Білім беру бағдарламасы 6В01200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»


Компьютерлік оқыту технологиясы –



Pdf көрінісі
бет20/57
Дата15.02.2024
өлшемі1.22 Mb.
#491985
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ

Компьютерлік оқыту технологиясы – оқушының жеке тұлғасын дамытуда ӛз 
бетімен іздену, білім алу әдістерін меңгертетін тиімді жүйе. Ақпаратты іске асырудың 2 
жолы бар:
1) жалпы білім беретін пәндерді зерттеу барысында ақпараттық-қатынас технология 
құралдарын жүйелі қолдану;
2) информатиканың пәнаралық қатынастарын басқа пәндермен ӛзара байланыста 
жүзеге асыру. 
Негізгі мақсаты: жаңа ғылыми түсініктердің оқыту тәрбиелеу процесі кезінде 
материалдарды күн сайынғы жаңа оқыту процестерімен таныстырып отыруы. 
Соңғы жылдарда жедел дамып келе жатқан жаңа педагогикалық технологиялардың 
тиімділігі мен дұрыстығы туралы қарастырған ғалымдардың пікірінше, жақсы нәтижеге 
қол жеткізуге мүмкіндік беретін мынадай бағыттар бар: 
1. ынтымақтастыққа оқыту; 
2. жобалау әдісі; 
3. оқытудың көпдеңгейлі жүйесі; 
4. «оқушы портфелі» .
Осы «ынтымақтастыққа оқыту», «жобалау әдісі», «оқытудың кӛпдеңгейлі жүйесі», 
«оқушы портфелі» туралы автролар оның дәстүрлі оқыту жүйесіне де, жаңа оқыту 
жүйелеріне де үйлесілімділік орын таба аоатындығын атап кӛрсетеді. 
 
№14 дәрістің тақырыбы: Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану 
құзіреттілігі 


Дәріс мазмұны: Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын 
дамытады. Ақпаратты іздеу және ӛңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, ӛз 
жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен қосымшалардың кең 
ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша 
дағдыларының 
дамуына 
жәрдемдеседі.
Оқу 
үдерісіне 
жаңа 
педагогикалық 
технологияларды ендіруді жүзеге асыруда тӛмендегі жайттарды ұмытпау керек:
 
1 Ең алдымен оқу орнының үдерісін технологияландыруда таңдап алынған 
мәселенің жағдайын тереңдеп зерттеу. 

Ендірілетін технологияның теориясы мен әдістемесін зерттеу

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру.

Жаңа педагогикалық технологияға негізделген оқу бағдарламалық базаны 
қамтамсыз ету.

Жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің материалдық-техникалық 
базасын құру.
Білімді ақпараттандыруды үйрену ақпараттық технологиялардың әртүрлі тұрғыда 
білім саласына енуін танысуды қамтуы қажет. Жеке алғанда, білімде қолданылатын 
ақпараттандырудың техникалық құралдары, бағдарламалық құралдары, олардың 
мазмұндық толтырулары нақты қарастырылуы тиіс. Кӛп жылдар бойы оқытудың 
техникалық құралдарына әртүрлі диапроекторлар мен фонографтар, графопроекторлар 
мен электрофондар, кинопроекторлар мен телевизорлар, магнитофондар мен CD-плеерлер 
сияқты аппаратураның ӛзін, сонымен қатар диафильмдер, диапозитивті сериялар, 
пластинкалар, кассеталар мен компакт дисктер сияқты арнайы құрылған дидактикалық 
материалдар мен кӛрнекі құралдарын жатқызды.
Жүз жыл бұрын, танымал американдық ойлап шығарушы Т.А.Эдисон бірінші 
дыбысжазатын құрылғы – фонографты ойлап шығарған соң, дыбысты жазу, сақтау және 
дыбысты 
шығару 
мүмкіндіктерінің 
пайда 
болуына 
байланысты 
білімдегі 
барлық мәселелер шешілді деп мәлімдеді.
Қазіргі кезде оқу орындарында тӛмендегі құралдарды кездестіруге болады: 
· дыбысты жазуға және дыбысты шығаруға арналған құралдар (электрофондар, 
магнитофондар, CD-ойнатқыштар), 
· телефондық, телеграфтық және радиобайланыс құралдармен жүйелері (телефон 
аппараттары, факсимальді аппараттар, телетайптар, телефон станциялары, радиобайланыс 
жүйелері), 
· теледидар, радиомен хабар тарату құралдары мен жүйелері (теле және 
радиоқабылдағыштар, оқу теледидары мен радио, DVD-ойнатқыштар), 
· оптикалық және проекциялық киномен фотоаппараттар (фотоаппараттар, 
кинокамералар, диапроекторлар, кинопроекторлар, эпидиаскоптар), 
· ақпаратты кӛбейтуге және құжаттауға арналған баспалық, кӛшірмелік, кӛбейткіш 
және басқа да техникалар (ротопринттер, ксерокстер, ризографтар, микрофильмдеу 
жүйелері), 
· ақпаратты сақтау мен ӛңдеуге, электронды түрде ұсынуды қамтамасыз ететін 
компьютерлік құралдар (компьютерлер, принтерлер, сканерлер, графатұрғызғыштар 
(графопостроителдер), 
· ақпаратты байланыс арналары бойынша тасымалдауды қамтамасыз ететін 
телекомуникациялық жүйелер (модемдер, ӛткізгіш, спутниктік, оптоволокондық, 
радиорелейлік желілер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет