Абдуллина г. К


Меңгерген білімді бекітуге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет9/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

Меңгерген білімді бекітуге арналған сұрақтар: 
1. Логопедияның ғылыми зерттеу обьектісі. 
2. Логопедиялық әсердің негізгі бағыты. 
3. Сөйлеу тілінің бұзылуы жөнінде алғашқы мәліметтер. 
4. Қазақстанда балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктерін 
зерттеуші ғалымдар. 
5. Логопедия ғылымының негізгі принциптері және әдістері. 
6. Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілінің дамуы ерекшеліктері. 
7. Сөйлеуге даярлық кезеңі. 
8. Балалның дыбыстық дағдыларының қалыптасу ерекшеліктері. 
9. Ішкі және сыртқы сөйлеудің өзара байланыстылығы. 
10. П.Броктың және К.Верникенің орталықтары. 
11. Бала сөйлеуінің дамуы сатылары. 
12. Балалардың тілін дамуын жан-жақты зерттегенРесей ғалымдары. 
13. Баланың тілдік даму ортасы. 
14. Сөйлеу тілінің психофизиологиялық механизмдері. 
15. Сөздің қозғалыс импульстары және кері афферентті байланыстар. 
16. Ми сыңарларының симметрия мен доминантты қасиеттері. 
17. Перифериялық тілдік аппараттың жүйелері. 
ІІ. ТІЛДІК КЕМІСТІКТЕР ЖӘНЕ ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ 
 
2.1 Күрделі тілдік кемістіктердің этимиологиясы мен 
патогенезі 
 
Кемістіктер жайлы дефектология ғылымының зерттелу тарихы XVIII 
ғасырдан басталады. Бұл саланың ғылым ретінде калыптасуы Ж.Итар, 
Ж.Эскирел, Ж.Демор, Э.Крепелин, Э.Сегеи, В.К.Кащенко, JI.C.Выготский, 
А.Р.Лурия, А.Н.Граборов, М.Монтессори т.б. ғалымдардың есімдерімен 


24 
байланысты. Қазақстандағы дефектология саласын зерттеуші ғалымдар: 
Ж.Ы. Намазбаева, Р.А. Сулейменова, К.Д. Өмірбекова, К.Б. Бектаева және
т.б. 
Логопсихология — алғашқы кемістік ретінде, сөйлеуінде бұзылуы бар 
адамдардың психикалық ерекшеліктерін зерттейтін, арнайы психология 
саласы. Логопсихологияның міндеті– әртүрлі тілдік патологиялары бар 
адамдардың, балалардың психикалық даму ерекшеліктерін қарастыру, 
тілдік кемістіктерге ерте жастан психологиялық коррекция жасау, алдын-
алу әдістемелерін даярлайды.
Тілдік кемістіктері бар балаларды зерттеп карастыру ici, XIX 
гасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қолға алынды. Аталған 
патологияның терминологиялық қамтамасыз eтілуі бірыңғай емес: 
мысалы, отандық әдебиеттерде 1920 ж. баланың cөйлеуi қалыптасқанға 
дейінгі кезде, мидың органикалык зақымдануы салдарынан пайда болатын, 
ауыр тілдік жетілмеуді белгілеу үшін «алалия» термині енгізілді (Д.В. 
Фельдбергер), ал шетелдерде бұл патология «даму афазиясы», «cөйлeyдiң 
конституциональды тежелуі», «туа біткен афазия» деп аталды (А.Л.Бентон, 
Ф.Жияр, Ф.Кохер т.б.). Аталған категорияга жататын балаларға, адекватты 
коррекциялық-педагогикалык көмек беру мен әлеуметтендіру тұргысынан 
қарағанда, ең маңызды болып саналатын нәрсе – бірінші кемістік - тілдік 
жeтiлмeyдiц баланың интеллектуалды дамуына ықпалын шеттету. 
Логопсихология тарихында, осы мәселе төңірегінде қарама-қайшы 
пікірлер болды. 
Сөйлеу тілі бұзылыстарын зерттеген кезде сөйлеудің пайда болуының 
қай операциясы зақымдалғанын анықтау қажет. Логопедияда сөйлеудің 
тууының Л.С. Выготский, А.А. Леонтьев, Т.В. Рябованың модельдері 
пайдаланылады. Л.С. Выготский ой мен сөз арасындағы байланысты ойдан 
сөзге қарай және кері қимыл-қозғалыс үрдісі деп қарастырған. Ол 
сөйлеудің сыртқы (физикалық) және семантикалық (психикалық) 
жоспарын ажырата отырып, қимыл-қозғалыстың келесі жоспарын 
белгілеген: түрткі – ой - ішкі сөз – сыртқы сөз
Сыртқы 
сөйлеуде 
грамматикалық 
және 
семантикалық 
(психологиялық) құрылысының өзара байланысы көрінеді. Семантикалық 
жоспардан сыртқы сөйлеуге көшудің өтпелі құрылысы ішкі сөйлеу тілі 
болып табылады. Л.С. Выготский ішкі сөйлеуге терең талдау жасап, оған 
тән ерекшеліктерін ашып көрсетті. 
Сөйлеу процесінің құрылымына негізделе отырып Л.С. Выготский, 
А.А. Леонтьев сөйлеудің келесі пайда болатын операцияларын ажыратады: 
түрткі – ой (сөйлеу интенциясы) – іштей бағдарлама жасау – лексикалық 
күшейту және грамматикалық құрастыру – моторлы іске асыру – сыртқы 
сөйлеу. 
А. Куссмауль, П. Мари, М.В. Богданов-Березовский, сондай-ақ қазіргі 
замандағы зерттеушілер: Р.А. Белова-Давид, Е.А. Кириченко, бұл 
бұзылудағы жетекші рөлді «жалпы органикалық зияткерлік кемістік» 


25 
атқаратынын керсетеді. Авторлар сөйлемейтін және нашар сөйлейтін 
балалардың сөйлеу үрдістерінің басқа да психикалық үрдістер жетілмеуіне 
маңызды анықтай келе, сөйлеу кемістігімен қатар ақыл-ойдың кемістіктері 
және психикалық дамудың тежелуі байқалады деп санайды.
Ал, екінші пікір иелері алғашқы сөйлеу кемістігі, сөйлеу қызметінің
айқын жетілмеуі немесе мүлде болмауы бар балалардың психикалық даму 
деңгейлерін бағалай келе, мұндай балаларды ақыл-ойыныңкемістігі бар 
балалар категориясына жатқызған. Сөйлеуі бұзылған балалардың 
психикалық кемшіліктерін алғаш зерттеушілердің бірі Р.Е. Левина. Автор 
мектеп жасындағы сөйлемейтін алалик балалардың төрт тобын 
қарастырады. Балалардың сөйлеуі мен психикалық қызметтерінің 
зақымдану деңгейлеріне қарай танымдық даму ерекшеліктерін келесі 
топтарға бөліп қарастырған: 
1. сөйлеу дамуының бұзылуы, фонемалық қабылдаудың бұзылуымен 
ұласқан; 
2. сөйлеудің бұзылуымен қатар кеңістікті бағдарлауы және түсініктері 
бұзылған; 
3. көру арқылы қабылдау қабілеттерінде бұзылу бар; 
4. сөйлеу қабілеті мен мотивациялық (түрткі) қажеттілік саласы 
бұзылған (психикалық белсенділікте). 
Р.Е. Левина сөйлеу дағдылары қалыптасқаннан кейінгі тілдік бұзылуы 
бар балалардың танымдық әрекеттерінің дамуындағы ауытқуларды екінші 
кемістіктер ретінде қарастырған. Екінші кемістіктердің бірінші кемістіктер 
негізінде қалыптасатындығы басқа да ғалымдардың: Т.А. Власова, В.И. 
Лубовский, Л.С. Цветкова, И.Т. Власенко және т.б. еңбектерінде 
зерттелген.
Тілдік кемістіктердің шығу себептері адам миының эндогенді және 
экзогенді зақымдану, жарақаттану, улану дәрежелеріне байланысты әртүрлі 
болады. Ауытқулар эмбриондық даму кезеңінде немесе жүре келе туғаннан 
кейін, ерте жастағы балалық шағында, залалды тұқым қуалайтын және т.б. 
факторлардың әсерінен пайда болады. Кемістіктердің (этиологиялық 
факторлар) бала дамуының қандай кезеңдерінде әсер еткенін анықтау үшін, 
төмендегідей зақымдану кезеңдері белгіленген:
1. Пренатальдық зақымдану кезеңі: 
- Залалды тұқымқуалаушылық (гендік және хромосомалардың саны 
мен сапасының патологиялық өзгерулері); 
- Ата-анасының созылмалы аурулары және олардың алкоголизм, 
наркомания, шылым шегу сияқты зиянды әдеттерден ағзалардың 
улануы. Е.М. Мастюкованың еңбектерінде ішімдік пен никотинді 
қолдану, құрсақтағы баланың жүйке-психикалық дамуына кepi әсерін 
тигізіп, нәтижесінде тіл мүкістігіне әкеп соқтыратыны туралы
айтылады. Ішімдік синдромымен дүниеге келген баланың дене 
салмағы, нормадан анағұрлым кем, дене бітімi мен психикалық
дамуында тежелу болады. Бұл балалардың жалпы тіл кемістігі, 


26 
қимыл-қозғалыстың бұзылуымен, аффективті қозғыштыкпен және 
жұмыс icтey қабілетінің төмендегенімен көрінеді; 
- Болашақ ананың жүктілік кезінде психикасының, жан дүниесінің 
күйзелуі, жарақаттануы, зақымдануы, жұқпалы вирус ауруларымен 
(токсоплазмоз, туберкулез, мерез, СПИД, т.б.) сырқаттануы; 
- Ананың дұрыс тамақтанбауы (біржақтылық, минерал заттардың,
витаминдердің жетіспеушілігі т,б.) ашығуы, дистрофиясы, әртүрлі 
себептерге байланысты күтінбеуі, құрсақ ішінде дамып келе жатқан 
балаға қажетті қоректік заттардың жетіспеушілігін тудырады; 
- Ана мен ұрықтың қандарындағы резус фактордың сәйкес келмеуі; 
- Екіқабат кезіндегі анасының бүйрек қызметі әрекетінің бұзылуы
(нефропатия); 
- Әртүрлі 
зиянды заттармен улануы, экологиялық қолайсыз 
жағдайлардың әсері; 
- Ата анасының ертеде немесе соңғы жылдарда жұмыс бабында әртүрлі 
профессионалдық (улану, оттегінің жетіспеуі, ауыр жүк көтеруі, т.б.) 
ауруларға ұшыраулары. 
2. Натальдық зақымдану кезеңі: 
- Толғақтың өте тез басталуы мен аяқталуы, басқа да патологиялық 
ауытқулары немесе ұзаққа созылуы; 
- Әртүрлі стимуляциялық көмек әдістерін қолдану (қысқыш салу, 
вакуум, т.б.); 
- Бала 
кіндігінің 
мойнына 
оралуы 
салдарынан 
тұншығуы 
(асфиксия);Акушерлік көмектің дер кезінде және сапалы болмауы, т.б. 
3. Постнатальдық зақымдану кезеңі: 
- бала туғаннан кейін өсу кезеңдерінде, әсіресе алғашқы 1-2 жылда 
әртүрлі зиянды себептердің әсерінен кемтарлыққа ұшырауы. 
Балалардың cөйлеуi қалыптасқаннан кейінгі кезеңде, мидың тілдік 
аймақтарына (ауыр соққылар, жарақаттар) зақым келсе, сөйлеудің мүлдем 
жойылуы, яғни афазия пайда болуы мүмкін.
Балалардың өмip сүру ортасындағы зиянды әсерлер сөйлеудің 
қарқынды дамуы кезеңіндегі психикалык депривация, сөйлеудің тежелуіне 
әкеп соқтырады. Сондай-ақ, егер бұл факторлар церебральды-органикалық 
кeмшiлiктepмeн немесе генетикалық бейімділікпен асқынатын болса, онда 
сөйлеудің кeмicтігi анағұрлым күрделі, әpi тұрақты сипатқа ие болады.
Сөйлеудің жалпы жетілмеуі әдетте, мидың резидуальдық-
органикалық зақымдануының нәтижесінде болады (бұл терминмен 
аяқталған патологиялық үдеріс нәтижeciндe пайда болатын күйлер 
аталады). Интеллектуалды кемістігі бар балалармен салыстырғанда, 
балалардың 
ОЖЖ 
(орталық 
жүйке 
жүйесінің) 
органикалық 
зақымдануларынан қалдығы - минимальды ми дисфункциясы (ММД) 
сияқты көріністep байқалады. 
Мидың немесе ми қабықтарының ісктері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет