83
тәрізді сипатқа ие. Кемістік биологиялық негізден қаншалықты алыс болса,
соншалықты психологиялық – педагогикалық коррекцияға оңай бағынады.
Даму процесінде бірінші және екінші кемістіктер арасындағы,
биологиялық және әлеуметтік шартты бұзылулар арасындағы қатынастар
өзгереді. Егер оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі кедергі органикалық
кемістік болса, яғни, туа біткен кемістік бағыты «төменнен жоғары»
болған жағдайда дер кезінде коррекциялық-педагогикалық
жұмыстар
басталмаса, екінші кезекте пайда болған психикалық жетілмеулер мен
жеке тұлғалық қалыптың бұзылуы баланың әлеуметтік ортаға деген, өзіне
деген кері, жағымсыз көзқарасының қалыптасуында жетекші орын алады.
Психологиялық қиын мәселелер шеңберін кеңейте отырып, туынды
кемістік барлық элементарлық психикалық функцияларға өзінің кері
ықпалын жасай бастайды, патогендік әсерлер «жоғарыдан төмен» қарай
бағытталады.
Психологтың мамандық әрекетінде
коррекциялық жұмыс шаралары
ең негізгі бағыт. «Коррекция» термині турасында «түзету» мағынасын
білдіреді. Коррекциялық бағыт психикасы cay адамның іс-әрекетіндегі
ақауларды түзету үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер жиынтығы; адам
әрекетіндегі психикалық ақауларды түзетуге бағытталған және осы
мақсатта психикалық әсер етуге бағытталған құралдар жүйесі.
Коррекцияға органикалық негізсіз және ерте қалыптасып, болашақта
өзгермейтін тұрақты қасиеттерді білдіретін кемшіліктер жатады.
Жағымсыз жағдайларына байланысты
туындаған соматикалық,
физиологиялық немесе психикалық проблемеларын қалыпқа келтіруде
коррекциялық бағдарламаларды құрудың негізгі талаптары бар
.
Коррекциялық бағдарламаларды құру барысында мына жағдайларды
ескеру керек:
- коррекциялық жұмыстың мақсаты мен міндетін нақты қалыптастыру;
- коррекциялық жұмыстың мақсатын нақтылау және анықтау;
- коррекциялық жұмысты жүргізу барысында стратегия мен тактиканың
таңдап алынуы;
- клиентпен жұмыс формасын (индивидуалды, топтық немесе аралас)
анықтап алу;
- коррекциялық жұмысты жүргізу әдістері мен техникасын іріктеп алу;
- барлық коррекциялық бағдарламаны жүзеге асырудың жалпы уақытын
анықтап алу;
- күнделікті кездесу жиілігін (күнделікті, жұмасына 1 рет, жұмасына 2 рет,
екі жұмада 1 рет т.с.с.);
- коррекциялық сабақтың ұзақтығын (10 -15минут коррекциялық
бағдарламаның басында, 1,5-2 сағат қорытынды бөлімінде);
- коррекциялық бағдарламаны құрастыру және коррекциялық сабақтардың
мазмұнын анықтау;
- жұмыс барысында басқа да адамдардың әрекетін жоспарлау;
- коррекциялық
бағдарламаны орындау;
84
- қажетті материалдар мен жабдықтарды әзірлеу.
Коррекциялық кешен негізгі төрт блоктан тұрады:
Диагностикалық блоктың мақсаты:жалпы психологиялық коррекция
бағдарламасын
қалыптастыру, жеке
тұлғаның
даму
ерекшелігін
диагностикалау;
Бағдарланушы блоктың мақсаты: Бірлескен әрекетке деген қатынасты
орнату, қобалжуды жою, клиенттің өзіне-өзінің сенімділігін жоғарлату,
психологпен қарым-қатынас жасауға деген даярлығы, өзінің өмірін
өзгертуге деген құлшынысы.
Коррекциялық блок мақсаты: клиенттің дамудағы үйлесімділігі,
дамудың жағымсыз фазасынан
жағымды фазасына көшу, әрекеттердің
әдістерінн анықтау, қоршаған орта мен өзінің арасындағы қарым-қатынас
бірлігі.
Коррекциялық
әсердің
нәтижелілігін
бағалау
болгының
мақсаты:реакция динамикасы мен психологиялық мазмұның өлщеу,
позитивті тәртіп реакциясы мен алаңдаудың пайда болуы, позитивті өзін-өзі
бағалаудың тұрақтылығы.
Коррекциялық әсердің нәтижелілігі келесі жағдайларға байланысты:
- коррекциялық әсердің нәтижелілігі әдіс-тәсілдердің нақтылығын қажет
етеді,
- бір әдіс-тәсілдің өзі маманның кәсібилілігіне байланысты әртүрлі нәтиже
беруі мүмкін;
- жұмыстың бағасын тәуелсіз эксперттер бағалауы тиіс;
- коррекциялық әсердің нәтижесін басқа да нәтижелермен салыстыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: