8
Динамикалық принципі. Баланың даму барысында ауытқушылықтың
байқалуы.
Сөйлеу тілі бұзылуын зерттеу және түзетуде келесі
дидактикалық
принциптер маңызды орын алады: көрнекілік, қолжетімділік, саналылық,
даралап тіл табу және т.б.
Логопедия әдістерін бірнеше топқа бөлуге болады:
1 топ – ұйымдастыру әдістері: салыстыру, лонгитюдиналды (даму
барысында зерттеу), кешенді.
2 топ – эмпирикалық әдістер: обсервациялық (бақылау),
экспериментальді (зертханалық, табиғи, қалыптастырушы, психологиялық
–педагогикалық), психологиялық – диагностикалық (тестер, анкеталар,
сұхбаттасу), биографиялық (анамнез бойынша
мәліметтер жинау және
оларға анализ жасау).
3 топ – жинаған мәліметтерді ЭЕМ қолдану арқылы сапалық және
сандық (математика –статистикалық) талдау.
4 топ - интерпретациялық әдістер, зерттеу құбылыстары арасындағы
байланысты теория жүзінде зерттеу тәсілдері (тұтас пен бөлшектердің,
жалпы құбылыс пен жеке параметрлердің, тұлға мен функциялар
арасындағы байланыс).
Зерттеудің шынайылығын қамтамасыз ету үшін
техникалық құралдар
кеңінен қолданылады: интонографтар, спектографтар, назометрлер,
бейнесөз, фонографтар, спирометрлер
және басқа да құралдар, сонымен
қатар біртұтас сөйлеу әрекетінің және оның бөлшектерінің динамикасын
зерттеуге мүмкіндік беретін рентгенокиносуреттер, глоттография,
кинематография, электромиография
.
Логопедияның басқа
ғылымдармен байланысы
Логопедия көптеген ғылымдармен тығыз байланысты. Сөйлеу тілі
бұзылыстарын алдын алу немесе түзету, тұлғаға жан-жақты әсер ету үшін
сөйлеу
тілі
бұзылыстарының
симптоматикасын,
этиологиясын,
механизмін, сөз және сөзсіз симптомдарының арақатынасын білу қажет.
Жүйелік байланыстың ішкі және сыртқы түрі болады. Ішкі жүйелік
байланысқа педагогика, арнайы педагогиканың әр түрлі саласымен
(сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогикамен); ана тіліне
және математикаға оқыту әдістемесімен; логопедиялық ритмикамен,
жалпы
және арнайы психологиямен байланысты. Сыртқы жүйелік
байланысқа медициналық-биологиялық және лингвистикалық ғылымдар
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: