құрылды. Осы зертхана қызметкерлерінің көпжылдық зерт-
теулерінің нәтижесінде кебірлі топырақтардың пайда болуына,
қасиеттеріне негізгі әсер ететін
жай оның коллоиды жоғары
молекулалы жүйелері екені анықталды. Міне, осыған сәйкес,
зертхана атына сәйкес өзгертілді. Бағыты – кебір топырақтар-
дың табиғатын зерттеп, оны жақсарту жолдарын қарастыру.
Зертхана құрамында 13 қызметкер бар, оның 3-і
аға ғылыми
қызметкер, 3-і ғылыми қызметкер, қалғандары ғылыми – тех-
никалық қызметкерлер. Зертхананы білікті ғалым, ауылшаруа-
шылық ғылымының кандидаты Н.Л.Яцынин басқарады. Оның
басқаруымен республикамыздың терістік облыстарында басы-
мырақ тараған
кебір жерлердің пайда болуы, оларды мелиора-
циялау, ауылшаруашылық өндірісіне пайдалану мәселелері
зерттеліп жатыр.
Бұл зерттеу жұмыстары, негізінен, үш бағытта жүргі-
зілуде: 1. Кебір жерлердің табиғатта
таралу заңдылықтарын
зерттеп, оларды картаға түсіру, агромелиоративтік қасиеттерін
анықтап, аудандастыру. 2. Кебірлі топырақтарды жақсартудың
әдістері мен технологиясын тәжірибе арқылы зерттеп, сынау. 3.
Кебір топырақтарының пайда болуының физика-химиялық
мәнісін түсіну үшін байыпты теориялық зерттеулер жүргізу.
Ғылыми ұжым осы 3 бағытта да айтарлықтай табысқа жетті.
Достарыңызбен бөлісу: