78
Функционалдық бітеу ринолалия балаларда
жиі кездеседі, бірақ
анықталуы әр уақытта дұрыс бола бермейді. Оның бір ерекшелігі - мұрын
жолының өтімділігі жақсы және мұрыннан тыныс алуы бұзылмаған
жағдайда пайда болады. Функционалды ринолалияда мұрындық және
дауысты дыбыстың үнінің әуезділігі органикалық бітеу ринолалияға
қарағанда күштірек бұзылған болуы мүмкін. Оның себебі - жұмсақ таңдай
фонациясының және мұрын жолды дыбыстардың
айтылуы кезіндегі
әдеттегісінен жоғары көтеріліп кетіп дыбыс толқынымен мұрын
жұтқыншаққа баратын жолды жауып қалады. Бұл сияқты құбылыстар
жүйке ауруына шалдыққан балаларда байқалады.
Органикалық бітеу ринолалияда ең алдымен мұрын қуысының
тарылуының себептері жойылуы керек. Мұрынмен тыныс алуы қалай
дұрысталса, ақаулықта солай жоғалады. Егер мұрын жолының тарылуын
жойғаннан кейін де
ринолалия көрінісі өзгермесе, онда функционалды
бұзылыста қолданатын жаттығуларды пайдалану қажет.
Ринолалияны түзетуде логопедиялық жұмыстың тиімділігі мұрын
жұтқыншақтың қалпы, uvula қызметі, баланың жасына байланысты.
Аралас ринолалия бір уақытта ашық және жабық ринолалия себептері
қатар болған жағдайда байқалады, яғни мұрын бітелуімен қатар мұрын-
жұтқыншақ қабысуының жеткіліксіздігі бар кезде болады.
Сөйлеу тілі
бұзылысының түрі басымдылық бұзылысқа байланысты болады. Жұмсақ
таңдайдың қысқа болуы, оның кілегей асты жарылуы және аденоидтардың
ұлғайуының үйлесуі аралас ринолалияның көрінісі болып табылады.
Ринолалияны түзету – педагогикалық жұмысын төрт кезеңге бөледі:
1
. Операцияға дейінгі дайындық кезең.
2. Операциядан кейінгі кезең. Дауысты дыбыстарды қою. Мұрындық
резонансты жою.
3. Дыбыс айтуын түзету, тыныс алуын, фонациясын және артикуляциясын
үйлестіру кезеңі.
4. Жаңа дағдыларды толық машықтандыру кезеңі.
Операцияға
дейінгі
логопедиялық
жұмыстың
мақсаты
–
патологиялық әдеттерін болдырмау және қалыпты сөйлеуін дамытудың
базасын (негізін) қалыптастыру. Бұл кезең келесі бағыттарда жүргізіледі:
1. операциядан кейін таңдай шымылдығын түйістіруге
дайындау және
жұтқыншақ бұлшық еттерін дистрофиядан сақтандыру;
2. ауа жолын бағытты шығаруға дағдыландыру және бұғаналық дем алуын
тежеу;
3. жұтқыншақ бұлшық еттерін қатайту;
4. дыбыстарды дұрыс айтуын, оральді праксисті дамытудың және
ауызқуысында тілдің алға қарай орнығуының алғы шарттарын жасау;
5. фонемаларды естіп қабылдау, ажырату.
Екінші кезеңде жүргізілетін логопедиялық сабақтардың негізгі
мақсаты – таңдай – жұтқыншақтың толық жабысуын, түйісуін дамыту.
Сабақ дауысты «
а», «э» дыбыстарын айтқызудан басталады. Алдымен
79
дыбысты асықпай, созып, орташа дауыспен ашық артикуляциямен айтады.
Үшінші, төртінші сабақтан дауысты дыбыстар қосарлап айтылады. Дауысты
дыбыстар мына кезектілікпен айтылады: «
а», «э», «о», «ө», «ы», «и», «у»,
«ұ».
Үшінші кезеңнің негізгі мақсаты – тыныс алумен сәйкестендіре
отырып дауыссыз дыбыстарды түзету. Осы кезеңде дыбыс айтуын түзету
мен қоса дұрыс дауыстау дағдыларын қалыптастырады. Ол үшін арнайы
фонопедиялық жаттығулар қолданады.
Төртінші кезеңнің негізгі мақсаты – жаңа дағдыларды толығымен
машықтандыру, үшінші деңгейде қойылған дыбыстарды ауызекі сөйлеуде
қолдану болып табылады. Әліде болса байқалатын ринофонияны жою және
жұмсақ таңдайдың қимылын дамыту үшін вокалды жаттығулар
қолданылады.
А.Г. Ипполитованың түзету жүйесі қзіргі кезде жиі қолданылады. Бұл
әдістеме баланың дыбыс айтуын түзетуде өте нәтижелі. А.Г.
Ипполитова
операцияға дейін түзету жұмысын жүргізу қажеттілігін алғаш негіздеген
авторлардың бірі. Бұл әдістеменің ерекшелігі тыныс алу мен
артикуляциялық жаттығуларды бірден қатар жүргізу, дыбыс кезектілігін
артикуляциясы ұқсас негізінде қалыптастыру болып табылады.
Жоғарғы еріннің және қатты тандайдың туа біткен жарықтары,
олардың баланың жалпы және сөйлеу тілінің дамуына тигізетін әсері. Жақ-
сүйек патологияларының ең жиі кездесетін түрлері қатты және жұмсақ
таңдайдың жарықтары болып табылады. Жылдан жылға бұндай
ақаулықтардың саны өсуде. Жақ – сүйек патологиясы сөйлеу тілінің дұрыс
дамуына кедергі болады.
Жарықшалардың түрлері. Қазіргі
кезде төменде көрсетілген
топтастыру қолданылады.
Туа біткен үстіңгі еріннің жарығы: жасырынды,
жартылай жарық (жарық мұрынның төменгі қуысына жетпейді): а)
мұрынның тері-шеміршек бөлімінің деформациясыз; б) мұрынның тері-
шеміршек бөлімінің деформациясымен; т
ұтас (толық) жарық (мұрынның
төменгі қуысы және кейбір кезде мұрын жолы түбінің шетіне дейін
жарықтың болуы). Жарықтар екі жақты және біржақты болуы мүмкін.
Әр түрлі себептерге байланысты болатын тілдік дамудағы артта
қалушылық:
- шала туғанда;
- ішкі органдардың асқынуына байланысты ауру жағдайларында;
- педагогикалық немқұрайлылық
.
Баланың
ішкі
органдардың
асқынуына
байланысты
ауру
жағдайларында, шала туғанда немесе ата-аналар мен үлкендердің
педагогикалық немқұрайлылықтарына
байланысты болатын тілдік
дамудағы артта қалушылық жағдайлар кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: