Абдуллина г. К



Pdf көрінісі
бет35/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

4. Дыбыс айтудың тотальді бұзылуы. Барлық дыбыстар мұрындық 
ренкпен айтылады, әсіресе дауысты дыбыстардың айтылуы бұзылады. 
Дауыссыз дыбыстардың айтылуы жоқ таңдай-жұтқыншақ қалқаншасына 
қарай тартыңқы болады. Соның салдарынан дыбыс айтылуы бұзылады, 
дыбыстар қырылдап шығады. Дыбыстарды алмастыру сирек кездеседі.
Ринолалияға шалдыққан балалар компенсаторлы құрал ретінде 
жұтқыншақ аймағындағы дем шығару жолында тарылу құрайды. Осы кезде 
ызың, ысқырық дыбыстар қауырт, жағымсыз ренкпен айтылады (М.Зееман). 
Қауырт дыбыстар ауаның қатайған дауыс перделерінің қаттарымен 
ысылуынан болады. Қысқа және шұғыл дем шығарған кезде олардың 
арасында шу пайда болады. Сонымен, ашық органикалық ринолалияда 
жарықтар артикуляциялық аппараттың қызметін патологиялық өзгерістерге 
соқтырып, сөйлеу тілнің ауытқуын ұлғайтатын фактор болып табылады.
Туа біткен жырықтардың анатомиялық өзгерістері тек сөйлеу-қозғалыс 
анализаторының шетінің жоғарғы бөлімде байқалады (жарықтың болуы, 
таңдай бұлшық ет кешенінің жеткіліксіз дамуы, тіс-жақ жүйесіндегі 
өзгерістер). Бұл анатомиялық өзгерістер сөйлеудің барлық үш жүйесінің 
(энергетикалық, генераторлық және резонаторлық) тұрақты функционалды 


77 
ауытықуларға әкеліп соқтырады. Бұл сөйлеу кезіндегі тыныс алуының 
түріне, дауысының және оның артикуляциясының ерекшеліктеріне әсерін 
тигізеді. Сонымен, ашық ринолалия және оның сипаты компенсаторлы 
бұзылыстарға байланысты болады: ауыз қуысындағы тілдің патологиялық 
қалпы, жұмсақ таңдай бұлшық еттер қимылының бұзылуы және сөйлеу-
қозғалыс анализаторының шетінің барлық бұлшық ет топтарының өзара 
әрекеттістігінің бұзылуы. 
Функционалды ашық ринолалияның шығу себептері әртүрлі болуы 
мүмкін. Бұған баланың сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстың айтылу кезінде 
жұмсақ таңдайдың болбырап босаңсуы мысал болады. Функционалдық 
ашық ринолалияның бір түрі – «үйреншікті» ашық ринолалия. Бұл тамақ, 
көмей бездерінің ұлғайып кеткен ісігін сылып тастағаннан кейін немесе 
дифтериядан кейін болған парезден пайда болады. Ол жұмсақ таңдайдың 
қимыл-қозғалысы ұзақ мерзімге дейін шектеулі болғанына байланысты. 
Ашық ринолалияның функционалдық тексеруінде қатты және жұмсақ 
таңдайында органикалық өзгерістер байқалмайды. Дауысты дыбыстардың 
айтылуының күрделі бұзылуы функционалдық ашық ринолалияның негізгі 
белгісі. Ал дауыссыз дыбыстарды айтқан кезде таңдай мен жұтқыншақ 
жақсы 
қабысады 
және 
олардың 
үндері 
мұрыннан 
шықпайды. 
Функционалдық ашық ринолалияның болжамы органикалыққа қарағанда 
едәуір қолайлы. Ол фониаторлық жаттығулардан кейін жойылады, ал дыбыс 
айтуының бұзылуы дислалияны түзетуінде қолданатын тәсілдер арқылы 
жойылады. 
Бітеу (жабық) ринолалияда барлық сөйлеу дыбыстарының айтылуы 
кезінде ауа ауыз арқылы өтеді. Бұл баланың мұрнымен тыныс алуы 
қиындағанымен түсіндіріледі. Мұрын қуысына өтетін жолды жауып 
тұратын полип, аденоидтың ұлғаю, мұрын қалқасының майысуы және 
басқалары себеп болуы мүмкін. Мұрын резонансы тұтас немесе жарым-
жартылай дауыс қалыптасу барысында өшеді, дауыс бір қатар обертонын 
жоғалтады, мұрын жолды дыбыстары («м», «н», «ң») бұрмаланып қатаң 
айтылады. Егер мұрын резонансы жоқ болса, онда бұл дыбыстар ауыздан 
айтылады б, б’, д, д. Бітеу ринолалияда дауысты дыбыстардың да дұрыс 
айтылуы бұзылады.
Бітеу ринолалияның екі түрін ажыратады: алдыңғы бітеу және артқы 
бітеу ринолалия. Алдыңғы бітеу ринолалияда ауаның мұрын қуысынан өте 
алмайтыны байқалады. Мұрынның артқы бөлігінің төменгі қабыршығының 
қалыптан тыс ұлғайып кетіп (гипертрофия), тұрақтап ұзаққа созылуынан 
(хроникалық), мұрын шеміршегінің майысуынан, мұрын жолының ісінуінен 
пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет