Абдуллина г. К


 Баланың сөйлеу тілінің қалыптасып даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет5/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

1.2 Баланың сөйлеу тілінің қалыптасып даму кезеңдері 
 
Тіл – сананың барлық қасиеттерінің қалыптасуы мен болуының 
міндетті шарты. Тіл ойды білдірудің, пікір алысудың, қатынас жасаудың 
кең көлемде қолданылатын жалпылама құралы. Тіл дегеніміз – сөздік 
белгілердің жүйесі. Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тілді мектеп жасына 



дейін және мектептің алғашқы сатысында меңгерту арқылы бала келешек 
өмірге жолдама алады, мектепте білім алуға дайындалады. 
Өз зерттеулерінде А.А. Реан, В.Г. Каменская тіл өсіп келе жатқан бала 
психикасының жоғарғы бөлігін дамыту құралы екендігіне ерекше мән 
берген. Баланы ана тіліне үйрете отырып, оның интеллектісі мен жоғарғы 
эмоциясының бірдей дамуына көмектеседі де, мектепте жақсы оқуына, 
еңбекте творчестволық белсенділік көрсетуіне жағдай жасайды. Алғашқы 
даму сатысында кенже қалған тілдің орнын кейін толтыру мүмкін емес.
Тілді дер кезінде және сапалы меңгеру балада дұрыс психиканың 
қалыптасуымен және оның кейін жақсы дамуының алғашқы аса маңызды 
шарты. Дер кезі дегеніміз бала дүниеге келген алғашқы күннен бастау, 
сапалы дегеніміз тілдік материал көлемінің жеткілікті болуы және баланың 
әрбір жас кезеңіне қарай тілді меңгеруге деген мүмкіндіктерін толық 
пайдалану.
Тілдік қарым-қатынас негізінде баланың қоршаған әлем туралы 
түсінігі айқындалып, толықтырыла түседі, сонымен қатар тілдік және оның 
мағыналық бөлігі – сөздің танымдық үрдістері де дамиды. Ана тілі 
қоршаған өмірді сол өз күйінде өмірдегі заттар мен құбылыстардың 
байланыс пен қарым-қатынасын сезінуге көмектеседі. Сөз араласпаса бала 
өмірді түсінбейді. Қоршаған орта туралы білім адамның санасына ауызша 
түрде сөзбен жетеді. 
Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік 
қызметінің 
нәтижесі. 
Бұл, 
біріншіден, 
сөйлеу 
органдарындағы 
қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыстарды нәзік 
талдаудан; екіншіден, сөздік сигналдардың бөлшектенген элементтерін 
байланыстырудан көрінеді. Физиологиялық тұрғыдан сөздің мәнін И.П. 
Павлов былай түсіндіреді: «Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің 
түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтың бірінші сигналдары болып 
табылатын болса, онда тіл ең әуелі сөйлеу органдарынан ми қабығына 
баратын кинестизиялық тітіркенулер, екінші сигналдар – сигналдардың 
сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табылады 
да, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғары 
ойлауды құрайды». 
Нәрестелік кезеңде сөйлеу қабілетінің дамуы да басталады. Алғашқы 
жарты жылдықта сөзді есту қалыптасады, ал баланың өзі қуанышты 
сәттерде дыбыстар шығарады, оны «гуілдеу» деп атайды. Екінші жарты 
жылдықта көбінесе баланың әрекетімен байланысты қайталанушы 
дыбыстар пайда болады. Әдетте мағыналы ыммен былдырлай бастайды, 
бірінші жылының соңында бала үлкендер айтатын 10 - 20 сөзді түсінеді 
және өзінің алғашқы бірнеше сөздерін айта бастайды. 
Г.Б. Ибатова мен Г.М. Коржова «Дамуында түрлі ауытқулары бар 
балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері» - атты еңбектерінде 
баланың сөйлеу тілінің дамымауын екі кезеңге бөліп қарастырған:
1. сөйлеу тілі шыққанға дейінгі (туғаннан 1 жасқа дейін), 


10 
2. сөйлеу тілі шығатын (1 жастан жоғары). 
Сөйлеу тілі шыққанаға дейінгі дайындық кезең – пропедеватикалық 
кезеңде сөйлеу тілін меңгеруге дайындық (пропедевтика) пайда болады.
Үш – төрт айда нәрестеде гуілдеу, бес – алты айда былдырлау дамиды. 
Гуілдеу мен былдырлау рефлекторлы, баланың санасымен реттелмейді, 
сөйлеу аппаратының сөзсіз әрекеті барысында пайда болады. Гуілдеу 
кезеңінде «а», «ә», «у», «э» дауысты дыбыстарын, одан кейін ему 
актілерімен байланысты еріндік «п», «м», «б» дыбыстарын дыбыстайды. 
Былдырлау – белгілі бір дыбыстар кешенінің, дауысты және дауыссыз 
дыбыстар қосындыларының пайда болуы. Былдыр даму үшін естігенін 
бекіту керек.
Балада дауыс реакциясының пайда болуына байланысты сөйлеу 
көмегімен жүретін әлеуметтік байланыс реакциялары жасала бастайтынын 
көрсетті. Дауыс реакциясы сыртқы әсерлермен байланысты болғандықтан, 
құрамына кіретін ретсіз бүтіннен бірте-бірте дербес дауыс реакциясы 
бөліне бастайды. Құрамына дауыс реакциясы да кіретін көптеген ретсіз 
қозғалыстардан келе-келе жіктелген дербес дауыс реакциясы бөлінеді.
Дауыс реакциясы баланың қоршаған ортамен тепе-теңдігінің немесе 
оның бұзылғанын айқындайтын жалпы эмоциялы реакциясының белгісі. 
Дауыс реакциясының функциялары: 
 эмоциялылығы 
 әлеуметтік байланыс функциясы 
Бала өмірінің алғашқы жылында сөйлеуі толығымен негізінен 
инстинкті және эмоциялы шартсыз рефлекстер жүйесіне негізделген, 
олардан шартты дауыс реакциясы қалыптасады. Бала сөйлеуінің алғашқы 
фазасы бала ойының дамуымен ешқандай байланыспайды. 
Бала алдымен белгі мен мағына арасындағы сыртқы байланысты 
меңгереді және бұл шартты рефлекстің даму заңы бойынша, екі 
тітіркендіргіш арасындағы қарапайым байланыс арқылы жүреді. 
Сондықтан да алдымен затты ашу мен оны ұғыну жүреді, содан соң оның 
функциясы қалыптасады деуге болмайды. Іс жүзінде функцияны тікелей 
меңгеру өтеді де, тек соның негізінде ғана кейінірек затты ұғыну жүреді. 
Қарым-қатынас шеңберінде сөздің алғашқы шарттары пайда болады. 
Екінші айда-ақ былдырлаудың алғашқы белгілері байқалып, кейінірек 
еліктеу жолымен одан ана тілінің фонемелары көріне бастайды. Бір 
жастың аяғына қарай нәресте кейбір создерді түсіне бастайды. Бұл 
түсінгендік аталған зат тұрған бала басын бұруы немесе үлкендер атаған 
қимылды жасауды бастайды. 
«Тіл үшін, - деп жазады профессор М.М. Кольцова, - дамудың мұндай 
«қиын - қыстау» кезеңі бала өмірінің алғашқы үш жылы болып табылады: 
осы кезге қарай негізінен мидағы сөйлеу желісінің жетілуі аяқталады, бала 
ана тілінің басты грамматикалық формаларын меңгереді, мол сөз қорын 
жинайды. Егер алғашқы үш жылында сәбидің тіліне тиісті назар 


11 
аударылмаса, кейін олқылықтың орнын толықтыру үшін қыруар күш-жігер 
жұмсауға тура келеді».
Бірақ балаға дұрыс тілдік дамытуды үйретуші үлкендер кері 
байланысты да есте ұстауға тиіс: егер тілдік қарым-қатынас процесінде 
бала өзінің сөйлеу аппаратының - бұлшық еттерін жаттықтырса, яғни 
баламен сөйлесіп, оны тыңдаса, ми дамиды (интеллекті механизмі жетіле 
түседі). Бала дыбыстарды неғұрлым ертерек, шапшаң және дұрыс 
дыбыстауды үйренсе және дұрыс ырғағын дұрыс үндестірсе, ол соғұрлым 
ертерек іштей, тілді анағұрлым жоғары түрде меңгеруге қабілетті болады, 
өйткені іштей сөйлеу - сөйлеу қозғалысы, сөйлеу мүшелері бұлшық 
еттерінің жұмысы. 
Тіл еліктеу процесінде дамиды. Физиологтардың мәліметі бойынша, 
адамның еліктеуі - шартсыз рефлекс - инстинкт, (яғни тыныс алу, ему, 
жүту, және т.б. сияқты) үйретуді қажет етпейтін, туа біткен қасиет. Бала 
алғашында өзімен сөйлескен адамның (анасы, тәрбиеші) бет-жүзінен 
көрген артикуляцияға, сөйлеу қозғалысына еліктейді. Еліктеу - баланың 
мәдени дамуының негізгі жолдарының бірі; мінез-құлықтың бұрын 
өндірілген формасын бірінен екіншісіне механикалық ауыстыру, бұл 
дағдының қалыптасу процесі. 
Алғашқы кезде баланың сөздік қоры дамымай тұрғанда үлкендерге 
қоятын сұрағы көп болады. Ал екі жастың соңында бала 300 - ге тарта 
сөзді қолданады. Үш жасында 1500 сөзді пайдаланады. Алғашқы кезде 
сәбидің сөзі үлкендердің сөзіне аздап қана ұқсайтын болады. Мұндай 
сөзді дербес (автономиялық) сөз деп аталады. Автономды сөйлеу балада 
тез өзгеріске түсіп, жылдам жойылып кетеді. Айтылуы және мәні жағынан 
түсініксіз сөздер «үлкендердің» сөзімен алмаса бастайды Тіпті кейде 
үлкендер пайдаланбайтын сөздерді де қолданады. Мысалы олар мағынасы 
бірдей бір сөздің өзін үш түрлі етіп айтады («ням-ням», «мам-мам», «ня-
ня») «тамақ ішемін» деген сөзі және баланың мұндай дербес сөздері 
үлкендердің нағыз сөзінен бұрмаланып алынған сөз болады. Мысалы: 
«сүт- түт», «шәй-тәй», «ішемін-тем». 
Бала тілінің тез шығып, өз мағынасында дамуы дұрыс тәрбие 
жұмысына байланысты. Сөздік қорының молаюы, олардың психикасының 
дамуына да әсер ертеді. Сөздік қоры жақсы дамыған бала материалды 
жақсы қабылдап, есінде сақтап, зейінін шоғырландырып, кең көлемде 
ойлайтын, қиялы ерекше дамыған сезімтал болады. Өзінің қоршаған орта 
туралы түсінігі де кең болып, жан-жақты дамиды. 
Сәбилік шақта (1-3 жас) бала қарқынды дами бастайды. 1-ден 3- жасқа 
дейінгі аралықта баланың сөзді меңгеруінің өзіндік мәні болады. Бала 
айналасындағы құрбы-құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынас жасау 
арқылы өзін-өзі танып біледі. Психикалық дамуы үлкен өзгерістерге 
ұшырап, баланың ақыл – ойы жетіледі. 
Психологтардың зерттеуі бойынша, бала қай тілде қарым – қатынас 
жасаса сол тіл шын мәнінде бала үшін ана тіліне айналады. Алдымен 


12 
сөйлеудің дыбыстық жағы дамиды. Мектепке дейінгі кезеңнің соңында 
контексті сөйлеуге көшуге мүмкіндік болады. Бала тілдің грамматикалық 
жағын меңгеріп, үлкен сөздік қорын игеруі мәтіңді қайталап айтып 
беруіне, суреттеменің мазмұнын баяндауға, айналасындағылармен 
көргенін, алған әсерін ұғыңықты тілмен жеткізуіне мүмкіндік береді. 
Жалпы мектепке дейінгі кезеңде үлкендерге тиісті ауызша сөйлеудің 
барлық түрін меңгереді. Монолог сөйлеу, әңгіме айту дағдысы 
қалыптасады. Ол үлкендерге көргенін жеткізіп қана қоймайды, сонымен 
қатар сол нәрсеге байланысты өз алған әсерін де жеткізе біледі. 
Құрбыларымен қарым – қатынас кезіңде диалогты сөйлеуі дамиды. 
Эгоцентрикалық сөйлеу балаға әрекеттер жоспарлап, жүйелеуге 
көмектеседі. Бала алдағы әрекеттің жоспарын құрып, міндеттерін орындау 
тәсілін талқылайды, сөздердің жаңа формаларын қолдану, ашық түрде 
айту, осы кезеңдегі балалардың қарым – қатынасының жаңа міндеттеріне 
байланысты. 
Ситуациялық сөз дегеніміз өзара әңгімелесіп отырған адамдардың 
өздеріне ғана түсіңікті сырттан келгендер бұл жағдайды түсінбейтін 
түсініксіз сөз. Ситуациялық сөйлеуге тән қасиет жобалап қана түсінуге 
болатын бастауышы түсіп қалған сөз. Бірақ ол көпшілік жағдайда 
есімдікпен ауысады, яғни «ол, олар» деген сөздерді пайдаланады.
Тілдік материалдар негізінде байланысты сөйлеу ішкі сөйлеумен 
тығыз байланыста болады. Бес жастағы балалардың ойы тілдің 
қозғалуымен еріннің жыбырлауы және өз ойын сыбырлап сөйлеу арқылы 
жүзеге асады. Өйткені адам өзінің ойының мазмұнын жақсы біледі. 
Балалар үшін ішкі сөйлеу өте қысқа және икемді болады. Атақты 
психологтар А.А. Люблинская, Л.С. Выготский, Жан Пиаже 
зерттеулерінде төрт - алты жастағы балаларда эгоцентрлік сөз формасы 
басым болады. 
Француз ғалымы П.Брок «адамдардың ми сыңарларының сол жақ 
бөлігінде (маңдай қыртысның төменгі жағында) адамның дыбыстап сөйлей 
алуын басқарып тұратын жүйке орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген 
анализаторлардың (көру, есту, қозғалыс т.б.) бірлескен, қызметін қажет 
етеді» дейді. Неміс ғалымы К.Вернике басқа біреудің сөзін есіту мидың 
сол жақ сыңарындағы самай бөлігінің арт жағына орналасқан жүйке 
орталығының қызметіне байланыстылығын айтады.
Француз ғалымы П.Брок (1861 ж.) адамның ми қабығындағы сол 
жақ жарты шардың маңдай алабының үшінші бөлігінде, төменгі 
қатпарларда дыбысты дұрыс айта алмай, сөйлеуде қиналатынын 
анықтаған. П.Брок мидың бұл бөлігін «сөздерді бейнелеудің қозғаушы 
орталығы» деп атады. Кейінірек, 1874 жылы К.Вернике мидың осы 
бөлігінің самай жағындағы жоғары қатпарында сөздердің бейнелерін сезіп 
білу орталығы орналасқан деген қорытынды жасады. Дегенмен, мұндай 
көзқараста мен зерттеулердің жеткіліксіздігін Д. Джексон (1835—1911 
ж.) сынаған болатын.


13 
Одан кейінгі кездерде физиологтар мен психологтар П.К. Анохин, 
Н.А. Бернштейн, А.Р. Лурия, А.Н. Леонтьев, Д.Н. Узнадзе, АҚШ-та Дж. 
Миллер т.б. өз зерттеулерінде сөйлеу әрекеті жөніндегі Брока мен Вернике 
түсініктерінің дәлелдері жеткіліксіз екендігін ашып көрсетті. П.К. Анохин 
сөйлеу әрекетінің физиологиялық механизмін арнайы және бірнеше 
қызмет атқаратын өте күрделі, сөйлеуге арналған жүйе ретінде түсіндірді. 
Ал екінші бір жүйе оны қамтамасыз етіп отыратын әрекет орталықтары 
екенін дәлелдейді. Сөйлеу механизмі Н.И. Жинкиннің зерттеуі бойынша 
аса күрделі, әрі сатылы процесс. Сөздерді қабылдау мен түсіну күрделі 
механизмдер арқылы жүзеге асып отырады. 
Вернике мен Брока ашқан ми бөліктері мидың сол жақ жартышарында 
орналасқан, сөйлеу және есту қабілеттеріне жауап беретін ми қыртысының 
бөліктері сол жақ жартышарда шоғырланатынын көрсетеді. Негізі, тілдік 
латеризация бұған қарағанда әлдеқайда күрделі дүние. Тілдік қабілеттер 
негізінен мидың сол жақ жартышарында шоғырланған. Тілдік 
орталықтар көбінесе адам миының сол жақ жартышарында 
орналасқанымен, бұл барлығына бірдей ақиқат емес. Сол жақтық 
латерализация оңқай ер адамдардың 95% және оңқай әйел адамдардың 
90%-на тән болса, солақай ер адамдардың 73% және солақай әйел 
адамдардың 61%-ның сөйлеу және есту қабілеттеріне жауап беретін 
орталықтар оң жақ жартышарда орналасқан. Осылайша, адамның жынысы 
мен «қай қолмен жұмыс жасауы» тілдік латеризацияға әсер етеді. Оған 
қоса, адам жасы да тілдік латеризацияға өз әсерін тигізеді. Адамның 5 - 20 
жас аралығында тілдік латеризация басым түсетін ми жартышарына қарай 
өседі, кейін 20 - 25 жас аралығында ол өсуін тоқтатады. 25 жастан кейін 
доминантты жартышардағы тілдік латеризация біртіндеп өше бастайды.
Бұл процесс 70 жасқа дейін жалғасады.
Поль Броктың танымал жұмысынан кейін оң қолдыларда сөйлеу 
орталықтары сол жартышарларда, ал сол қолдыларда – оң жақ 
жартышарларда орналасады деген пікір қалыптасты. Бұған дәлел – 
көптеген клиникалық бақылаулардың нәтижелері. Оң қолдың параличі 
кезінде афазия пайда болды, ал сол қол параличі кезінде бұндай құбылыс 


14 
байқалмайды. Алайда бұдан соң басқа да мәліметтер жинақтала бастаса, 
онда оң қолдылардың жартышарларында сөйлеуді жүзеге асыратын 
орталық бар деп есептеліне бастады. 
Адамның сөйлеуі күрделі психологиялық процесс және жоғары 
жүйке қызметімен байланысты, сөйлеу орталықтары мидың түрлі 
алқаптарында орналасқан. Бала сөйлеуінің дамуы бірнеше сатылардан 
тұрады: 
Алғашқы кезеңде сөз нақты затты алмастырады және осы кезеңде 
сөздің функциясы бірінші қатардағы интегратор (біріктіруші, 
байланыстырушы) функциясын атқарады. Алғашқы саты — сөйлеуге 
дейінгі кезең, баланың 2 айлығынан 11- айға дейінгі сатысы деп аталады. 
Екі айдан бастап баланың сыртқы ортаға қызығушылығы қалыптаса 
бастайды. Ғалымдар балалар қажеттілігінің ішінде аффилиативті 
қажеттілікке (қарым – қатынас және эмоциялық қажеттілігі, адамдар 
арасында болуға ұмтылу) ерекше мән береді. Бірінші дыбыс 
артикуляциясының әрекет жасауы 2 – 3 айында гуілі белгіленеді, одан 
кейін 5 айдай шамасында бала үлкендердің ерін артикуляциялық 
қозғалыстарын қайталауға тырысады. Бұл бірнеше қайталау қозғалыстары 
және қозғалыс дағдысының қатаюына әкеледі. Алты айдан бастап бала 
бөлек буындарды анық айтады (мысалы: а – па, а – та, ма-ма, ә-ке және 
тағы басқа), және ақырындап үлкендерден тек барлық сөз элементтерін 
ғана емес, сонымен қатар интонацияны, ритмді, екпінді ұға бастайды.
Балаларда 
сөзге 
деген 
шартты 
рефлекстер 
мен 
сөздік 
тітіркендіргіштер пайда болады. Кез-келген затты оның атауымен атай 
отырып ұсыну заттың өзі жайлы мәлімет береді. Жүйке жүйесіне 
тітіркендіргіштердің тікелей әсер етеуі тікелей реакция тудырады. 
Алғашқы кезеңде шартты рефлекстер бірінші сигнал жүйесі деңгейінде 
жүзеге асырылады және бұл құбылыс тітіркендіргіштердің тікелей 
вегетативті және соматикалық реакциялармен байланысқа түсеуімен 
түсіндіреді. Ж. Пиаже бала өмірінің бірінші жылын «солипсизм» - 
«баланың абсолютті эгоцентризмі» - деп аталған. Ал Л.С. Выготский бір 
жастағы баланың қарапайым өмірлік қажеттілігі тек қана анасының қарым-
қатынасы негізінде қалыптасатынын анықтаған.
Л.С. Выготскийдің көзқарасына сүйене отырып, М.А. Лисина бала 
психикасы дамуының жетекші факторы – қарым қатынас қажеттілігі екенін 
дәлелдейді. Қарым–қатынас мотивы үш негізгі қажеттіліктерді қамтиды: 
- әсерлер қажеттілігі танымдық мотивтер; 
- қолдау мен тануды талап ету қажеттілігі (6 айға дейін) жеке баланың 
мотивтері; 
- белсенді әрекеттерге қажеттілік (6 – 7 айдан 2 жасқа дейін) іс-әрекет 
мотивтері. Бір жастың екінші жартысында (6 - 7 айдан кейін) бала сөздік 
тітіркендіргіштерді вегетативті және соматикалық реакциялардың әсері 
арқылы қабылдайды. Осы кезде жаңа шартты байланыстар қалыптаса 
бастайды: сөздік тітіркендіргіштер → сөздік реакция. 


15 
Бір жастың соңына қарай (8 айдан кейін) балалар үлкендердің сөзіне 
приматтар тәрізді еліктей бастайды. 9 - 10 айында бала бөлек сөздерді 
бірдей жұпты буындармен айтады (мысалы: ма - ма, па - па және тағы 
басқа). Бұл жылда сөздік қоры 10 - 15 сөзден тұрады. Ал белгілі ғалым А.Н. 
Леонтьев бұны «даярлық кезеңі» дейді, себебі бұл уақытта сөзді меңгеру 
дайындығы өтуде. Белгілі бір затты немесе өзінің жеке жағдайына қатысты 
құбылыстарды жеке дыбыстар арқылы білдіреді. Осыдан кейін балаларда 
сөзді дыбыстау басталады. 
Екінші саты — баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі, 11 айдан 1 жыл 7 
айға дейінгі аралық. Ал сөздің екінші қатардағы интегратор функциясына 
немесе «сигналдардың сигналына» айналуы 1 жыл 7 айдың аяғында болады. 
Сөздің екінші реттік интеграторлық функциясына өтуі үшін 15 шартты 
байланыстардан кем болмайтын қалыптасқан белгілер қажет. Бала бұл кезде 
әртүрлі заттар мен қарым - қатынасқа түсе алуы қажет және сол заттың 
атауын қолдана білуі қажет. 1,5 жастан 2 жасқа дейінгі кезде бала кез - 
келген затты немесе соларға қатысты көңіл - күйлерін бір сөзбен айтады. 
Біраздан кейін сөздердің дифференцациясы басталады және сезімдерін, іс - 
әрекетін, заттарды білдіретін сөздер ажыратыла бастайды. Осыған қатысты 
психофизиологиялық тұрғыдан тікелей тітіркендіргіштік сөздік реакция (Т -
С) типіндегі жаңа байланыстар пайда болады. Егер балада қалыптасқан 
шартты белгілер саны аз болса, сөз сөйлеуі символ (кез-келген 
алмастыратын белгі) ретінде қалып қояды. 2 жасқа келгенде баланың сөздік 
қоры 200 немесе оданда көп сөздерге жетіп ұлғая бастайды. Осы кезде 
қарапайым сөздік байланыстар біріктіріліп, сөйлемдер құрауды меңгереді. 2 
- 3 жас кезеңінде сөздік дағдылардың қалыптасуы мен сөздік қордың 
молаюынан сөздік интегративті әрекеті күрделене түседі: заттардың түсіне, 
түріне, арақашықтыққа, көлем мен салмақ сияқты қатынастарға шартты 
рефлекстер қалыптасады.
Үшінші сатыда бала тілдің грамматикасын меңгере бастайды. 3 және 4 
жас аралығында баланың үшінші реттегі интегратор функциясы 
қалыптасады, сөздердің мән-мағынасын және қолданылуын, жеке сөздердің 
қызметін де түсіне алады. Бала тілінің шығуы - онын дүниетаным шеңберін 
кеңейтіп, сөйлеу тілін дамытады. Бұл кезеңде бала көптеген сөздердің 
мағынасын түсінеді. 3 жастың аяғына жеткен кезде баланың сөздік қоры 500 
- 700 сөзге жетеді. Осы кезде сөздік реакциялар тек қана тікелей 
тітіркендіргіштерге ғана емес, сөзге де әсер етеді. Балада сөздік 
тітіркендіргіш сөздік реакция типіндегі жаңа байланыстар қалыптасып, бала 
сөйлеуді меңгереді. 
3 - 4 жасар балаларда әртүрлі қозғалыс стереотиптері қалыптасады 
және шартты рефлекстердің ішінде уақыт байланыстары басқаларына 
қарағанда басым болады. Ал кері байланыстар кейінірек пайда болады 
және осылардың арасындағы қарым-қатынас немесе тепе теңдік 5 - 6 жасқа 
келгенде теңеледі. Балалар 4 жасында фразалармен еркін сөйлейді, 
олардың сөйлемдері біршама қиын. 5 жасында дыбыс шығаруы дұрыс 


16 
дамиды және күрделі ұғымдардың байланыстары қалыптасады. Онтогенез 
үрдісі барысында екінші сигнал жүйелерінің біріккен әрекеттік дамуының 
бірнеше фазалары айқындала бастайды.
Зерттеуші ғалымдардың кейбір тобы, баланың сөйлеу тілінің дамуын 
екі негізгі кезеңге бөледі: - сөйлеу тілі шыққанға дейін (туғаннан бір жасқа 
дейін) және сөйлеу тілі шыққан кезең (бір жастан кейін).
Сөйлеу тілі шыққанға дейін кезде баланың сөйлеу тілін меңгеруге 
дайындық жүреді. Яғни, туғаннан бастап, үлкен адамдардың сөйлеу 
тілінен (сөздің мелодикасы, интонациясы) бөлек, айқай мен жылау арқылы 
дауыс реакциялары пайда болады. Нәрестенің жылауы мен айқайы 
перифериялық аппараттың энергетикалық, генераторлық резонаторлық 
жүйелерінің сапалы дамуына әсерін тигізеді. Баланың тілдік сөйлеу 
әрекетінің қалыптасып дамуы бір-бірімен тығыз байланысты үш кезеңнен 
тұрады: 
- мектепке дейінгі 1 жастан 3 жасқа дейін; 
- мектепке дейінгі 3 жастан 7 жасқа дейін; 
- мектептік кезеңдегі 7 жастан 17 жасқа дейін. 
Баланың сқйлеу тілі дыбысты айту, сөздік қоры және грамматикалық 
дағдыларын құрайтын компоненттердің негізінде дамиды.
Іштей сөйлеу сыртқы сөйлеу негізінде қалыптасады. Сыртқы сөйлеуді 
ішкі сөйлеуге айналдыру — интериоризация деп аталады. Мұндай 
ауыстыру балаларда шамамен үш жаста байқалады, яғни балалар өзімен-
өзі сөйлесе бастайды. Бұл сөйлеу бірте - бірте азая келіп, іштей сөйлеу 
формасына айналады. Іштей сөйлеудің сыртқы сөйлеуге алмасуы 
экстериоризация деп аталады. Экстериоризация дағдысы ұзақ жаттығуды 
қажет етеді. Іштей сөйлеуде ой адамның өзіне түсінікті болады, алайда осы 
ойын өзгелерге білдірмек болғанда көбінесе өзге адам мұны ұқпайды, тіпті 
сөйлеушінің өзі кейде басқа бір нәрсені айтып тұрғанын сезінеді. Бұл 
қиындық іштей сөйлеуге тән, яғни адамның өзіне ғана түсінікті, қысқа 
тұжырымдалған ойды көпшілікке түсінікті болуы үшін кеңейтілген 
грамматикалық және логикалық формада жеткізу қажеттігіне байланысты. 
Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу мүшелері дамиды. Жалпы, 
дүниеге келген сәби еріксіз дыбыс шығарады: қарнының ашқанын, 
ауырғанын немесе тағы да басқа әрекеттерін айғай салуы, жылау, 
қыңсылау және басқа да дыбыстар арқылы білдіреді. Бұл дыбыстар 
сөйлеудің ізашары болып табылады, олардың интонациялық мәнерлігіне 
қарап анасы баласының қарнының ашқанын, оның бір жерінің ауырып 
тұрғанын және тағы басқаны ұға алады. Бірақ та бұл дыбыстардың әлі де 
ешқандай сөйлеуге қатысы жоқ болса да, олар өте маңызды. Ол нәзік және 
әртүрлі қозғалысты сөйлеу мүшелерінің дамуына себеп болады: тыныс 
алу, дыбыстық және артикуляция мүшелері. Бала дауысқа өте тез үйренеді 
және бірінші айдың аяғында сөйлеген дауысқа әрекет ете бастайды. Балаға 
еркелік интонация ұнайды, әуенді ән оның тынышталуына және 
ұйықтауына көмектеседі. Тағы да біраз уақыт өткеннен кейін бала дыбыс 


17 
шыққан жаққа қарай басын бұрып немесе көзімен оны қадағалайды. 
Егерде баланың бір жері ауырса, мазасызданса бала жылай бастайды. 
Баланың сыртқы дүние әсеріне реакция жасауы жылаудан басталады. 
Жылаудың әсерінен баланың тыныс мүшелері мен сөйлеу органдары нығая 
түседі.
Өз зерттеулерінде А.А. Реан, В.Г. Каменская тіл өсіп келе жатқан адам 
психикасының жоғарғы бөлігін дамыту құралы екендігіне ерекше мән 
берген. Баланы ана тіліне үйрете отырып, оның интеллектісі мен жоғарғы 
эмоциясының бірдей дамуына көмектеседі де, мектепте жақсы оқуына, 
еңбекте творчестволық белсенділік көрсетуіне жағдай жасайды. Алғашқы 
даму сатысында кенже қалған тілдің орнын кейін толтыру мүмкін емес.
Ақыл – ой тәрбиесінің жетекші қозғаушы күші саналатын бала 
тілінің дамып жетілуінің маңызы зор. Балалардың тілін дамытуды жан-
жақты зерттеген Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, Д.Б. 
Эльконин, А.В. Запорожец, Е.И. Тихеева, Е.А. Флерина, Ф.А. Сохин, О.С. 
Ушакова өз зерттеулерінде тілдік дамудың үш бағытына көңіл бөлген:
- құрылымдық (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық), 
- функционалдық (тілдік дағдылардың қалыптасуы, байланыстырып 
сөйлеу, сөздік қарым-қатынас), 
- когнитивтілік, танымдық (қарапайым тіл құбылыстарын түсіну 
қабілетін қалыптастыру). 
Балаларды әр түрлі әрекеттерге баули отырып, ойын түрінде қарым–
қатынасқа қызықтыру үлкендердің міндеті. Әсіресе, ойынның алатын орны 
ерекше. Ойын арқылы қарым–қатынасқа түсе отырып, бала тіл арқылы 
өзінің мінез–құлқын бағыттау мен реттеуді үйренеді.
Балаларды мектепке дайындауда оқу қызметін меңгеруге қажетті
жеке қасиеттерді тәрбиелеу және баланың толыққанды қалыптасуы
үшін тілдік даму ортасының өзіндік маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет