Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары


Күн сәулесі жер жүзін құшақтады



Pdf көрінісі
бет41/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

Күн сәулесі жер жүзін құшақтады
Қосылуға қашаннан болған асық [2], - Әп-сәтте, бұлт сейіліп 
жер жүзі құлпырып шыға келді. «Күн сәулесі жер жүзін құшақтады» керемет 
кейіптеу арқылы жаныңа шуақ құйылады. Бірақ, өлең мұнымен бітпейді. 
Өмір осы бірде ол болар бұлтты, 
Қатты желді, дауылды, кейде отты. 
Құрып демің, қайғырып, жас төгерсің, 
Бұлт ашылар – қайғының бәрі бітті [2], - ақын табиғаттың 
бір-біріне қарама-қарсы құбылысын шендестіре отырып, адам өмірінің де 
құбылмалы екеніне философиялық түйін жасайды. 
«Жатырсың неге ұйықтап?» өлеңін алып қарайық: 
Жатырсың неге ұйықтап, қара шекпен
Жарық жаз қайта келді былтыр өткен. 
Қарашы, анау сенің көршілерің, 
Әлі жүр қызметінде ертеңгі еткен. 
Баққаның күндіз-түні тек бір ұйқы, 
Адамсың талабы жоқ мұнша неткен [2], - ақын еріншек, 


74 
жалқау кейіпкеріне кейіп, оған өте лайықты метонимия жасап «қара шекпен» 
деп атақ береді. Яғни, тірлігі жоқ, ұйқышыл жанға ілініп тұрған шекпеннің 
кейпін теңестіреді. 
Ақынның «Қазақ қалпы» өлеңі көптеген әдебиеттанушы ғалымдардың 
талдауында орынды бағасын алған, астарлы, мағыналы шығарма. 
Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған, 
Сахара көлге қонып қаңқылдаған. 
Бір өртке қаудан шыққан душар болып, 
Не қалды тәнімізде шарпылмаған?! [3], – Ресейдей 
алпауыт мемлекеттің бодандығына ұшырап, ел ішінде ешкім түсінбес 
аласапыран кезең басталғанынан хабардар ететін өлең. «Бір өртке қаудан 
шыққан душар болып» метафоралық тіркес. Бұл ел ішіне келген бүлікті 
сипаттаған тамаша тіркес. 
Алаштың адамының бәрі мәлім: 
Кім қалды таразыға тартылмаған [3], - бұл да 
метафора. Осы жолдар арқылы репрессия кезеңіндегі жазықсыз жазаланған 
Алаштықтардың тартқан әділетсіз жазасын бейнелейді. Ел ішінде ауызбіршілік, 
ұйымшылдық болмағандықтан тоз-тозы шыққанын ащы мысқылмен: 
Бос белбеу босаң туған бозбала көп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет