Білім беру бағдарламасы 6В01200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет15/57
Дата15.02.2024
өлшемі1.22 Mb.
#491985
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ

 


№10 дәрістің тақырыбыҚазақ тілі пәнін оқытуда сӛйлеу әрекетінің түрлерін дамыту 
(оқылым, жазылым) 
Дәріс мазмұны: 
Оқылым – графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сӛздер мен 
тіркестердердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, 
сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу. 
Оқылым, біріншіден, ой 
мен 
мидың 
бірлескен 
жұмысына 
байланысты 
болады, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып білуге 
қатысты, үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің мәні 
зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек 
ақпараттар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды. Сӛйлесім әрекетінің 
ерекше бір түрі ретінде оқылымның маңызы:  
1. Тіл үйренуші оқылым арқылы бүкіл тілдік қатынасқа қажетті ақпараттан хабардар 
болады және оны тілдік қарым-қатынаста керегіне жаратады. 
2. Оқылымның нәтижесінде әдеби, мәдени, әлеуметтік салалардағы жылдар бойы 
жиналған адамзаттық тәжірибелер бір кезеңнен екінші кезеңге ӛтіп, адамдардың қарым-
қатынасын жетілдіреді, білімін арттырады, ішкі ой-санасын байытады. Ойлау қабілеті 
мықты дамыған адамның сӛйлеу қабілеті де ерекше болады. 
3. Оқылым әрекеті арқылы кӛңілге түйгенін тіл үйретуші жинақтайды, сұрыптайды, 
тұжырымдайды. Мұның ӛзі уақыт ӛте келе сарапқа түсіп, ӛмірде, ғылым мен техникада 
жаңа ізденістердің шығуына жол ашады. Адамның қоғамдағы рӛлі артады, коммуникация 
үдерісі дамиды. 
Оқылым үдерісінде 4 негізгі компонент үздіксіз қатысып отырады: кӛру мүшелері; 
ойлау мүшелері; тілдік тұлғалардың таңбалық тізбегі; қатысымдық тұлғалардың 
мағыналық тізбегі. Сонымен қатар, бірнеше қосымша компоненттер қатар жұмыс істейді: 
дыбыстау мүшелерінің қимыл-қозғалысы; дауыстап оқу; есту мүшелерінің жұмысы; тілдік 
материалдар жиынтығы. 
Қазақ тілі сабағында коммуникативтік дағдыларды дамыту барысында жүргізілетін 
оқуды әдіскерлер бірнеше түрге бӛледі: аналитикалық оқу, синтетикалық оқу, 
дайындықты оқу, дайындықсыз оқу, негізгі оқу, қосымша оқу, танымдық оқылым, 
зерделік оқылым, ізденімдік оқылым, көрсетімдік оқылым. Оқылым 2 түрлі формада 
жүзеге асады. Бірі – іштей оқу, екіншісі – дауыстап оқу. Дауыстап оқу жылдамдығына 
қарай тез оқу және баяу оқу деп те бӛлінеді. 
Сӛздегі дыбыстардың саны мен бірізділігін анықтау. Дыбыстық талдау жасау. 
Дыбыстардың мағынаажыратушылық функциясын түсіну. Сӛздер мен сӛйлемдердің 
құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білуі (сӛздегі буын санын, сӛйлемдегі сӛз санын 
анықтау). Сӛздің мағынасын, сӛйлемнің мәнісін түсіну. Дыбыс пен әріпті ажырата тани 
білуі; әріп – дыбыстың таңбасы ретінде. Жазылған сӛздің әріптік құрылымын тану. Түрлі 
құрылымдағы сӛздерді, 2-6 сӛзден тұратын сӛйлемдерді, 4-8 сӛйлемнен тұратын қысқаша 
мәтіндерді буындық тәсілмен ұласпалы оқуға үйрету, мәтінді мұғалімнің сұрағы бойынша 
теріп оқу. Дауыстап оқу. Сӛйлеудің интонациялық ұйымдасуына бақылау жасау 
(аяғындағы интонация, леппен айту, сұраулы интонация). 
Дыбыстар мен әріптерді тӛменде кӛрсетілген бірізділікпен меңгерту ұсынылады:
1-кезеңде а, н, л, р, о, т, й, у, ш, с, м, ы;
2-кезеңде і, ң, и, д, е, қ, ұ, ғ, к, ү, г, ӛ, з, ә, ж, п, б;
3-кезеңде х, һ, щ, я, ю, в, э, ѐ, ц, ф, ч;
4-кезеңде ь, ъ белгілері.
Қазақ тіліндегі дыбыстарды, оның ішінде айтылуы ұқсас л – р, н – ң, с – з, с – ш, ж – ш, 
п – б, к – қ дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру. Орыс тілінен енген сӛздерде 
кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Оқушылардың сӛздік қорын байыту 
және белсендіру. 
Сӛздердің мағынасына бақылау жасау (мағынасы жуық сӛздер, қарама-қарсы 
мағыналы, кӛп мағыналы). Мәтін туралы жалпы түсінік. Ӛз бетімен оқу барысында 


мәтінді түсінуі. Баяндау сипатындағы құрылымында ақаулары бар мәтінді қайта ӛңдей 
алуы. Тұтас сӛздер арқылы оқуға ӛту, «іштей оқу». Оқылғанның мазмұны бойынша 
қойылған сұрақтарға жауап беру; оқылған мәтін мазмұнының тақырыбымен 
байланыстылығы, түрлі жанрлардың ерекшеліктерін айқындау; кӛркем шығарманың 
тақырыбын, негізгі ойын анықтау; қойылған сұрақтарға дұрыс жауап құрастыра білу; 
кӛркем мәтін мен ӛзге (нұсқаулық, түйін, т.б.) мәтіндерді интонациясын дұрыс қойып оқу 
(хабарлы, сұраулы, лепті) және олардың мазмұнын айтып беру; теріп оқу, рӛлге бӛліп оқу, 
оқылғанға баға беру (ұнайды/ ұнамайды). Оқу тапсырмаларын орындауға керекті 
ақпаратты іздеу (мұғалімнің жетекшілігімен). Мәтін, сурет, сызба түрінде берілген 
ақпаратты түсіну.
Сызбалардың кӛмегімен сӛздің дыбыстық құрамын модельдеуСӛйлемді модельдеу. Жазу 
жұмысына дайындық жаттығулары (денені дұрыс ұстау, дұрыс отыру, дәптерді дұрыс 
қою, қарындашты/қаламды дұрыс ұстау). Кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру 
(жазу жолы, жоларалық кеңістік, жолдың жоғарғы және тӛменгі сызығы, кӛлбеу, тік). 
Сурет салу, үзік сызықтар, ирек сызықтар, әріп элементтерін жазу. Әріп элементтерін, бас 
әріптер мен кіші әріптерді, сӛйлемдердің буындарын графикалық нормаларды сақтай 
отырып, бір-бірімен дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу. Айтылуы мен 
жазылуында алшақтық жоқ сӛздерден, пунктуациялық ережелерді ескере отырып, диктант 
жазу. Сӛйлем құрамындағы сӛздердің бӛлек жазылатыны. Сӛйлемнің бас әріптен 
басталып жазылатыны, сӛйлемнің соңында нүкте қойылатыны. Сӛйлем, шағын мәтіндерді 
(3-4 сӛйлем) дұрыс құрастырып жазу. Есту, есте сақтау арқылы сӛздерді (3-7 сӛз), жай 
сӛйлемдерді (1-2 сӛйлем) жатқа жазу. Жазғанын үлгіге қарап тексеру; каллиграфиялық 
дұрыс жазу. Дұрыс жазу ережелерімен танысу және оларды тәжірибеде қолдану: 
1) бас әріппен жазылатын сӛздерді (адамдардың есімдерін, жер-су аттарын, үй 
жануарларына берілген атауларды) анықтау, дұрыс жазу;
2) заттардың атаулары мен олардың санын, сынын, қимылын білдіретін сӛздерді анықтау; 
3) кӛптік жалғауды меңгеру және дұрыс қолдану;
4) жіктеу есімдіктерін ауызекі сӛйлеуде дұрыс қолдану; 
5) тәуелдік жалғауларын ауызекі сӛйлеуде дұрыс қолдану;
6) іс-қимылды білдіретін сӛздерді (етістік шақтарын) дұрыс қолдану; 
7) сӛйлемнің тыныс белгілерін (нүкте, үтір, сұрақ белгісі және леп белгісі) дұрыс қойып 
жазу;
8) мұғалім кӛмегімен сӛздерді тасымалдау. 
«Жазылым – тіл үйренуге қатысты қиын да күрделі жұмыс. Жазылым термині – 
«жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу, ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, 
қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді. Жазылым – тілдік тұлғалардың 
графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген: лингвистикалық, психологиялық, 
физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен 
формасын бірдей қамтитын адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік 
жасайтын күрделі тарихи әрекет. 
Жазылым, біріншіден, әріптің, сӛздің графикалық таңбасы арқылы іске асады; 
екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие 
болады; үшіншіден, жазылым құбылысында сӛйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; 
төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сӛйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес
формасына да кӛңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен 
материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асырады. 
Ғалымдардың қалыптасқан пікір бойынша, жазылым үш бӛліктен құралады: 
а) себеп-салдарлық; ә) аналитикалық-синтетикалық; б) орындалымдық. Ф.Ш. 
Оразбаеваның пікірінше, жазылым бірнеше құрылымдық кезеңнен тұрады да, кӛпсалалы 
болады: 
1) қажеттіліктен пайда болатын себеп; 
2) себептің ойда, санада бейнеленуі; 
3) ойдың сӛз арқылы тізбектелуі; 


4) сӛздің графикалық әріптермен таңбалануы; 
5) жазудың екінші адамға түсінікті болып, берілген хабарды білдіруі. 
Жазылымның лингвистикалық ерекшелігі – ол әріптік таңбадан бастап алфавитке 
дейінгі тілдің дыбыстық жүйесін, олардың жазылу ережесін, жазбаша сӛйлеу үлгілерін 
қамтиды. Жазылымның лингвистикалық мазмұнын белгілейтін мәселелер мыналар: 
1) графика; 
2) орфография; 
3) жазып алу; 
4) жазбаша сӛйлеу. 
Жазылымның лингвистикалық мазмұнын белгілейтін мәселелерге мыналар жатады: 
графика, орфография, жазып алу және жазбаша сӛйлеу. 
Оқушылармен жұмыста ең басты мақсат – жазылымның осы ерекшеліктерін кеңінен 
қолдана отырып, оқушылардың сауаттылығын арттыруға болады деп есептейміз. Бұл 
салада үйретілетін ең басты мәселе – жазылымның графикасы. Графика, яғни жазу 
таңбалары – жазу үшін қолданылатын барлық әріптердің таңбалық жиынтығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет