Білім беру бағдарламасы 6В01200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет23/57
Дата15.02.2024
өлшемі1.22 Mb.
#491985
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   57
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ

№17-18 дәрістің тақырыбыФонетиканы оқыту әдістемесі. Орфография және орфоэпия 
Дәріс мазмұны: 
Орфографиялық дағдының табиғаты жӛнінде. Орфографиялық ережелермен жұмыс 
ұйымдастыру. Орфографиялық жаттығулар. Оқушылардың орфографиялық қателері, 


оларды болдырмау жолдары және түзету жолдары. Орфография жұмыстарының түрлері: 
кӛшіру, грамматикалық-орфографиялық талдау, диктанттар, мазмұндама мен шығарма. 
Сӛздікпен жұмыс жасаудың маңызы. Орфография мен орфопияның бір-бірімен 
байланыстылығымен бірге олардың ӛзара айырмашылығын жете түсіну үшін оқушы 
фонетиканы жетік білудің маңызы зор. Мұғалім оқушылардың фонетика саласынан алған 
білімдерін сабақта сұрақ-жауап әдісі арқылы естеріне түсіруіне болады. Дыбыс пен 
әріптің ӛзара айырмашылығын, дыбыстың тілдегі сӛз құрайтын фонема, ал әріптің 
солардың таңбасы екендігін түсіндіргеннен соң, графика, шартты таңбаның қалай болса 
солай емес белгілі бір қағидаға сүйеніп жазылатынын айтады. Орфография (гректің 
орфос-дұрыс, графо – жазамын). 
1.Жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі. 
2.Біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін 
тіл білімінің саласы. Орфография тілдің бір даму кезеніңдегі жазба тілдің нормаларын 
айқындайды деуге болады. Ережелер жүйесі: 
- дыбыстарды (фонемаларды) әріптермен беру 
- сӛз және оның мағыналы бӛлшепктерін жазу. 
- сӛздерді бірге, бӛлек және дефис арқылы жазу. 
- бас әріпті пайдалану. 
- тасымалдау сияқты мәселелерді қамтиды және айқындайды. 
Бұлардың әрқайсысы белгілі бір принциптерге негізделген ережелердің жиынтығынан 
тұрады. Орфографиялық, морфологиялық, фонемалық, фонетикалық, дәстүрлі 
дифференциялаушы. 
Орфография – дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы. Орфография дұрыс жазудың 
нормасы мен қағидаларын белгілегенде, тілдің әртүрлі жақтарын және олардың 
байланысын бірдей ескере отырып, нақтылы принциптерге сүйенеді оларды негіз етіп 
алады. Орфографияның жұп-жұбымен тізбектеле қолданылатын 6 түрлі приципі бар. 
Тілдегі сӛздердің жазылу нормалары үш түрлі принципке негізделіп жазылатынын 
оқушыларға кестені пайдалана отырып түсіндірген жақсы нәтиже береді. Орфоэпияны 
оқытқан кезде тақтаны екі бӛлікке бӛліп, бір жағына жазылуын, бір жағына айтылуын 
жазып салыстыра түсіндірген жӛн.
Орфография мен орфоэпияның бір-бірімен байланыстылығымен бірге олардың ӛзара
айырмашылығын жете түсіну үшін оқушының фонетиканы жетік білуінің маңызы зор. Мұғалім 
оқушылардың фонетика саласынан алған білімдерін сабақта сұрақ -жауап әдісі арқылы
естеріне түсіруіне болады. Тілдегі сӛздердің жазылу нормалары үш түрлі принципке негізделіп
жазылатынын оқушыларға кестені пайдалана отырып түсіндіргенжақсы нәтиже береді. 
Мысалы, мынандай кесте жасауға болады: 
Қазақ орфографиясының принциптері 
Қазақ орфографиясының принциптері 



Фонетикалық принцип 
Морфологиялық принцип 
Дәстүрлі-тарихи принцип 
Бүгін (бұл күн), белбеу 
(белдің бауы), жаздыгүні 
(жаздың күні), т.б. 
Жұмысшы 
(жұмышшы), 
түнгі (түңгі), торы ала 
(торала) т.б. 
Хал, 
хабар, 
халайық, 
бейкүнә, хиуа,т.б. 
Орфоэпияны оқытқанда тақтаны бӛлікке бӛліп, бір жағына жазылуын, бір жағына 
айтылуын жазып, салыстыра түсіндірген дұрыс. Мысалы, 
Жазылуы 
Айтылуы 
ӛнім 
ӛре 
бу 
жібу 
ӛнүм 
ӛрӛ 
бұу 
жібіу 
Сондай-ақ орфография мен орфоэпиядан ӛткен білімдерін бекіту ретінде 
оқушыларға жеке ӛздік жұмыстарын жасату да оларды ӛз беттерінше жұмыс жасауға 
тӛселдіреді. Мәселен, дәстүрлі-тарихи принцип бойынша жазылатын сӛздерді кӛркем


шығармалардан тергізіп, мысал жинатуға, орфоэпиялық заңдылықтан ауытқып
айтылған сӛздерді талдату/ себебін дәлелдету/ т.б.тапсырмаларды орындату ӛз 
нәтижесін берері сӛзсіз. 
Дәрісті қорытындылау: Орфография мен орфоэпияның бір-бірімен 
байланыстылығы. Орфография мен орфоэпияның бір-бірінен айырмашылығы.Тілдегі 
сӛздердің жазылу нормалары үш түрлі принципке негізделетіндігі.Қазақ
орфографиясының принциптері. Орфоэпиялық дағдыларды қалыптастыру жолдары. 
Орфоэпиялық сӛздік, оның орфоэпиялық дағдыларды қалыптастырудағы маңызы. 
Бақылау сұрақтары: 
1.Оқушылардың орфография мен орфоэпиядан ӛткен білімдерін бекіту 
кезіндеқандай кӛрнекі құралдарды қолданған тиімді деп ойлайсыз? 
2.Орфоэпияны оқытқанда тақтаны бӛлікке бӛліп, бір жағына жазылуын, бір жағына 
айтылуын жазып, салыстыра түсіндіргенде қандай нәтижелерге қол жеткізуге болады? 
3.Қазақ орфографиясының принциптері нешеу және қазақ жазуы негізінен қай принципке 
сүйенеді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет