Я. К. Аршамов
100
Литогеохимиялық түсірулер
кезінде жер бетіндегі
таужыныстар, тау қазылымдары, ұңғымалар, таужыныстардың
жəне топырақтардың қазіргі немесе көне морылу өнімдері
сынамаланады. Іздеу литогеохимиялық түсірулер
кезінде
сынамаларда 35-45 кейде 55 химиялық элементтердің
мөлшерлері анықталады. Қазіргі таңда бір уақытта бірнеше
элементті анықтайтын байланыс немесе қашықтықтық əдістері
жоқ, бірақ қандай да бір химиялық элементке (Be, B, F, Hg)
немесе бірнеше элементтердің жиынтығына (Pb, Zn, Cu)
«Поиск» деп аталатын аспап арқылы сынамаларды алмай
геохимиялық түсіру жұмыстары жүргізілуде. Барынша көп жəне
аса тиімді қолданысқа бір уақытта уранның (радон бойынша)
торийдің жəне калийдің мөлшерлерін анықтайтын гамма-
спектральді – жаяу, көліктік жəне əсіресе аэрогеохимиялық
түсірулер ие болды. Гидрогеохимиялық түсірулер
кезінде іздеу
мақсатында табиғи жерүсті жəне жерасты сулары сынамаланады.
Атмогеохимиялық түсірулер жерасты атмосферасын (топырақты
ауаны) сынамалау арқылы жүргізіледі, сирек жер маңы
атмосферасының құрамы анықталады. Іздеу биогеохимиялық
түсірулер өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеу арқылы
жүргізіледі.
Мақсатына байланысты геохимиялық түсірулер келесілерге
бөлінеді: 1) алдын ала тексеру; 1:1000000 жəне
одан да кіші;
2) іздеу түсірулері кенді аудандарда алдымен 1:200000, содан
кейін 1:50000 масштабта; 3) дəлдікті түсірулер, алдын ала
белгіленген бөлікшелерде 1:10000 масштабта жүргізіледі;
4) барлау түсірулері кенді өрістер көлемінде 1:1000 жəне одан
да ірі масштабта жүргізіледі.
Геохимиялық түсірулерді нақты бір масштабқа жатқызу
үшін картаның 1 см
2
бөлігіне 1 бақылау нүктесінен
кем емес
бақылау тығыздығы болуы керек. Литогеохимиялық түсіру
кезінде бақылау тығыздығы төмендегі кестеде көрсетілген.
Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
101
7.1-кесте
Литогеохимиялық түсіру кезіндегі бақылау нүктелерінің
тығыздығы
Бақылау нүктелерінің
тығыздығы
Масштаб
Профильдер
арасындағы
қашықтық
Сынамалау
қадамы
картаның
1 км
2
бөлігіне
картаның
1 см
2
бөлігіне
1:50 000
500
50-100
40-20
10-5
1:10 000
100
20-45
500-400
5-4
1:5 000
50
10-20
2000
5
1:2 000
25
10
4000
2-3
Рудалы кенорындар бір уақытта бірнеше аномалиялармен
(литогеохимиялық,
гидрогеохимиялық,
атмогеохимиялық,
биогеохимиялық) көрініс беруі мүмкін. Бірақ мақсаттылық
(немесе пайдалылық) ниет негізінде геохимиялық іздеулер тек
қана бір əдіспен, сирек жағдайларда екі əдіспен жүргізілуі керек.
Жинақталған тəжірибелер геологиялық жағдайлардың кең
ауқымында рудалы кенорындарды іздеу үшін литогеохимиялық
зерттеулердің артықшылығы бар екенін көрсетті.
Қазіргі таңда
литогеохимиялық іздеу жұмыстары геохимиялық іздеу
əдістерінің ішінде рудалы кенорындарды іздеуде алғашқы
орында тұратын əдіс болып саналады.
Геохимиялық түсірулер кезінде нақты геологиялық
ландшафтарда жəне басқа да жағдайларда барынша көп
геологиялық-экономикалық нəтиже
беретін геохимиялық
түсірудің түрін қолдану орынды болады.