Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын


 Литогеохимиялық іздеу əдістері



Pdf көрінісі
бет54/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

10.1. Литогеохимиялық іздеу əдістері
Минералдық шикізаттардың көптеген түрлерін анықтау 
үшін іздеу əдістерінің ішінде геохимиялық іздеу əдістері 
ауқымды жəне маңызды бөлігін қамтиды. Бұрынғы КСРО 
кезінде геохимиялық іздеу əдістері Қазақстан аймағында да 
кеңінен қолданылған. Осы жұмыстарға А. П. Соловов,
Н. И. Сафронов, С. Д. Миллер, Г. Р. Бекжанов, Ф. З. Фурсов,
Б. А. Досанова жəне т.б. үлкен үлес қосқан. Қазақстан 
геологтарының 
іздеу 
практикасында 
элювий-делювий 
шөгінділерін сынамалау арқылы масштабы 1:50 000 жəне одан 
ірі 
масштабты 
металлометриялық 
түсірулер 
кеңінен 
қолданылған.
Пайдалы қазба кенорындарын литогеохимиялық іздеу 
əдістері алғашқы ореолдар, шашырау ағындары жəне қайта 
түзілген ореолдар бойынша жүргізіледі жəне өзіндік 
ерекшеліктерімен жəне жүргізу жағдайларымен сипатталады. 
Геохимиялық іздеу əдістерінің ішінде литогеохимиялық іздеу 
əдістерінің орны ерекше. Себебі рудалы кенорындарды 
негізінен осы əдіс арқылы іздеу жұмыстары жүргізіледі. 
Перспективті бөлікшелерді анықтау мүмкіндігі жəне пайдалы 
қазбалардың орналасу заңдылықтары туралы алынатын 
геологиялық деректердің көлемі бойынша литогеохимиялық 
іздеу əдістер геохимиялық əдістердің басқа түрлерінен басым 
болып келеді. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының 
басында қайта түзілген ореолдар арқылы литогеохимиялық 
түсірулер көмегімен мыстың Ақбастау, Құсмұрын, Ақтоғай, 
Айдарлы, Қызылқия кенорындары, полиметалдардың 
Ш
алқия, 
Алайғыр, Ұзынжал, Оңтүстік Бестөбе кенорындары, мыс-
мырышты Авангард жəне Ормаңы (Приорское) кенорындары 
ашылған. Кейіннен көне мору қыртысты жабық аудандарда 
өндірістік масштабтарда тереңдікті литогеохимиялық түсіру 
жұмыстарын ендіру нəтижесінде алтынның Суздальское 
кенорны жəне қалайының Сырымбет кенорны ашылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет