Абдуллина г. К


Дизартрияға шалдыққан балаларды тексеру мен



Pdf көрінісі
бет41/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

3.2 Дизартрияға шалдыққан балаларды тексеру мен 
коррекциялау жұмысы 
 
Дизартрияға шалдыққан балалардың тіл мүшелерінің қозғалуын
дыбыстардың айтылуын, жалпы сөйлеу тілін жан-жақты тексереді. 
Балалардың сөйлеу мүшелері мен ымдау бұлшықеттерінің жансыздану 
дәрежесімен танысу арқылы сөйлеу тіл мүшелеріндегі тиісті дыбыстардың 
бұзылуы анықталады. Тексеруді мимикалық бұлшықеттердің тыныштық 
қалпында тұрғандағы жағдайын бақылаудан бастайды: 
- Еріндерінің құрылымы және олардың бір қалыпты орналасуы, 
еріндерінің жиектерінің сипаты, біртұтас жымқырылып қабысатыны
мимикалық бұлшықеттерінің күштеп қимылдауының гиперкинезі бар 
жоқтығы анықталады.
- Баланың аузын жауып тұруына, алдымен екі көзін бірдей, сосын кезек-
кезек қысуына, қасын жиырылу шамасының қаншалықты жететіндігін 
тексереді, біріккен қимылдардың пайда болуын белгілейді. 
Сөйлеу 
мүшелерінің 
қозғалуын 
тексеруге 
кіріспес 
бұрын, 
құрылысының ерекшеліктерін және ақаулықтарының анатомиялық 
сипатын белгілеу қажет. Логопед содан кейін сөйлеу мүшелерінің 
қозғалуын тексереді: 
- Астыңғы жақтың қимылдауы, ауызды ашу және жабу; 
- Еріндердің қимылдары: қабысу, керілу, алға созылуы; 
- Тілдің қимылдары: алға-артқа, жоғары –төмен, оңға –солға тілді 
жалпайту, сүйірлей шығару. 
Балалардың дыбыстық талдаудағы дағдылануын анықтайды, балаларға 
мынандай тапсырмалар беріледі: 
- Сөздің басынан екпінді дауысты дыбысты бөліп алу; 
- Тексерілетін дыбысы бар сөзді табу; 
- Тексерілетін дыбыстан басталатын сөздерді іріктеп алу; 
- Аты тексерілетін дыбыстан басталатын бейнелі суреттерді іріктеп алу; 
- Дыбыстарды 
сөздің 
ішінде 
қолданылатын 
ретін, 
олардың 
әрқайсысының орнын анықтау. 
Түзету жұмысының негізгі бағыты: 
Балалармен логопедиялық жұмысты дизартрия түрлеріндегі сөйлеу 
тілінің ақаулықтарының және сөйлеу тілінің іс-қимыл қозғалыстарының 
бұзылу механизмін балалардың жеке басының ерекшеліктерін негізге алып 
жүргізеді. 
Дизартрияға шалдыққан балалармен жүргізілетін жұмыстыңнегізгі 
мақсаттары:дыбыстардың 
айтылуын 
түзету, 
сөйлеу 
мүшелерінің 
қозғалуын, сөйлегенде тыныс алуын, сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс 
айтылуын жетілдіру. 


90 
Фонематикалық түйсігін жетілдіру. 
Сөйлеу тілінің өзара үйлестігін тұрақтандыру, сөйлеу ырғағының 
бұзылуын жою, сөйлеу тілінің жалпы толық дамымауының көрінісін 
түзету. Дизартрик балалардың тілін түзетудің алғашқы мақсаты: анық 
сөйлеу. Сөйлеуіндегі кемістіктің басты себебі сөйлеу мүшелері 
аппаратының толық немесе жартылай қимылдамауы. Логопедтің негізгі 
мақсаты сөйлеу аппаратының қимылдауын жетілдіруге бағытталуы тиіс. 
Беттің бұлшықеттерінің,нервтерінің қозуы мен ымсыздануын және сөйлеу 
мүшелері нашар қимылдауын жою үшін екі ұртын алақанмен жеңіл 
шапалақтайды, астыңғы жақтың сыртқы қырын,тіласты таңдай 
бұлшықеттерін саусақпен жеңіл ғана сипай шымшылап бетті уқалайды, 
сонымен бірге беттің терісін тегістеп сипалауды да қолданады. 
Баланың сөйлеу мүшелеріндегі еріксіз қимылдау кемістігін тоқтату 
үшін қимылдарды басқару жолымен үздіксіз қайталап бекітеді. Сөйлеу 
мүшелерінің қимылдарын айнаға және логопедке қарап бақылайды, 
дыбыстың ыңылдаған, жөткірінген үнін тыңдайды. Қимылды алдымен 
логопедпен бірге жасайды, сосын көрсеткеннен кейін қайталайды. Осыдан 
кейін өздігінен орындауды қамтамасыз етеді. Айнаның алдында тұрып 
баланың қолымен жаттығу жұмысын жүргізуге болады.Қимылдарды 
ақырындап, бір қалыпты ырғақпен теңселу,арасын біртіндеп ұлғайта 
отырып, орындау керек. Мысалы бала оң қолын мұқият тазартылып 
жуылған бас бармағымен астыңғы тістерін басып, ал қалған саусақтарымен 
иегін ұстап ауызын кең ашады. 
Сөйлеу мүшелерінің белсенді гимнастикасы 
Астыңғы жақ – тістерін сақылдатып аузын ашып жабады. Ауызын 
ашық күйінде ұстап тұрып, ауыздың орташа бағытпен жабылуын қадағалау 
керек. Қолымен төбесіне және иектің астынан жеңіл ғана басу сияқты 
механикалық жәрдемді қолдануға болады.
Еріндердің қимылдарын шынықтыру үшін 
а) тістерін ақситу, еріндерін сүйрелей созу, еріндерін сүйрелей созған кезде 
сүюді қолданады. Еріндерін сүйірлеген кезде саусағын немесе мұз кәмпитті 
сұғып сорып, сосын тартып шығарады;
б) жаттығулардан кейін әр түрлі көлемдегі түтіктерді немесе түзету құралын 
еріндермен қысып ұстап тұру жаттығуларына көшеді (мысалы, логопед 
түтікті суырып алуға әрекет жасағанда бала қысып жібермейді); 
в) жағын ашып еріндерін алға созып,сосын ыржиып кереді; 
с) тілін үстіңгі ерінің үстіне қойып алға қарай екеуін бірге созады; 
г) үстіңгі тістерімен астыңғы ерінін тістейді; 
д) астыңғы ерінді үстінгі ерініне көтеріп созады;
е) еріндерін сүйірлей алға созады да айналдырады; 
ж) тілдің ұшын үстіңгі ерініне тигізу пайдалы. 
Сөйлеу тілін жетілдіру жұмысымен дыбыстардың фонематикалық 
түйсігін қалыптастыру жұмысын байланыстырудың нәтижесінде дизартрик 
балалардың жуықтап айту негізінде жазуын толық меңгеруіне 


91 
фонематикалық дайындық жасалынады. Ерте және дұрыс ұйымдастырылған 
логопедиялық жәрдем, соған лайықты сөйлеу тіліндегі қарама-қайшылықты 
жоюын, баланың компенсаторлық мүмкіншілігін, оның ынтасын 
белсендіруді тәрбиелеу шараларымен байланыстыру дизартрик балаларды 
жалпы білім беру мектебінің бағдарламасын меңгеруіне мүмкіншілік береді. 
Саусақтардың қимылдарын жетілдіруде жүйелі басталған жұмыс жазу 
шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды. 
Дизартрик балалардың ата-аналары, баланың сөйлеу тілінің қарқынды 
дамуы оның үлкендермен қарым –қатынасына, олармен сөйлесудегі 
сөздердің ерекшеліктеріне байланысты екенін ескеру қажет. Үй 
ішіндегілердің, баланың жетілуіне ықпал жасап белсенді түрде арласуы 
сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуына қажетті алғышарт жасалынады. Ата-
ананың баланың оқуына күнделікті қатысуы логопед жұмысының мерзімін 
едәуір қысқартады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет