Білім беру бағдарламасы 6В01200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет22/57
Дата15.02.2024
өлшемі1.22 Mb.
#491985
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ

 
№16 дәрістің тақырыбы: Фонетиканы оқыту әдістемесі. 
Дәріс мазмұны: 
Бастауыш мектепте фонетиканы оқыту мазмұны, ерекшеліктері. Бастауышта 
фонетиканы оқыту оқушылардың сауат ашу кезеңінен бастап қарастырылады. Мектепте 
дұрыс оқыту, дұрыс жаздыру әдістемесінің кӛптеген мәселелері фонетикаға негізделеді. 
Сауаттылыққа үйрету тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар 
мен күрделі байланысты бірдей ескерген жағдайда ғана нӛтижелі болмақ. Тілдің 
орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру — ең 
алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетика 
заңдарын жете білуді кажет етеді. 
Дыбыстарды дауыстылар, дауыссыздар деп топтастырғанда балаларға әсіресе олардың 
акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары баса үйретілуі қажет. 
Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, дауыстыларды айту үстінде ауа: 1) кедергіге 
ұшырамай, тосқауылсыз, еркін шығады; 2) дыбыстау мүшелеріне күш түспей, лепсіз, 
бірқалыпты шығады; 3) созып айтуға келеді. Ал дауыссыздарды айтқанда ауа: 1) кедергіге 
ұшырайды; 2) тосқауылдан ӛту кезінде дыбыстау мүшелеріне күш түседі де, ауа лап етіп 
шығады; 3) созып айтуға келмейді. Мұғалім тілдің артқы тандайға қарай жайылуы мен 
бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар (а, о, ы, ү), тілдің тандайдың алдыңғы 
жағына жуықтауынан жіңішке дауыстылар (ә, ӛ, і, ү, е) шығатынымен таныстырады. 
Әсіресе айтылуы қиындық келтіретін дыбыстар — дауыссыздар. Тіпті кейбір балалар 
дыбыстарды мектепке келгенде айта да алмайды (мысалы, "р", "с"). Осыған орай, кейбір 


дауыссызды айтқанда тілдің ұшы күрек тіспен жымдасып, бірден кілт ажырап кететінін 
("д", "т"), кейбіреулері астыңғы еріннің үстіңгі ерінге немесе тіске тиюінен (п, б, м, ф, в), 
енді біреулері тіл ұшының астыңғы тіске жуысуынан (с, з), ал тілдің артық шенінің 
жұмсақ таңдайға жуықтасуынан (к, қ, ғ, х), жұтқыншақтың тарылуынан ("һ") дыбысының 
пайда болатынын байқатып айтқызып балаларды дағдыландырады. Сауат ашу кезеңінде 
балалар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың қалай таңбалатынымен де 
танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену — сауатты болудың алғашқы 
баспалдағы. Әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді. 
Сауат ашу кезінде балалар сӛздің дыбыс, буын құрамын меңгереді, сӛйлеммен 
танысады. Буындардан қалайша сӛз құрауға болатынын біледі, жаңа сӛздер үйреніп, 
сӛздік қорларын байытады, практикалық түрде қазақ тілінің нормасына сай сӛйлем 
кұрастырып, оз ойларын айтып беруге дағыдалана бастайды. Мұғалім балаларға 
айтылатын дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін және оларды оқу үшін бұл дыбыстардың 
белгілі бір графикалық таңбалармен белгіленетіндігін айтады. Бірінен кейін бірі рет-
ретімен орналасқан ӛріптердің жиынтығы алфавит деп аталады. Қазақ тілінде орыс 
графикасы арқылы белгіленген 42 әріп бар. Олар: а, ӛ, б, в, г, ғ, д, е, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, 
н, ң, і, ы , ү, ү, о, о, п , р, с, т, у, ф, х, һ, ц , ч, ш, щ, э, ю, я, ь (жіңішкелік белгі), ъ (жуандық 
белгі). Қазақ тілінде бір таңба екі дыбысты белгілейтін жағдайлар да бар: е, я, ю, у, ц, ч, щ. 
Дыбыс тіркестерінің, сӛздердің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия деп аталады. 
Әліппеге дейінгі кезең. Тіл дамытуда: сӛйлемнің дыбысталу мәдениеті, сӛзбен 
жұмыс, сӛйлеммен жұмыс, байланыстырып сӛйлеуге үйрету; оқуға даярлауда: дыбысталу 
тілін талдау, сӛйлеуден сӛйлемді, сӛйлемнен сӛзді ажырату, дыбыс туралы түсінік, сӛзге 
дыбыстық талдау жасау; жазуға даярлауда: жазу гигиенасы, дұрыс отыру, дәптерді, 
қаламды дүрыс пайдалану ережелері, дәптермен таныстыру, әртүрлі сызықтар сыздыру, 
әріп элементтерін жазу. 
Әліппе кезеңі. Оқуға үйретуде: сӛзге дыбыстық-әріптік талдау жасау, дыбыстар мен 
әріптерді оқу және жазу, әртүрлі буынды сӛздерді оқу, қысқа сӛйлемдерді, шағын 
мәтіндерді оқу; жазуға үйретуде: әріп элементтерін жазу, бас әріптер мен кіші әріптерді 
жазу, әріптердің баспа және жазба түрлерін ажырату, сӛздерді кӛшіріп жазу, үлгі бойынша 
жазу, есту арқылы жазу; ауызша тіл дамытуда: сӛйлеудің дыбысталу мәдениеті, сӛзбен 
жұмыс, сӛйлеммен жұмыс, байланыстырып сӛйлеу. 
Әліппеден кейінгі кезең. Оқуда: әртүрлі дауыс ырғағындағы сӛйлемдерді, 
байланысты мәтіндерді дұрыс, саналы түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу; байланыстырып 
сӛйлеу тілін дамытуда: мәтінмен жұмыс; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды 
меңгертуде: сӛйлеу, сӛйлем, дыбыстар мен әріптер, сӛз, орфография, мәтін; жазуда: 
кӛшіріп жазу, есту арқылы жазу, есте сақтап жатқа жазу, кӛркем жазу, шығармашылықпен 
жазу, сӛз, сӛйлем, шағын мәтіндерді жазу. 
Сауат ашу кезінде жүргізілетін жазба жұмыстары: көшіріп жазу; диктант; 
мазмұндама; шыгарма. 
I жартыжылдықта әріп диктанты, буын диктанты, сӛздік диктант – 4-6 сӛз (диктант 
жұмысы күнделікті сабақ барысында мұғалімнің қалауымен) жүргізіледі. 
II жартыжылдықта сӛздік диктант – 6-8 сӛз, есту диктанты, кӛру диктанты, жыл 
аяғында 15-18 сӛзден тұратын бақылау диктанты (диктант жұмысы әрбір 
грамматикалық материалды меңгерген соң) алынады. 
II жартыжылдықта кем дегенде үш рет үйрету мақсатындағы мазмұндама (20-25 сӛз) 
және екі рет үйрету мақсатындағы шығарма жұмыстары алынады. 
1-сыныпта «Кӛркем жазу» күнделікті сабақ барысында (шамамен 4-5 минут) 
мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет