кен1сті ореолы; б – шашыранды 
минералдану белдемі (ШМБ) немесе кенасты ореолы. Жасырын 
орналас ан кендену: в – со ыр кен денесіні. алғаш ы кен1сті ореолы; 
г - ШМБ; д –к0мбеленген кенорынны. кенасты алғаш ы ореолы. 
1 – эллювий-делювий; 2 – алыстан келген ш0гінділер;
3 – кенсыйыстырушы таужыныстар; 4 – бей0неркəсіптік 
минералдану немесе алғаш ы ореол; 5 – кен денесі; 6 –гипергенді 
шашырау ореолындағы кенді элемент м0лшеріні. графигі;
7 – туынды шашырау ореолы; 8 – іздеу %.ғымасы 
Суреттен байқағанымыздай барлық бес ұңғыма минералдану 
белдемін қиып өткен, бірақ а жəне в жағдайында бейөнеркəсіптік 
минералдану тере.дікке барлауға тұрарлық болып келеді. 
Анықталған аномалияның кенүстіндегі ореолға немесе 
басқа кенді горизонттарға жататынын шешу мəселесі
кенденудің генетикалық типін ескере отырып, оның тұрақты 
геохимиялық сипаттамаларын талдау негізінде қабылданады.
Кен денесі жəне оның алғашқы ореолы біртұтас күрделі 
құралған литогеохимиялық аномалия – шартты сыртқы контурлы


Я. К. Аршамов 
 
106 
жəне химиялық элементтердің таралуының нақты ішкі 
заңдылықтары бар кенді минералдану белдемі ретінде 
қарастырылуы қажет.
Кенді белдемдердің ішкі құрылыстарының заңдылықтары 
əртүрлі генезисті, негізгі өнеркəсіптік типтердің жақсы 
барланған кенорындарын геохимиялық зерттеу негізінде 
анықталады. 
Эталонды кенорындардың ореолдық жəне рудалы 
кескіндерін сипаттайтын параметрлердің сандық шамалары 
іздеу кезіндегі литогеохимиялық аномалияларды бағалаудың 
критерийлері болып келеді.
Эндогенді кенорындардың алғашқы ореолдары біршама 
толық зерттелген. Соның ішінде гидротермалды кенорындардың 
алғашқы ореолын зерттеуге көп көңіл бөлінген. Оларға
Н. И. Сафроновтың, С. В. Григорянның, Л. Н. Овчинниковтың, 
В. З. Фурсовтың, Н. А. Озерованың, Н. М. Страховтың еңбектері 
жатады. 
Тереңдіктен жер бетіне бағытталған, таужыныстарында 
əлсіз белдемдер бойымен қозғалатын, ыстық газ-сұйықты 
жоғары минералданған ерітінділерден металдардың түсіп қалуы 
нəтижесіндегі гидротермалды кенжаралу туралы түсініктер 
көпшілік мақұлдаған болып келеді.
Гидротермалармен металдардың тасымалдануы галоидты 
кешендер, гидросульфидті кешендердің жəне СО
2
қатысуымен 
негізінен Na [MeCl
4
] немесе Na [MeCl
3
] типті хлоридтер, кейде 
фторидтер түрінде болады. Гидротермалардан рудалы минерал-
дардың шөгуі (тұнуы) Т жəне Р құлауының нəтижесінде, 
ерітінділердің бүйірлік таужыныстармен жəне сулармен ара-
қатынасы нəтижесінде, рН жəне Еһ өзгеруі нəтижесінде болады. 
Гидротермалардың көп компоненттігі жəне ерітіндінің 
жеке бір компоненттерінің шөгуі жағдайларының əртүрлі болуы 
кенденудің минералогиялық жəне химиялық белдемділігін 
анықтайды.
Ерітінділердің арынды ағынының болжамды бағыты 
бойынша - ореолдардың өлшемдері жүздеген метрлерге жететін 
кен денелердің көтерілуі жəне құлауы бойынша алғашқы 
ореолдар максималды таралады.


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
107 
Кенді белдемдердің созылу бағытына тік бағытта 
ерітінділердің диффузиясы нəтижесінде туындаған кен 
маңындағы алғашқы ореолдар біршама шектелген болады.
Бірақ, кенорындардың кен маңы алғашқы ореолдары жиі 
бүйірлік таужыныстар жарықшақтықтарының бірте-бірте сөнуі 
белдемін басып ала отырып, инфильтрация жəне ерітінділердің 
диффузиясының үйлесуі нəтижесінде қалыптасады.
Осының нəтижесінде гидротермалды кенорындардың 
алғашқы ореолдары қимада кенді элементтердің аномалды жəне 
жоғары 
фон 
маңы 
мөлшерлерінің 
ырғақтылығымен 
сипаттталатын күрделі пішінге ие болады.
Алғашқы ореолдарда жəне гидротермалды кенорындардың 
кендерінде олардың кенжаралу процесі кезінде қатысқанын 
нақты көрсететін 30-35-ке дейін жəне одан да көп элементтер 
аномалды концентрациялар туғызады. 
Кенорындардың 
алғашқы 
ореолдарына 
кен 
маңы 
гидротермалды өзгерген белдемдер де жатады. Оларды 
контурлау көбінесе көзбен шолу (түстері бойынша) арқылы 
жүргізіледі, сирек K, Na, Si, Al, Mg, Fe жəне т.б. петрогенді 
элементтерді 
химиялық 
талдаудың 
мəліметі 
бойынша 
жүргізіледі. Осы элементтердің қосылуы жəне шығарылуы 
кентүзілумен қатар жүретін серициттену, кварцтану, доломиттену, 
гематиттену жəне т.б. процестері кезінде жүзеге асады. 
Бірақ, өзгерген таужыныстардың кең белдемдерінің 
қалыптасуы кенденумен байланысты болмайды немесе олар 
кенге дейінгі сатыларда қалыптасады жəне тек жанама іздеу 
белгілері болып табылады.
Алғашқы ореолдардың изоконцентраттары бойынша соқыр 
кен шоғырының эпицентрін көрсете алатын рудалы элементтердің 
аномалды мөлшерлері тура іздеу мəніне ие болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет